Билингвалды компонент:
аяқтың ұшымен жүгіру – бег на носках, өкшемен жүру –
ходьба на пятках, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания.
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шеңбер құрап тұруға шақырады.
1, 2, 3 – аяғымыздың ұшына қараймыз!
4, 5 – бастарыңды көтеріңдер асықпай!
1, 2, 3 – досыңды өзіңе бұр.
4 – қолдарыңды екі жаққа созыңдар,
5 – Досың екеуің орындарыңды ауыстырыңдар!
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден сап түзеп жүру. Аяқтың ұшымен жүру және өкшемен жүру жаттығуларын
кезекпен орындау – жүгіргенде аяқтың ұшын басады, жүргенде тізесін бүкпей, өкшемен
жүреді.
Тәрбиеленушілер бір-бірден тізбекке тұрады және жаттығуды легімен орындайды,
текшелерден секіріп өтеді. Бір мезгілде екі аяқпен екпінді түрде итерілуге, аяқтың
ұшымен түсуге, қолдары мен аяқтары қимылын үйлестіруге тырысады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Тоқта!». Жүру, «шашырап» жүгіру. «Тоқта!» деген команда
берілгенде – бір орында қозғалмай тұра қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |