Дістемелік материалдары



бет8/26
Дата06.02.2022
өлшемі60,21 Kb.
#80073
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
ойын терапиясы

Дәріс №4
Тақырыбы: Психоаналитикалық ойын теропиясындағы түзету әсерінің негізгі мақсаттары:

1. Бала мен ересек арасында ,ойын теропевтіне бала ойынының символикалық мағынасын жүзеге асыру және трансляция қызметтерін жүзеге асыратын аналитикалық байланыс,позитивті эмоционалды қатынас орнату; баланың ойынына қатысып,ол үшін маңызды мәселерді қозғау.


2. Катарсис- жағымсыз эмоционалды күйді жеңіп,одан айырылуға әкелетін эмоционалды жауап қайтару формасы.
3. Ойын катарсисқа сезімін еркін білдіру және сезімнің вербалдануы сиякты екі мүмкіншілік береді.
4. Инсайт ойын теропиясынын бір мезетте нәтижесі де,механизмі де болып табылады. Инсайт нәтижесі ретінде баланың өзін және басқалармен қарым-қатынасын терең түсінуін айтуға болады. Инсайт ойын теропевтының түсініктемелерін қажет етпейді,кенеттен бала оны өзі түсінеді.Балалық шақта инсайт әдетте вербалды емес сипатқа ие болады.
5. Баланың адамдар мен тұлғаралық қарым-қатынасқа түсудің түрлі формалары мен тәсілдерін апробациялау мен зерттеу процесі.
6. Сабақ барысындағы жеке қауіпсіздік пен сенімнің ерекше атмосферасы балалардың мүмкін сәтсіздіктері мен санкция алдындағы қорқынышы мен үрейін азайтады.Сондай-ақ оларды ересектермен және құрдастарымен араласудың жаңа тәсілдерін зерттеуге ынталандырады.
7. Сублимация анайы сексуалды құмарлықты тікелей мақсатынан(сексуалды құмарлығын қанағаттандыру) қоғамда мақұлданған,сексуалдыққа қатысы жоқ,мақсаттарға бұру және аудару.
8. Сублимация психоанализде сексуалды энергияны қоғамда мақұлданған мақсаттарға ауыстыру формасы ретінде бала жасындағы жеке даму мәселелерін шешудің ең биік формасы.
Осылайша,ойын психоаналитика тәжірибесінде символикалық іс –әрекет ретінде қарастырылды.Бұл жерде бала ойыншықтар,ойын әрекеттері ,сонымен қоса рөлдер арқылы қоғамдық кысымнан және тосқауылдардан босатылып,ерекше символикалық формада импульстары мен қызығушылығын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет