166
Бір-бірден сап түзеп жүру. Аяқтың ұшымен жүру және өкшемен жүру жаттығуларын
кезекпен орындау – жүгіргенде аяқтың ұшын басады, жүргенде тізесін бүкпей,
өкшемен
жүреді.
Ойын түріндегі жаттығу: «Тоқта!». Жүру, «шашырап» жүгіру. «Тоқта!» деген бұйрық
берілгенде – бір орында қозғалмай тұра қалады.
Негізгі қимылдарды командалық жарыстар түрінде орындау.
Заттардың үстінен қос аяқтап секіру (биіктігі – 10 см).
Секіру жаттығуларының қалай
орындалатынын түсіндіру:
қолды алға шығарып, екі аяқпен екпінмен итеріле секіру.
Оңға қарай қосалқы адым жасап (3 кермеден) гимнастикалық қабырғаның бір
аралығынан
екіншісіне өте
отырып өрмелейді
–
«бұлтқа қолын тигізеді». Балалардың гимнастикалық
қабырғамен өрмелеген кезде аяқ пен қолды үйлесімді
қимылдатуына назар аударады
(аралықтан-аралыққа өту, тепкішектерді ұстау).
Балалардың зейінін жаттықтыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім шапшаң?».
Төрт жетекшіні таңдап алады. Түрлі түсті жұлдызшаларды таратып береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: