Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


Жұмыс орындарындағы еңбек жағыдайын нақты бағалау



бет11/46
Дата19.05.2022
өлшемі204,45 Kb.
#143935
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені
Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау, Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс шығару, Тест жаңа 2020, глоссарий (2), мәтіндік тест, Негіздер (-OH), Наж, Academic Phrasebank, treatise34854, 1 сабақ, 8 test answers, GRADE 9-10 PAST PAPERS - 2019 - EN, 5th cambridge AP
Жұмыс орындарындағы еңбек жағыдайын нақты бағалау
Жұмыс орындарындағы нормативтік құжаттар талапқа сай болмаса (сызбасы толық емес, бағалау өлшемдері нақты емес) бұл өндірістік қауіпті факторларға апарады. Мекеме базасында жұмыс орындарының әрбір факторға байланысты мәліметтер толық болу керек.
Қауіпті әсерлердің жұмысшылар ағзасына қанша уақытта белгі беретінін мемлекеттік – санитарлық - эпидемиялогиялық бақылау мекемесінің мамандары анықтап береді.
Мұндай қауіпті әсерлер жұмыс орнында аз немесе мүлдем жоқ деп табылса, ол мекеме еңбекпен қорғау нормативтік талаптарына сәйкес деп танылады және аттестациядан өтеді. Ал егер бұлай шықпай керісінше бағаланса, қауіпсіздік талаптарына сай емес деп танылып, ол мекеме жабылады.
Бағалау нәтижесі хатамаланып аттестация картасына түсіріледі, одан кейін аттестация шешімі ретінде комиссияда қарастырылады.
Еңбекті қорғау бойынша жұмысшылардың, жұмыс орнының аттестациялану нәтижесінің құжаттық толтырылуы
Жұмыс орындарымен жұмысшылардың жағыдайына қарай қорғалуы, жұмыс орнының аттестациядан қашан өткені туралы мәліметтік анықтаманың (сводный ведомость) болуы.
Аттестациялық комиссияның жұмыс нәтижелері жұмыс орнының аттестациялануының хаттамасы түрінде толтырылады.
Хаттамамен бірге берілу керек:
- еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысшының аттестаттық картасы;
- бөлімдер бойынша жұмыс орнының анықтамасы және еңбек қауіпсіздігі аттестациясының нәтижелері;
- жұмыс орындарының күнделікті жүргізіліп отыратын мәліметтік анықтамасы және қауіпсіздік бойынша өткен аттестациясының нәтижелері;
- ұйымның техникалық қауіпсіздік бойынша жүргізген сауықтыру мақсатындағы мерекелік іс - шараларының жоспары;
Еңбек қауіпсіздігі бойынша өткізілген жұмыс орындарының аттестациясының құжаттарымен материалдары 45 жыл сақталынуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек қауіпсіздігі бойынша заңды құжаттар.
2. Еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар.
3. Еңбек қауіпсіздігі қадағалау және бақылау.
4. Жұмысшы мен жұмыс берушінің жауапкершілік түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет