Дәріс №13 Тақырыбы: . ОЙЫН БӨЛМЕСІ МЕН ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ Ойын бөлмесінің көлемі
Ойын терапиясындағы жеке не екі-үш баладан тұратын топтағы жұмыс үшін
3,5х4,5 м. Көлемдік бөлме келеді. Ұзын әрі тар немесе үлкен көлемді бөлме бала мен ересектің арасында белгілі ара-қашықтықты сақтауға мүмкіндік бермейді. Үлкен бөлмеде ойын терапевті баланы оның инициативті түрде ерікті қатынас құруына кедергі жасап, аңдыған сияқты оған жақын болуға ұмтылады.
Кішігірім кеңістікте көп баланың болуы балаларға зиян келтіруі мүмкін. 5-6 баладан тұратын топтың ішінде топтық терапия жүргізу үшін бөлме көлемі 27 кв.м.- ден кем болмауы тиіс.
Бөлме баланы бөгде көзқарастардан сақталуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан, бөлме арасында шыны есіктер мен терезелер болмауы керек. Бөлменің өзінде терезе болуы қалыпты жағдай, бірақ қажетті жағдайда ашып жаба алатындай перде болуы шарт. Ең тиімдісі бөлмеде мүлде терезелердің болмауы.
Еденді линолеуммен жапқан жөн. Ол ұзаққа жетеді, оңай жуылады және зақымдалған кезде оңай ауыстырылады. Еденге кілем жаю қажет емес. Жайған жағдайда бала еденде ойнайтын болса, оңай тазартылатындай болуы қажет.
Ойын бөлмесінің қабырғаларын жуылатын эмульсионды бояумен бояу керек. Бөлмені безендіргендегі көңіл бөлетін нәрсе-жеңіл тазартылуы.
Қараңғы, алабарқын түстерден аулақ болған жөн. Ашық, көңілді орта қалыптастыру үшін көбіне ашық түстер жақсы.
Мүмкіндігінше бөлмеге Гезелла айнасын орналастыруға болады. Ойын терапиясының сеансында балаларға видеокамералармен кедергі жасамау үшін оларды Гезелла айнасының пленкасы арқылы түсіруге болады.
Сабақ тақтасын астындағы астаушасымен еденнен 1,5м биіктікте қабырғаға бекіту керек. Осындай биіктік әр түрлі бойдағы балаларға оптималды болып келеді.
Бала қол астында бор және түрлі-түсті боршалар, сонымен қатар тақтаны сүрте алатындай губка болуы керек. Әдетте ойын бөлмесінің екі жақ қабырғасына ойыншықтар мен басқа да материалдарды еркін орналастыра алатындай сөрелер бекітіп қойған жөн. Сөрелердің ең жақсы түрі- қорапшалары бар сөре. Балалар міне алатындай мықты әрі қабырғаға жақсы бекіген болуы керек. Балалар үлкендердің көмегінсіз қолдары жететіндей жоғарғы сөре еденнен 1 м қашықтықта болуы керек.
Егер ойын бөлмесін жаңа немесе қайта жаңартылған ғимаратқа орналастыру мүмкіндігі туса, жанына есігі бөлме ішіне ашылатындай кішігірім жуынатын бөлме орналастырған жөн. Бұл баланың ойын бөлмесін қалдырып, өз жұмысына бару мүмкіндігін жеңілдетеді. Ойын терапевтінің алдындағы келесі мәселе жойылады: балаға күніне неше рет өз жұмысына бару керек және шынымен ол оған қажет пе. Сонымен бірге балалар бұл бөлмені ойын бөлмесінің жалғасы ретінде көре алады,тығыла алады. Ойын бөлмесіне қатты, ағаштан істелген жиһаз болуы керек. Үстел мен үш орындық қажет. Олардың біреуі ересек адам үшін керек. Үстінде сурет салып, пішіндей алатындай үлкен, жылжымалы текшелері бар шкаф қажет болады. Оны қол жуатынн шұңғыл маңында орналастыруға болады.