Э. А. Абдыкеримова информатиканың теориялық негіздері


Turbo Pascal тілінің операторлар бӛлігі



бет49/75
Дата09.09.2022
өлшемі476,55 Kb.
#149106
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Turbo Pascal тілінің операторлар бӛлігі


Берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға тҥсінікті тілде жазылуын операторлар дейді. Операторлар бӛлімі бағдарлама тақырыбынан соң жазылатын міндетті бӛлім. Ол бағдарлама денесі делінеді, яғни бағдарламаның орындалу бӛлімі. Ол BEGІN-нен басталып, END-пен аяқталады да, олардың аралығына нҥктелі ҥтір арқылы ажыратылған орындалушы операторлар жазылады. END-тің соңына нҥкте қойылуы тиіс. Ол бағдарламаның аяқталу белгісі. Егер бағдарламаға айнымалылар енгізілген болса ғана, VAR бӛлімі оларды сипаттау ҥшін қажет. Тҥсінуге ыңғайлы болуы ҥшін бір қатарға кӛбінесе бір оператор жазылады. Экран бетіне кӛбірек мәлімет орналастыру кезінде немесе қағазға бағдарлама мәтінін басып аларда орын ҥнемдеу ҥшін бір қатарға бірнеше оператор жазуға болады. Қатарлар арасына не соңына жҥйелі жақшаға { } немесе (* *) тҥсініктеме сӛздер жазып отыру керек. Оларды қазақша немесе орысша әріптермен жазуға болады.


Бағдарламаға айнымалылар және операторлар бӛлімдерінен басқа бӛлімдердің енгізілуі міндетті емес. Олар қажеттілігіне қарай енгізілуі тиіс.
Turbo Pascal тілінің операторларын қарапайым және кҥрделі операторлар деп екі топқа бӛледі.
Қарапайым операторлар тек бір оператордан тҧрады, қҧрамына басқа оператор енбейді. Қарапайым операторларға: меншіктеу, кӛшіру, бос, енгізу және шығару операторлары жатады.
Ал кҥрделі опеаторлардың ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тҧруы мҥмкін. Кҥрделі операторларға: шартты кӛшіру, қайталану (цикл), таңдау, жалғастыру және т.б. операторлар жатады. Бҧл оператор тҧтас бір оператор қызметін атқарады. Бағдарламада операторлар орналасқан реті бойынша орындалады.
Операторлар орындайтын қызметтеріне байланысты мынадай топтарға бӛлінеді:

  • меншіктеу операторы;

  • енгізу-шығару операторлары;

  • басқару операторлары;

  • функция мен процедураларды анықтау операторлары.

Енді осы келтірілген операторлардың жазылу жолдарын, олардың ерекшеліктерін қарастырамыз.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет