Дістемелік материалдары



бет10/26
Дата06.02.2022
өлшемі60,21 Kb.
#80073
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
ойын терапиясы

Дәріс №6
Тақырыбы: Клиентке бағытталған ойын терапиясы
Терапевттердің бұл бағыттағы ойларының дамуын К. Роджерс және В. Экслайнкеңінен зерттеген.
Мұндай терапияның мақсаты – баланы өзгертпеу және қайтадан жасамау, оны қандай да бір арнайы мінез – құлықтық дағдылармен оқытпау, керісінше оған өзімен – өзі болуға мүмкіндік беру. Ойындық терапевт баланы өсіруге әрекет етпейді, керісінше әрбір баланың өсіп және дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ол толығымен баланы ойынға баулыйды, оған бала не істесе де онымен болған қызықты. Ол өзінің барлық назарын және кәсіби шеберлігін балаға бағыттайды, баланың кез – келген эмоционалды көңіл – күйін түсініп, сезінеді және оны қайталайды.
Балаға бағытталған ойындық терапия негізінде өзін – өзі дамытудың ішкі көзіне және тұлғалық өсудегі мәселелерді өз еркімен шешетін потенциалды мүмкіндіктерге ие, баланың психикалық дамуының спонтандылығы жөніндегі түсінік жатыр. Сонымен бірге тұлғалық реализациялау, өзін – өзі дамыту үдерісі бұзылуы немесе ортаның жағымсыз жағдайлары, сонымен қатар маңызды басқада, атап айтқанда бірінші кезекте ата – аналары және ересек жақын туыстарымен қарым – қатынас салдарынан шектелуі мүмкін. Қарым – қатынас, басқа адамдармен байланыс тұлғалық дамуға қажетті жағдай жасайды.
Түзетудің басты міндеті тұлғалық өсу және дамуды белсендендіру мақсатындағы бала мен ересектер арасындағы маңызды қарым – қатынасты қалпына келтіруден тұрады. Ойын баланың ересектер әлемінен тәуелсіз, еркін іс – әрекет ретінде директивті емес терапияны жақтаушылардың ойы бойынша баланың еркіндігін көрсетуге мүмкіндік беретін бірден – бір әрекет түрі. Ойын балаға көңіл – күйлік жүктемеден және фрустрациядан босауға мүмкіндік береді.
133
Ойындық терапияның бұл түрін жүргізуге қажетті негізгі көрсеткіштер:
· Мінез – құлықтың бұзылуына және "Мен-концепциясының" дисгормониялылығына әсер ететін - "Мен" өсудің бұзылуы;
· өзіндік тұлғалық өсудегі мүмкіндіктеріне деген сенімсіздік және күмәндану, өзін * өзі қабылдаудың төмен дәрежесі;
· жоғары әлеуметтік алаңдаушылық және қоршаған әлемге қатысты жаугершілік;
· эмоционалды лабилділік және тұрақсыздық.
Ойын терапиясының мақсаты. Біз ойын терапиясының мақсаты жөнінде айтар болсақ, жеке бір бала үшін индивуалды болашақ емес, кең мағынадағы терапиялық мақсат жөнінде айтамыз.
Жалпы айтқанда ойын терапиясының мақсаты баланың өзін – өзі белсенді етуге деген ішкі ұмтылысымен келісу. Ересектердің қатысуымен жүретін өсудің позитивті тәжірибесімен баланы қамтамасыз ету қажетті жағдай болып табылады.
Сонымен қатар түзетудің мақсаты бала тұлғасын тікелей өзгерту болмау керек.
Түзету, керісінше баланың «Мен» деген мінезін бекіту, оның өз құндылығына бағытталуы керек.
Түзетудің мақсаты келесі міндеттер түрінде нақтылануы мүмкін:
· баланың өзін – өзі көрсету формасының репертуарын кеңейту;
· «бала – ересек» қарым – қатынас жүйесінде коммуникацияны белсендендіру;
· баланың өз қатарластарымен қарым – қатынасында әлеуметтік құзіреттілік деңгейін жоғарылату;
· эмоционалды өзін – өзі реттеу мүмкіндігін дамыту және баланың эмоционалды тұрақтылығына қол жеткізу;
· «Мен-концепциясын» дамытуды белсендендіру;
· өзін – өзі қабылдау дәрежесін жоғарылату және «Мен» сезімін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет