Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет503/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

«Карабастың күлкісі»  
Бұл жасанды күлкінің бір түрі. Еріндеріңізбен ғана жымиясыз. Езуіңізді бір жаққа 
қарай созып, жоғары көтеріңіз. Саусақтарыңызбен көмектесіңіз. 
 «Жауынгердің күлкісі» 
Бұл  одан  да  жасанды  күлкі.  Ашықтан  ашық  гримаса  десе  де  болады.  Ол  ерікті-
мәжбүрлі  келісімді  немесе  көтеріңкі  көңіл  күйге  жасалған  пародия  іспетті.  Езулеріңізді 
жан-жаққа созыңыз. Саусағыңызбен көмектесіңіз. 
«…Ештеңе білгім келмейді!» 
Көзіңізді  қаттырақ жұмыңыз және  аузыңызды аздап ашып, жымиыңыз. Езуіңізді 
екі жаққа және жоғары қарай қисайтыңыз (Карабастың күлкісі жаттығуындағы сияқты). 
«Кірпі» 
Ерніңізді  түтікше  сияқты  дөңгелектеп,  алға  созыңыз.  Оңға,  солға  қозғаңыз  және 
екі жаққа кезекпен айналдырыңыз. 
«Бульдог» 
Еріндеріңізді алға қарай шошайтып, езуіңізді төмен қарай түсіріңіз. 
«Сырнайшы»  
Ұртыңызды  томпайтыңыз  және  оны  алақаныңызбен  басыңыз  (ерніңізді  қысып 
ұстаңыз, ауа еріндердің арасынан ысылдап шығуы тиіс). 
«Бәбісек» 
Бірдеңеден жиіркенгендей мұрныңызды тыжырып, ұшын оңға-солға қимылдатуға 
тырысыңыз. 
«Бірқазан»  
Төменгі ерніңізді түсіріп, оңға-солға қозғаңыз (жағыңызды ашпай, тісіңізді қосып 
тұрыңыз). 
«Сусиыр»  
Аузыңызды  мейлінше  кеңірек  ашып,  астыңғы  жағыңызды  оңға-солға 
қозғалтыңыз. Өзіңізді сусиыр сияқты шайнаңдап тұрғандай елестетіп көріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет