Міндеттері:
гимнастикалық орындық бойымен етпетінен өрмелеуге үйрету.
Орындықтың екі шетінен ұстап, қолдарымызбен көмектесіп өрмелейміз. Допты бір-біріне
лақтырып, қолдың басын еркін қимылдатып, бір мезгілде қос қолдап қағып алу қабілетін
жетілдіру. Қолды иыққа қойып, аяқтың ұшымен жүруге, тепе-теңдікті сақтауға, сызықтан
шығып кетпеуге жаттықтыру. Балалардың бойында салауатты өмір сүру дағдысының
қалыптасуына ықпал ету, отбасына және жақындарына құрметпен қарауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:
гантельдермен (пластмасса конструктормен) жалпы дамытатын жаттығуларды,
допты бір-бірінен басынан асырып лақтыру жаттығуларын орындайды, еңбектегенде
орындықтың шетінен ұстайды.
түсінеді:
гантельдердің не үшін пайдаланылатынын, допты бастан асырып ұстау
жолдарын, доп лақтыру үшін бір-бірімен жұптасып тұру керектігін.
қолданады:
қос параллель сызықтың ортасымен жүргенде бағыт пен дене сымбатын
сақтау, кеңістікте бағдарлау қабілетін.
Достарыңызбен бөлісу: |