Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет244/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). 
 
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. 
Балаларға Денешынықтыру сабақтарының шымыр, күшті болуға көмектесетінін айтады. 
Ойын түріндегі жаттығу: «Қақпалар». 
 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары 
№ 42 
 
Білім беру саласы:
 Денсаулық. Таным 
Бөлімі: Денешынықтыру
.
 
Тақырыбы:
 Епті болуға үйренейік. (
Таза ауада өткізу
)  
Мақсаты:
 Тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру. 
Міндеттері: 
бір орыннан итеріле отырып, көлденең жолмен сырғанауға, тепе-теңдікті 
сақтауға үйрету. Тұрақты түрде тепе-теңдікті сақтау қабілетін жетілдіру, тақтайдың екі 
ұшынан бастап жүріп, екі жаққа айырылып кетуге үйрету. Оңға қосалқы адым жасап бір 
кермеден екіншісіне өту арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеуді бекіту. 20 см 
биіктіктен тереңге секіруге жаттықтыруды жалғастыру. Жерге тізені сәл бүгіп түсу және 
жерге түскеннен кейін тепе-теңдікті сақтап қалу қабілетін дамыту. 
Жалпақтабанның  алдын  алу  –  сіңір  аппаратын  нығайту  және  табандағы  буындардың 
қозғалғыштық қабілетін арттыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет