Құралдар мен материалдар: жүруге арналған жіп – 2 дана, балалар санына қарай доп,
жалпы дамытатын жаттығуларға арналған жалауша – әр балаға 2 данадан.
Билингвалды компонент: жалаушаларды жоғары көтер – флажки вверх, жалаушаларды
алға – флажки вперед, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Ойынға арнап көгалдың үлгісін жасау.
Балаларды орманға серуенге шығып, көгалда ойнауға шақырады.
II. Негізгі кезең. Бір-бірден тізбекке тұру. Сапта жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізбекте бір-
бірден жүру, тізені жоғары көтеріп, қолды әртүрлі қалыпта ұстап жүру.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау:
Тігінен тасталған жіп бойымен жүру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт».
68
Допты қалаған бағытта домалату.
Ойындық жағдай: үй иесі ұйықтап жатқанда (басына орамал тағады) мысықтар допты
жан-жаққа домалатып ойнайды. Оянған кезде – марғаулар тоқтай қалады.