Білім беру технологиясы – оқу процесін жоспарлау, оқушылардан тест алу және білім беру жүйесі ретінде мектеп іс-әрекетін басқару үшін жүйелі тәсіл мен ілеспелі тәжірибелік білім жиынтығын құру.
Білім беру тұжырымдамалары - әр түрлі оқу орындарындағы базалық оқу пәндерінің мазмұны мен оқылу ұзақтығы туралы көзқарастар жүйесі, білім беру бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастырылуын түсінудің белгілі бір әдісі.
Білім беру философиясы - білімді аксиология, онтология, гносеология, антропология тұрғысында әлеуметтік-мәдени гуманитарлық практиканың ерекше бір саласы деп қарастыратын жалпы теория.
Білім мазмұны – жас ұрпақтың өркениетті демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін, оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |