Дістемелік материалдары


Дәріс №2 Тақырыбы: Тақырыбы: Ойын терапиясы



бет6/26
Дата06.02.2022
өлшемі60,21 Kb.
#80073
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ойын терапиясы

Дәріс №2
Тақырыбы: Тақырыбы: Ойын терапиясы.
Әдістеменің жалпы сипаттамасы.
Ойын терапиясы- ойынды қолдану арқылы балалар мен ересектерге психотерапиялық әсер етудің әдісі. Әр түрлі әдістердің түп негізінде, бұл түсінік бойынша сипаттауда, ойынның жеке тұлға дамуына ерекше әсер ететінін байқауымызға болады. Қазіргі ересектердің психокоррекциясында ойын топтық психотерапия мен әлеуметтік-психологиялық тренингта жаттығу, вербальді емес ақпараттық тапсырмасы, әр түрлі жағдаятты орындау және т.б. іс-әрекет ретінде қолданылады. Ойын қатысушылар арасында жақын қарым-қатынас орнатып, қысымды, қорқыныш пен уайымды басқалардың алдында жояды, өзіндік бағаны жоғарлатып, қарым-қатынастың әртүрлі жағдайында өзін тексеруге мүмкіндік береді, салдарынан әлеуметтік маңызды қорқынышты жояды.
Ойынға тән ерекшелік- оның екіжақтылығы, драмматикалық өнерге тән, оның элементтері кез-келген ұжымдық ойында сақталады:

  1. Ойыншы шынайы іс-әрекеттерді орындайды, көп жағдайда тың және нақтылы шешімдерді жүзеге асуына іс-әрекетті қажет етеді.

  2. Бұл іс-әрекеттің кейбір жағдайы шартты сипаттамаға ие, бұл өз тұрғысында шынайы және әртүрлі жағдаяттарға деген жауапкершіліктен босатады.

Оның екіжақтылығын дамушылық әсері сипаттайды. Балалардың ойын жаттығуларында психокоррекциялық әсерге балалар мен ересектер арасындағы эмоционалдық байланысты оңтайлы орнату барысында жетеді. Ойын басыңқы жағымсыз эмоцияларды, қорқынышты, өзіне деген сенімсіздікті жойып, қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін ашып, баланың заттармен іс-әрекет орындай алуға мүмкін диапазонын кеңейтеді.
Ойынды ашу белгілері- объектінің іс-әрекет барысында тез ауыспалы жағдаяттардан кейін, тез жаңа іс-әрекеттерге бейімделуі.
Балалардың ойын құрлымы ойыншылардың өзіне алған рольдермен құралған: ойындық іс-әрекеттер жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде; заттарды ойындық түрде қолданылуы- шынайы заттарды ойыншық (шартты) түрде; ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас.
Әр түрлі аспектілерді біріктіріп, ойынның негізгі өлшем бірлігі-роль.
Ойынның сюжеті ретінде шынайлықты орындау шегі ұсынылады. Ойынның құрлымы орындалатын ересектердің іс-әрекетін балалардың орындалуымен ең маңызды жағдай ретінде көрінеді. Ойында баланың әлеуметтенуі мен жамана мінез-құлқының қалыптасуы басталады.
Ойын терапиясы ересектер мен балалар арасындағы ең соңғысының ережелері арқылы іс-әрекеттер мен оның сезімдерін есейген адамның ойымен теңестіре отырып қабылдау. Қазіргі кезде ойын терапиясының қолданылатын аясы кеңеюде. Ұзақ және қысқа ойын терапиясын өткізуден тәжірибелік бар, сонымен қатаршағын шағын ойын топтарында тәрбиелілік-оқытушылық мекемелерде.
Ойын терапиясын өткізуге жалпы көрсеткіштер: әлеуметтік инфантилизм, тұйықтылық, қарым-қатынасқа түспеуі, фобиялық реакциялар, тым тіл алғыштық пен тым көнгіштік, мінез-құлықтың бұзылуы мен жағымсыз әеттер, ұлдардың адекватты емес полорольдік сәйкестігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет