Г) АҒЗАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Препараттардың әсері ағзаның жағдайына, соның ішінде оларды тағайындайтын патологияға байланысты болуы мумкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді (олар қалыпты температурада әсер етпейді). Жүрек гликозидтерінің қан айналымына әсері тек жүрек жетіспеушілігі кезінде көрінеді. Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын, ганглиоблокаторлардың гипотензивтік әсері
1 Грек тілінен idios- өзгеше; sinkrasis- араласу.
38
көп болады. Гипертиреоз кезінде миокардтың адреналинге сезімталдығы жоғарылайды.
Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және биотрансформациясын өзгертеді. Бұл кезде басқа параметрлер де - белокпен байланысуы, биожеткіліктік, таралуы өзгеруі мүмкін.
Дәрілік заттардың фармакокинетикасы жүктілікте, семіздікте өзгереді.
Д) ТӘУЛІКТІК ЫРҒАҚТЫҢ МАҢЫЗЫ
Физиологиялық1 қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды мәні бар. Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетіні жалпыға мәлім. Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі заттарға сезімталдығымен көрінеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік периодизмге тәуелділігін зерттеу, хронофармако-л о г и я деп аталған жаңа бағыттың негізгі мәселелерінің бірі. Соңғыға хронофармакодинамиканы да және хронофармакокинетиканы2 да жатқызады.
Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана қоймай, сондай-ақ сапалық та өзгереді. Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым әсері максималды белсенділік кезінде байқалады (адамдарда -күндізгі уакытта, түнгі жануарларда – тәуліктің қараңғы уақытында). Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын зат морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады. Анальгетикалық белсенділігі бар эндогенді пептидтердің (энкефалиндер, эндорфиндер) өндірілуінің де тәуліктік ауытқуы байқалған. Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.
Тәуліктік периодизмге байланысты заттың уыттылығы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы, жануарларға зерттеу жүргізгенде уытты мөлшерде фенобарбиталдың леталдық әсері тәуліктің әрбір уақытында 0 ден 100%-ке дейін ауытқиды.
1 Сонымен қатар, «циркадтық (тәулікке жуық) ырғақтар» термині қолданылалы (латын тілінен сіrса—жуык, dіеs - күн). Биологаялық процестердің 20-28 сағат аралығында циклдік ауытқуы туралы айтылады.
1 Хронофармакодинамика және хронофармакокинетиканың орнына маңызы бойынша ұқсас екі термин - «хронестезиял (тәулікгің әрбір уақытында затқа сезімталдық) және «хронокинетика» (тәулік ырғағынан фармакокинетикалық сипаттайтын тәуелділігі) ұсынылған.
39
Фармакокинетикалық параметрлер де тәуліктік ырғаққа тәуелді болады. Мысалы, адамдарда саңырауқұлақтарға қарсы гризеофульвин препаратының көбірек сіңуі шамамен күндіз сағат 12-де жүреді. Тәулік ішінде заттардың (мысалы, гексобарбиталдың) метаболизмінің қарқыны да өзгереді. Тәулік уақытына байланысты бүйрек қызметі және олардың фармакологиялық заттарды шығару қабілеті де айтарлықтай өзгереді. Адамдарда фенамин, әсіресе оның жоғарғы мөлшері таңертең ертемен бүйрек арқылы бөлінетіні көрсетілген (бұл, сірә зәрдің рН-ның ауытқуына байланысты болуы керек). Литий препаратын ішке енгізгенде күндізгі уакытқа қарағанда түнде аз мөлшерде бөлінеді.
Сонымен, заттардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасы тәуліктік периодизмге тәуелді болады. Бұған тәуліктік ырғақтың фазасына және амплитудасына дәрілік заттардың өзі ықпал ететінін қосу керек. Әртүрлі патологаялық жағдайлар мен аурулар кезінде тәуліктің әрбір уақытында олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі өзгеретіндігін де ескерген жөн.
Хронофармакология саласында мәліметтердің көлемі шектеулі болғанымен, оларды қабылдау уақытына байланысты препараттарды рационалды мөлшерлеу үшін бұл мәліметтердің маңыздылығы күдік туғызбайды. Физиологиялық қызмет үшін, сондай-ақ мезгілдік ырғақтың да белгілі бір мәні бар, бұл сірә фармакологиялық заттардың әсеріне де ықпал ететін болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |