Дістемелік материалдар


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР



бет55/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Еліміз егемендік алып, тіліміздің мәртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына кең жол ашылды, қазақ тілі - мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткізді. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Еліміздің өркендеуі жолына үлестерін қосып, халық үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі заңдылық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Маманның ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген болатын. Ал қазақстандық азаматтар үшін мемлекеттік тілді білуі біліктілік қағидаларының бірі ретінде аса маңызды шарттарының бірі болуы заңды талап. Жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек. Қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді.
Әдіс ұғымының мағынасы кең. Біздің саламызда білім берудің, тәрбиелеудің және үйренушілердің білімін көтерудің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйретуші мен үйренушінің өзара бірлескен іс-қимыл жиынтығы - оқыту әдісі болып табылады. Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамдас бөлігінің бірі. Әдіс – тілді оқытудың мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын және оларға қол жеткізудің амалдарын айқындайтын бағыттар.
Елбасының халыққа Жолдауында «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі күн талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту-тілдік тұғырнаманы қалыптастыру болып отыр.
Қазақ тілі пәнінің мемлекеттік 2010 жылы шыққан бағдарламасында мынадай анықтама берілген: « «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат».
Бұл жердегі коммуникативтік дегеніміз – қатысымдық деген сөз. Демек, жаңа стандарт бойынша, алға қойған озық әдістеріміздің бірі – қатысымдық оқыту болмақ. Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді.
Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы - сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.
Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар мемлекеттік қызметкерлерге бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет