3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ
№1 семинар тақырыбы: Ойын - психологиялық феномен ретінде
№2 семинар тақырыбы:Ойынтерапевтіне қойылатын талаптар
№3 семинар тақырыбы:Эмоцияны басатын және шығармашылықты дамытатын ойыншықтар.
№4 семинар тақырыбы:Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
№5 семинар тақырыбы: Балалар ойынының жіктелуі
№6 семинар тақырыбы:Ойынды коррекциялық–дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері.
№7 семинар тақырыбы: Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. Психологқа қойылатын талаптар.
№8 семинар тақырыбы:Ойын терапиясы.Әдістің жалпы сипаттамасы
№9 семинар тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары мақсаты
№10 семинар тақырыбы:Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары
№11 семинар тақырыбы:Интербелсенді оқыту әдісі бойынша оқу-тәрбие процесінде ойын түрлерін пайдалану
№12 семинар тақырыбы:Ойын терапиясы психологиялық феномен ретінде
№13 семинар тақырыбы:Ойынның терапиясының психологиялық негіздері
№14 семинар тақырыбы:Ойынның терапиясының педагогикалық мәні
№15 семинар тақырыбы:Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Студенттер дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Студенттер белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.
2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.
Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.
3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.
4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.
Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.
Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.
5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.
Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |