102
әртүрлі тарихи кезеңдерде және әртүрлі зерттеулерде жинақталған
тарихи тақырып туралы білімді байланыстыруға мүмкіндік туады
[2, 26 б.].
Мультимедиялық технологияны
қолдану арқылы өткізілетін
сабақтар әсіресе балалар арасында кеңінен танымал. Сабақтың барлық
кезеңдерін оқушылар эмоционалды түрде бастан кешіреді. Бұл
оқылатын пәнге, оқуға, мектепке деген оң көзқарасты қалыптастыруға
ықпал етеді. Заманауи технологияларды қолданудың барысында оқу
уақытын едәуір үнемдеуге оқушылардың жалпы ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруға және тарих туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етуге
болады [3, 18 б.].
Осылайша, мультимедиялық технологиялар: тарихқа деген
танымдық қызығушылықты оятуға, оқушылардың
өзіндік іс-әрекетін
дамытуға ықпал етеді. Мысалы, презентацияны көрсету барысында
оқушылар көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алады, компьютерлік
дағдыларды игереді. Ал, компьютерлік дағды қазіргі жастар мәдениеті
элементтерінің бірі болып табылады [4, 10 б.].
Ақпараттық технологияларды жан-жақты зерттей келе, тарих
пәнің оқытуда тиімді деген әдіс-тәсілдерді жинақтауға болады.
Солардың алғашқысы болып онлайн викторина өткізудің қызықты әдісі
–
Kahoot.
Бұл
викторина, тест және дидактикалық ойындар
ұйымдастыруға арналған бағдарлама. Kahoot бағдарламасы арқылы
оқушылар мұғалім жасаған тапсырмаларға планшеттерден, ноутбуктан
немесе ұялы телефоннан, яғни, интернет
желісі бар кез келген
құрылғыдан жауап бере алады. Kahoot-те құрылған тапсырмаларға
фотосуреттер мен бейнероликтерді қосуға мүмкіндік жасалған.
Викторина, тестілеу қарқыны әр сұрақ бойынша уақыт шегін белгілеу
арқылы реттеледі. Қажет болған жағдайда, мұғалім қойылған
сұрақтарға дұрыс жауаптар мен жылдамдық үшін ұпай енгізе алады.
Бағалау тақтасы мұғалімнің компьютерінде көрсетіледі. Тестке немесе
викторинаға қатысу үшін оқушылар интернет желісіне кіріп, kahooy.it
сілтемесіне өтіп, мұғалім ұсынатын PIN-кодты
өз құрылғысы арқылы
енгізу керек. Оқушыға құрылғыда дұрыс жауапты таңдағаны ыңғайлы.
Себебі, жауаптар геометриялық фигуралармен ұсынылған. Бұл әдісті
мұғалімдер өз сабақтарында оқушылармен кері байланыс орнату
мақсатында қолдануға болады. Kahoot бағдарламасының ұтымды
жақтары: барлығына түсінікті интерфейс. Білім беру ұйымдары үшін
интерактивтіліктің 4 нұсқасы: викторина,
жауаптарды дұрыс
орналастыру ойыны, талқылау және сауалнама. Көптеген функциялары
тегін, орыс тілінде нұсқасы бар, қатысушылар саны шексіз, әлеуметтік
103
желілерде сілтемесімен бөлісу мүмкіндігі, интерактивті режим, яғни
оқушылар өз нәтижелерін көріп отырады, мұғалімнің көп уақытын
үнемдеуге мүмкіндік беретін тестілерді
қайталау және редакциялау
мүмкіндігі бар.
Тарих сабағында тақырыптық карталар жиі қолданысқа ие. Бұл
мәселеде
Достарыңызбен бөлісу: