Дүниені әлеуметтік түрғыдан елестету



Дата05.12.2022
өлшемі13,68 Kb.
#161334
Байланысты:
эссе


Дүниені әлеуметтік түрғыдан елестету
Осы қоғамда өмір сүріп жатқан мына біздер қарқынды даму үстіндеміз. Қазіргі таңда бұрын соңды болмаған тың дүниелер өмірге келуде. Адаммен қатар заман талабына сай қоғам да дамып келеді. Ең бірінші қоғам дегеніміз не?
Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиың. Себебі қоғам сөзі кең мағынада қолданылады. Ең алдымен қоғам деп адамның өмір сүру тәсілін айтамыз. Қоғамсыз адам жоқ ,адамсыз қоғам жоқ. Адаммен қатар қоғам да алға жылжиды . Жалпы біз неге қоғаммен қатар дамуымыз керек? Заман талабы осындай болғандықтан даму да болу керек деп есептеймін .Даму болмаса айналада болып жатқан барлық іс әрекеттер мен өзгерістерден мақұрым қалатын едік. Ешбір кедергілерге қарамастан, қатардан қалмай алға ұмтылу міндетіміз болып саналады.
Сонымен қатар, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды,ол сол жеке адамдардың қарым қатынасын көрсетеді. Жалпы адамдар қоғамға ұжым арқылы енеді. Қазіргі кезде қоғамның дамуы тікелей әлеуметпен байланысты. Ендігі әлеумет дегеніміз не? Әлеумет дегеніміз халық, қоғам деген сөздермен мағыналас. Біздің алға қадам басуымыз әлеуметпен байланысты. Әлеуметте дамуға үлес қосатын адамдар, нақтылап айтқанда қоғам белсенділері. Даму мен қатар әлеуметтену де міндетті түрде керек. Адамзат философиялық ойлаудың замануи формалары,жалпы рухани мәдениет арқылы қазіргі әлемдегі әлеуметтік процестерді саналы басқару және реттеу ғылымын игеру керек.
Қорытындылай келсек әлеуметтену маңызды болып саналады. Біз қоғамсыз , әлеуметсіз бүтін болмаймыз. Қоғамнан қалмас үшін нақты қадам басып ,тәуекелге бара білу керек. Әлеуметтік түрғыда саналы бола білу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет