108
Б.қ. – аяқты қосып тік тұру, арқан ұстаған қолдарын төмен түсіріп тұрады.
1-2 – арқан ұстаған қолдарын жоғары
көтереді, 4 – б.қ.
2. «Шырмауықты қойып – арқамызды күшейтеміз».
Б.қ. – аяқтың арасын талтайтып тұру, арқан ұстаған қолдарын кеудесін тақап ұстайды.
1– төмен қарай еңкейіп, арқанды еденге қояды.
2 – бойды тіктейді.
3 – төмен қарай еңкейіп, арқанды алады.
4 – б.қ.
3. «Маймылдар отырып, аяқтарын дамытады».
Б.қ. – негізгі тұрыс, арқан ұстаған қолдарын (жоғарғы жағынан ұстайды) кеудесіне
қысады.
1 – аяқтың ұшымен отырады, тізелерінің арасын ашады, арқанды еденге қояды.
2 – бойын тіктейді.
3 – аяқтарының ұшымен отырып,
тізесінің арасын ашады, арқанды қолдарына алады
(жоғарғы жағынан ұстайды).
4 – б.қ.
4. «Қояндар табандарын қыздырады».
Б.қ. – шалқасынан жатып,
табандарын жерге тірейді, арқан ұстаған қолдарын кеудесіне
қысады.
1 – қолдары мен аяқтарын тіктеп жоғары көтереді.
2 – б.қ.
5. «Пысық қояндар».
«Шырмауықтың үстімен жүреміз – табанымызды нығайтамыз».
Арқан үстімен жүру (20 секунд).
Дыбыстар шығару арқылы жасалатын тыныс алу гимнастикасы.
«Ы» дыбысы.
«Ы» дыбысын шығару жұмыс істеу қабілетін арттырады.
«М» дыбысы.
Бұл дыбыс мидағы қан тамырларына жағымды әсер етеді, есте сақтау қабілеті жақсарады.
«А» дыбысы.
Негізгі қимылдарды орындайды.
Көлденең нысанаға лақтыру (құрсаулар лақтыру сызығынан 2 метр қашықтықта) (6 рет).
Лақтыратын қолға аттас аяқты сәл артқа қарай қоюға және лақтыру күшін бөлуге баса
назар аудару. Екі тізбекке тұрады. Әр тізбектен бір бала белгіленген лақтыру сызығына
жақындайды. Себеттен текшені алып, құрсауға лақтырады.
Лақтырғаннан кейін өз
тізбегінің соңына барып тұрады. Бір-біріне кедергі жасамауға тырысады.
20 см биіктен тереңдікке секіру. Секіргеннен кейін тепе-теңдік сақтау – денені тік ұстап,
алға қарап тұру.
Тепе-теңдік – еденге тасталған тақтайдың үстімен жүру, тапсырманы орындау –
тақтайдың екі жағынан жүріп, орта тұсына келгенде екіге ажырау.
Достарыңызбен бөлісу: