Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 106
Білім беру саласы:
Денсаулық. Әлеумет
Бөлімі: Денешынықтыру
.
Тақырыбы:
Сиқырлы өзгерістер
Мақсаты:
Көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру дағдыларын бекіту.
Міндеттері:
қолды екпінмен жазып, допты көлденең нысанаға көздеп лақтыруға үйрету,
допты лақтыратын қол жанындағы аяқты ақырын алға қою қабілетін жетілдіру. Алақан
мен тізені тіреп еңбектеу, өз қимылдарын қадағалау, арқаны тік ұстау қабілетін нығайту.
Құбылмалы жағдайларда өзінің қозғалыс тәжірибесін дұрыс пайдалана білу қабілетін
нығайтуды, батылдыққа, табандылыққа тәрбиелеуді жалғастырамыз.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:
ойын түріндегі гимнастиканы, көлденең нысанаға лақтыру, арқаға қапшық
салып, төбеге қапшық қойып жүру жаттығуларын.
түсінеді:
екі сапты қалай түзейтінін, төбесіне қапшық қойып жүру, арқаға қапшық қойып
еңбектеу, нысананы көздеп лақтырғанда тиісті аяқты алға шығару техникасын.
қолданады:
нысананы көздеп лақтыру қабілетін, денені тік ұстау қабілетін, алақан мен
табанды тіреп, төрт аяқтап еңбектеу қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.
Достарыңызбен бөлісу: |