ДҰрыс көпжақтар мақсаты: Оқушыларды дұрыс көпжақтың түрлерімен таныстыру



Дата28.01.2018
өлшемі11,17 Kb.
#35270

ДҰРЫС КӨПЖАҚТАР

Мақсаты: Оқушыларды дұрыс көпжақтың түрлерімен таныстыру.

  • Мақсаты: Оқушыларды дұрыс көпжақтың түрлерімен таныстыру.
  • Білімділік: Дөңес көпжақтар үшін Эйлер сипаттамасын есептеу формуласын енгізу, Эйлер формуласын есеп шығаруда пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
  • Дамытушылық: Байқағыштық, талдай білу, салыстыра білу және қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: Соңғы нәтижеге жету жолында табандылық пен жігерлілік көрсете білуге, өзін - өзі бағалай білуге және жекелей жұмыс жасай білуге, оқушыларды жауапкершілікке, ұстамшылдыққа, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, эстетикалық тәрбие беру, салауатты өмірге, ұғымталдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, өз еңбегі мен өзге еңбегін қадірлей білуге, тәрбиелеу.

ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  • 1. Көпжақ дегеніміз не?
  • Беті саны шектеулі көпбұрыштардың бірігуінен тұратын денені көпжақ деп атайды.
  • 2. Көпжақтар неше түрге бөлінеді?
  • Екі түрге: дөңес және дөңес емес.
  • 3. Дөңес көпжақ дегеніміз не?
  • Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай біржақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ деп аталады.
  • 4. Көпжақтың түрлерін ата.
  • Призма, параллелепипед, пирамида.

ЕГЕР ДӨҢЕС КӨПЖАҚТЫҢ ЖАҚТАРЫ ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ БІРДЕЙ ДҰРЫС КӨПЖАҚТАР БОЛСА ЖӘНЕ КӨПЖАҚТЫҢ ӘРБІР ТӨБЕСІНЕН ШЫҒАТЫН ҚЫРЛАР САНЫ БІРДЕЙ БОЛСА, ОНДА ОНЫ ДҰРЫС КӨПЖАҚ ДЕП АТАЙДЫ

  • Дұрыс көпжақтың бес түрі бар:
  • Дұрыс тетраэдр;
  • Куб (Гексаэдр);
  • Октаэдр;
  • Додекаэдр;
  • Икосаэдр.
  • Дұрыс тетраэдрдың жақтары – дұрыс үшбұрыштар, оның төбесінде үш қыры тоғысады. Дұрыс тэтраэдр барлық қырлары тең болатын үшбұрышты пирамида.
  • Кубтың жақтары – квадраттар, оның әрбір төбесінде үш қыры тоғысады. Куб - барлық қырлары өзара тең тікбұрышты параллелепипед.
  • Октаэдрдың жақтары – дұрыс үшбұрыштар, оның әрбір төбесінде олар төртеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда, “октаэдр” – “сегіз жақты” деген мағына береді.
  • Додекаэдрдың жақтары – дұрыс бесбұрыштар, оның әрбір төбесінде үшеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда, “додекааэдр” – “он екі жақты” деген мағына береді.
  • Икосаэдрдың жақтары – дұрыс үшбұрыштар, оның әрбір төбесінде бесеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда, “икосаэдр” – “жиырма жақты” деген мағына береді.
  • Қазақша аты
  • Қырының саны
  • Жақтары-ның саны
  • Төбелері-нің саны
  • 1.
  • Тетраэдр
  • Төрт жақты
  • 6
  • 4
  • 4
  • 2.
  • Куб (Гексаэдр)
  • Алты жақты
  • 12
  • 6
  • 8
  • 3.
  • Октаэдр
  • Сегіз жақты
  • 12
  • 8
  • 6
  • 4.
  • Додекаэдр
  • Он екі жақты
  • 30
  • 12
  • 20
  • 5.
  • Икосаэдр
  • Жиырма жақты
  • 30
  • 20
  • 12
  • Осы кестеден байқағандай Қ +2= Ж+Т .Мұндағы Қ- қырларының саны,
  • Ж-Жақтарының саны, Т-төбелерінің саны.
  • Бұл формула Эйлер формуласы деп аталады.

7-ТЕОРЕМА (ЭЙЛЕР ТЕОРЕМАСЫ).

  • Дөңес көпжақтың жақтарының санын Ж, қырларының санын Қ, төбелерінің санын Т деп белгілесек, онда Қ +2= Ж+Т болады.

Бекіту.

  • Бекіту.
  • Есеп. Дөңес көпбұрыштың әрбір төбесінде үш қыры тоғысқан. Егер оның қырларының саны 12-ге тең болса, онда төбелері мен жақтарының санын анықтаңдар.
  • Жауабы: Төбелер саны – 8, жақтар саны – 6 болатын көпжақ – куб.

«ОЙЛАН, ТАП». БЕРІЛГЕНДЕР БОЙЫНША ҚАЛҒАН БЕЛГІСІЗДЕРДІ ТАБЫҢДАР.

  • Дұрыс көпжақтың грекше аттары
  • Қазақша аты
  • Қырының саны
  • Жақтары-ның саны
  • Төбелері-нің саны
  • 1.
  • Тетраэдр
  • Төрт жақты
  • 4
  • 4
  • 2.
  • Куб (Гексаэдр)
  • Алты жақты
  • 12
  • 8
  • 3.
  • Октаэдр
  • Сегіз жақты
  • 12
  • 8
  • 4.
  • Додекаэдр
  • Он екі жақты
  • 30
  • 20
  • 5.
  • Икосаэдр
  • Жиырма жақты
  • 20
  • 12
  • Қорытындылау.
  • Үйге тапсырма: § 4, № 6, 11
  • Дұрыс көпжақтардың макетін жасау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет