Дескриптор Білім алушы
өз аймағындағы шаруашылық түрлерін атайды;
шаруашылық түріне жоспарға сәйкес сипаттама береді.
5
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы
адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат,
өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Адамның табиғи жағдайларға байланысты
шаруашылық әрекеттерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
а) Суретке мұқият қара. Суретте қандай шаруашылық түрі бейнеленген?
Сұрақтардың көмегімен «Еңбек және климаттық жағдай» тақырыбына сөйле.
Бұл шаруашылық түрін дамыту үшін климат қандай болу керек?
Мұндай климаттық жағдайда тағы қандай шаруашылық түрлерін дамытуға болады?
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері қандай?
Климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы ма?
Дескриптор Білім алушы
суретте бейнеленген шаруашылық түрін анықтайды;
аталған шаруашылық түрін дамуға қолайлы климатты сипаттайды;
климаттық жағдайлардың адамның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсерін сипаттайды.
Ортақ тақырып: «Құндылықтар»
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Отбасының қоғам өміріндегі маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген сызба мен сұрақтарға сүйеніп, «Отбасы – шағын мемлекет» деген тұжырымға қатысты ой қорытып айт. Ойыңды дәлелді аргументтер келтіре отырып, таныстыр.
Сұрақтар:
Отбасылық берекені қалыптастыру үшін қоғам қандай міндеттер атқаруда?
Отбасының қоғамдағы рөлі қандай?
Дескриптор Білім алушы
берілген тұжырымға қатысты дәлелді пікір айтады;
отбасының қоғамдағы рөлі туралы ой қорытады.
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 4.1.1.2 Отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Отбасы мүшелерінің жанұядағы атқаратын қызметін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Отбасының әр мүшесі немен айналысып жатыр? Бұл олардың күнделікті атқаратын қызметі бола ала ма? Неліктен?
Төмендегі сұрақтардың негізінде жұпта ой бөліс.
Отбасы мүшелерінің әрқайсысының жанұяда атқаратын нақты қызметтері бола ма?
Отбасында кім не істейді?
Сен отбасында қандай қызмет атқарасың?
Достарыңызбен бөлісу: |