Күтілетін нәтиже:
жасайды:
кегельдерді пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды, тақтай үстімен
жүру, допты жоғары лақтыру және екі қолмен қағып алу жаттығуларын.
түсінеді:
кегельдердің қандай мақсатта пайдаланылатынын, допты жоғары лақтыру және
екі қолмен қағып алу техникасын.
қолданады:
аумағы шектелген жерде денесін тік ұстап жүру қабілетін, зал ішінде
«шашырап» жүру қабілетін, доп лақтыру және кеңістікте бағдар табу қабілетін.
Құралдар мен материалдар:
бала санына қарай кегельдер, бала санына қарай диаметрі 20
см доптар, тақтай (ені – 15 см, ұзындығы – 2 метр) – 4 дана.
Билингвалды компонент:
«Жұбыңды тап!» – «Найди пару», сәлеметсіз бе –
здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Спорттық атрибут – кегельдерге назар аудартады. Кегельдерді қандай мақсатта қолдануға
болатынын жан-жақты талқылауға, жауап нұсқаларын айтуға ынталандырады.
Спорт құралдары мен материалдарының топтағы балалардың күшті ғана емес, тату,
ауызбіршілікті болуына көмектесетінін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |