Дүние жүзілік білім беру



Дата15.11.2019
өлшемі21,59 Kb.
#51901
Байланысты:
Кесте


Дүние жүзілік білім беру

Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты –ой-өрісі дамыған, жан-жақты,шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын,дүние-танымы биік,білімдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты, сыни ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Ғаламдану өркениетімен қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады.

Әлем елдеріндегі білім беру жүйесініңқұрылымы түрліше.Әлем елдерінің білім беру жүйесі ерекшеліктеріне қарай даму үстінде .Себебі кез келген елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын мемлекеттің әлеуметтік капиталының дамуына тәуелді.

Білім деңгейінің жоғарылығымен танылған мемлекеттер ғаламдану үдерісіне сәйкес реформалар жүргізуде. Білім беру жүйесіндегі реформаға негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері :


  • қоғам дамуының жылдамдығы;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқындылығы;

  • ғаламдық проблемалардың шығуы және анықталған тақырыптарды бірлесіп шешу мәселелері ;

  • қоғамның ашық демократиялығы ;

  • экономиканың өсуі мен бәсекелестіктің қарқынды жүруі;

  • адам ішкі әлеуетінің мүмкіндіктері.

Қазақстан Болон процесіне кірген ел болғандықтан, әр түрлі халықаралық зерттеулерге қатысып келеді. Бірақ біздің еліміз дүниежүзілік TIMSS ,PISA зерттеулері қорытындылары бойынша төменгі нәтижені көрсетіп келеді. Осы зерттеулерге қатысқанға да біраз жыл болды. Бізде қандай өзгерістер бар? Біздің оқытқан балаларымыздың білім деңгейі неге төмен болды деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік пе? Біздің алдымызда қандай мақсат пен міндеттер тұр?

Менің ойымша, ,біздің білім беру жүйемізде мұғалімдер басымдықты «нені оқыту керек?» деген сұраққа қатысты көбірек көңіл бөліп, ал оқушыларға сол жаңа білімді қалай оқыту керек? деген мәселе қалып қалып қойған сияқты. Яғни мұғалім тарапынан дайын білім беріледі де, сәйкесінше оқушының жаңа ақпаратты өз бетімен алу дағдысын қалыптастыратын оқу ортасы ұйымдастырылмайды.Бірлескен оқу ортасын құру арқылы топтық жұмыстар жүргізу біздің мектептерімізде аз қолданылады.Оқушылар топта жұмыс жасауда бір-бірімен пікірлесіп,талқылау жүргізіп өзара оқыту, өздігінен білім алуға қолайлы жағдай жасай алмаймыз.Оқушылар алған білімдерін өмірде қолданудың ретін білмегендіктен,ПИЗА бойынша төмен көрсеттік деп ойлаймын.Әлемнің озық елдерінің мектептеріндегі білім жүйесі бірлескен оқу ортасын құру арқылы олардың топта жұмыс жасау дағдысын, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, өздігінен және өзара білім алуға бағытталған.

Әлем елдерінің білім жүйесін бір-бірлерімен салыстырар болсақ, олардың білім жүйесі әр түрлі деңгейде дамуда.

Дүние жүзінің білім жүйесін зерттеген сарапшылар дүние жүзі бойынша әр түрлі көрсеткіштерді ала отырып көптеген елдердің білім жүйесін салыстырған.Көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің 26 мемлекеті өздерінің білім жүйесінің озық үлгілерімен ерекшеленген.Солардың қатарында Ирландия, Дания және шығыстағы Тайвань елі де бар.

Өздерінің білім деңгейінің жоғарылығын көрсеткен елдердің білім деңгейінің сараласам  , әр елдің білім жүйесінің ерекшеліктері бар .

Ирландиядағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар. Дамыған елдердің білім жүйесіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі Ирландияның білім беру жүйесі алдыңғы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді . Сонау орта ғасырлардан бері Ирландияда білім беру ісі ең маңызды іс болған.Сондықтан болар Ирландияны «әулиелер мен оқымыстылар аралы» деп атаған.



Ирландиядағы білім беру ісі жақсы жолға қойылған.Европа елдері бойынша Ирландия 


Қазақстан бойынша білім беру

Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
•  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
•  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
•  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
•  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырадыБілім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. (Қосымшаны қараңыз).
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. 














Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет