«Дүниетану» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет1/20
Дата14.11.2019
өлшемі6,31 Mb.
#51782
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
! ОШ ҚБ Дүниетану 4 -сынып 2019



«Дүниетану» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4-сынып

Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2


МАЗМҰНЫ
1-тоқсан 4
Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан» 4
Ортақ тақырып: «Құндылықтар» 7
2-тоқсан 14
Ортақ тақырып: «Мәдени мұра» 14
Ортақ тақырып: «Мамандықтар әлемі» 21
3-тоқсан 29
Ортақ тақырып: «Табиғат құбылыстары» 29
Ортақ тақырып: «Қоршаған ортаны қорғау» 33
4-тоқсан 36
Ортақ тақырып: «Ғарышқа саяхат» 36
Ортақ тақырып: «Болашаққа саяхат» 42

3


1-ТОҚСАН
Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан»
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді

(аймақ, аудан, облыс) ажырату


Бағалау критерийі Білім алушы

 Әкімшілік-аумақтық құрылымның бірліктерін



ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
а) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасынан өз облысыңның аумағын бастырып сыз. Оған өзіңнің тұрғылықты жеріңнің атауын жаз. Сен тұратын жер осы облыстың қандай бірлігіне (аудан орталығы/қала/ауыл) жатады?




  1. Ғаламтордан өз облысыңның әкімшілік аумақтық картасын жүктеп алып, зерделе. Оның құрамына кіретін аудан, қала, ауылдарды анықта. Картаға сүйеніп өз облысыңның әкімшілік-аумақтық бірліктерін топтап жаз.




Аудан

Қала

Ауыл











Дескриптор Білім алушы


  • картадан өз облысын анықтап, тұрғылықты жерінің атауын жазады; -өз облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін атайды.

4


Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының
экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру
Бағалау критерийі Білім алушы

 Өз аймағының өндіріс орындарын сипаттайды


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма

Топтық жұмыс
Сен тұратын жерде немесе оның аумағында қандай өндіріс орындары (зауыт, фабрика, ферма, шаруашылық түрі) бар? Суреттерге сүйеніп, өз аймағыңда дамыған шаруашылық түрлерін есіңе түсір.

Берілген жоспар бойынша сол шаруашылықты сипаттайтын постер құрастырыңдар.



  1. Шаруашылық атауы

  2. Өндірілетін тауарлары

  3. Қолданысы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет