Дп 042 09-2016 №1 басылым



бет3/91
Дата06.02.2022
өлшемі333,09 Kb.
#48118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Семинар сабақтың мақсаты:
• теориялық материалдарды тереңдетіп зерттеу;
• ғылыми мәтіндерді сұрыптау, материалды жалпылау дағдысын қалыптастыру, ойлау сынын дамыту және т.б.;
білімді меңгеруде өзбеттілік, шығармашылық инициатива, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• көпшіліктің алдында сөйлеу, пікірін білдіру және өз көзқарасын қорғау дағдысын қалыптастыру.
Мақсаты: пән бойынша лекцияда алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.
Міндеттері:
- Пән бойынша алған теориялық материалдарын тереңдету және жүйелеу;
- Библиографиямен өздігінен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру;
- Аудиторияда өз ойын білдіруге, басқаны тыңдай білуге,өз пікірін қорғай білуге және талқылауға қатысуға үйрету.
Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
-Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
-Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
-Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
-Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
-Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Тақырып 1. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет