Жеке фармакологияда фармакодинамика мен фармакокинетика сұрактары дәрілік заттардың белгілі бір тобының және практикалық медицинада қолданылатын аса маңызды препараттарды қамтиды.
НЕЙРОТРОПТЫ ЗАТТАР
Жеке фармакологияның айтарлықтай тарауы ағзаның қызметін жүйкелік реттелуіне әсер ететін дәрілік заттарға арналады. Осындай заттардың көмегімен ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейінде, сонымен қатар шеткі иннервацияның афферентті және эфферентті жолдарына қозудың берілуіне ықпал жасауға болады.
Нейротропты заттардың жіктелуі олардың әсерлерініц шоғырлануына негізделген. Яғни, олардың орталық немесе шеткі жүйке жүйесіне әсері.
Рефлекторлык доғаның түрлі звеноларының құрылым-қызметтік ерекшеліктеріне сүйене отырып, афферентті жәнс эфферентті иннервацияға әсер ететін заттарды бөледі.
Бұл тарау тежегіш және ынталандырғыш қасиеті бар заттарды қамтиды.
Тежегіш қасиеті бар дәрілік заттар келесі түрде әсер етуі мүмкін: а) афферентті жүйке ұштарының сезімталдығын төмендетеді; б) сезімтал жүйке ұштарын қоздырғыш агенттерден сақтайды; в) афферентті жүйке талшықтары бойымен қозудың өтуін тежейді.
Ынталандырғыш қасиеті бар препараттар сезімтал жүйкелердің ұштарын таңдамалы қоздырады.