ІІІ деңгей Шығармашылық тапсырмалар:
1.«Қысқы демалысты қалай өткіздім?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазу.
2.Бес жолды өлең құрастыру.
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзді сөйлем
Синоним
№ 7
5-сынып
Деңгейлік тапсырмалар
Қазақ тілі пәнінен дауысты дыбыстарға арналған деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
1.Адасқан әріптерді орнына қой.
І, м, б, л, і. Ш, о, б, а, л, қ, а.
К, р, е, м, т, е, е. С, ұ, з, а, т.
К, т, е, м, е, т, е. А, л, а, д.
2.Сөйлемдерді көшіріп еріндіктің астын бір сызық, езуліктің астын екі сызықпен сызыңдар.
Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып келді. Малшылар Асн, Үсенді көріп, олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұраймыз деп, шауып кетті. Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылыпты.
3.Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.
Б...з. б..генб...а. А...л...ы. К...ше. Ү...к...н. Ә...е. Ә...ия. М...н...з. Тұр...ыс. Б...л...м. О...ау.
ІІ деңгей.
1.Мына сөздерден сөйлемдер құрастырып жазыңдар.
Үркер. Қамал. Жұлдыз. Байлық. Суретші. Ардақ.
2.Мәтінді көшіріп, білім, күш, оқушы сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Қазіргі кезде терең білім болмаса, елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан-жақты білім алуға міндетті. Білім алу да зор күш екенін ұмытпа.
№ 8
Достарыңызбен бөлісу: |