Гештальт терапия – американ психологы, психотерапевт Перлс жасаған. Адам өзімен және қоршаған дүниемен тепе-теңдікте. Оны гормонияны сақтау үшін организм қажеттіліктеріне назар аудару керек, олардың жүзеге асуымен кедергі жасамау керек. Өз өзіңмен болу, өз «Менін» іске асыру, өз қажеттіліктерін, бейімділік, қабілеттерін жүзеге асыру.
Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің, сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі - идентификация. Бұл - адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.