Көгалды мектептер
Ағаштар отырғызу, шағын саябақтар орнату, жабайы өсетін гүлдерді егу, көкөністер жинау.
Ақпараттық материалдар
Бұл ең қолайлы коммуникация құралы. Оларды ақпарат жариялау үшін де, байланыс орнату үшін де пайдалануға болады.
"ашық есік" күндері мен саяхаттар
Бұл іс-шаралар енгізу барысында жобаға оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыруға ықпал етеді.
Ата-аналар кеңесшілер ретінде
Кеңесшілер ретінде шақырылуы мүмкін, белгілі бір дағдыларды меңгерген ата-аналардың Консультативтік кеңесін құру.
Ата-аналарға арналған курстар
Мектеп ата-аналарға арнап мына тақырыптар бойынша қысқаша дәрістік курсты ұйымдастыра алады: дұрыс таңдау, ата-аналар мен жасөспірімдер. Мұндай курстар алаңдататын мәселелер бойынша ақпарат алуға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
Кітапхана
Бұл ата-аналардың балаларымен бірге үйде оқи алатын кітаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ержеткен балалардың ата-аналарына темекі шегушілікке, ішкілік ішуге, психикалық белсенді әсер етуші заттар тұтынуға жол бермеу, тамақтану, психо-эмоционалдық саламаттылық пен жыныстық тәрбие мәселелері туралы кітаптар керек болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |