III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
•
ҰОҚ-ны қорытындылайды.
•
Балаларды жымиып тұрған смайл салынған карточкамен марапаттау – балалар
бұрынғыға қарағанда дербес, мұқият бола бастады.
•
Ойын: «Ұшты – ұшты».
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 41
Білім беру саласы:
Денсаулық. Таным
Бөлімі:
Денешынықтыру.
Тақырыбы:
Көңілді тышқандар
Мақсаты:
Футбол элементтерін қолдану, кеңістікті бағдарлау (оңға-солға) дағдыларын
қалыптастыру.
Міндеттері:
алға қарай екпінмен қос аяқтап секіру және тізені жартылай бүгіп, аяқтың
ұшымен жерге түсу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Заттарға жанаспай, оларды
айналып өту қабілетін қалыптастыру (жалпақтабанның алдын алу – табандағы бұлшық
еттерді нығайту). Бір-біріне фитболдарды домалатуға жаттықтыру, көзбен мөлшерлеу
қабілетін дамыту. Қозғалыстың дұрыстығы мен айқындығын дамыту, елгезек әрі
қайырымды болуға тәрбиелеу.
106
Достарыңызбен бөлісу: |