Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау


-сабақ. Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу



бет73/98
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#94821
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98
Байланысты:
матем ҚМЖ1 бөлім

56-сабақ. Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу


Тақырып: Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаттары



3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу
3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы,тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері
3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

Бірқатар оқушылар үшін:

Тіктөртбұрыштың (S=a·b), шаршының (S=a 2)ауданын табу формулаларын құру және қолдану.

Кейбір оқушылар үшін:
Тіктөртбұрыштар мен шаршының ауданын табу формуласын қалай құру және қолдану керек екенін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Аудан деген не және оны қалай табуға болатынын түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология:
Аудан, палетка.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Қандай фигуралардың ауданы бар?
Палетканы қалай қолдануға болады?

Жазу:

Есептерді шығару жолдарын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Аудан туралы тұрмыстық түсінік.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.
Мұғалім адамдарға көне заманнан бері ауданды өлшеу қажет болғандығын әңгімелейді.




4–6




Өзектендіру.
Әр фигураның ауданын квадрат сантиметрмен (торкөз – квадрат сантиметр) өлшеңіздер. Торкөздер санын қалай есептедіңіздер? (Қайтадан санаумен).
Тіктөртбұрыштың ауданын қалай есптеген ыңғайлы? Бізге ережені еске түсіру керек.
Балалар тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданын табу ережесін еске түсіріп, жазып алады.

Қиылған фигуралар.

7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, қандай да бір туындаған қиындықты тауып, оны түзейміз.




12–29



Өзіндік жұмыс.
Оқушыларға 2 мен 3-тапсырманы орындауды ұсынады, орындау нәтижесін эталонмен салыстырады.
Қиындықтарды түзету.
Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?
– Қате кетудің себебі неде?
– Егер өзіндік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз амалыңыздың мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қатені түзету).
– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өз оқу мақсатын айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
– ауданды өлшеу үшін шаралар мен құралдарды таңдауды,
– тіктөртбұрштың S=a·b ауданын өлшеп табуды;
S=a2 формуласын қолданып, шаршының ауданын табуды;
бірліктерді пайдаланып, шамаларды өлшеуді (см2, дм2, м2) білемін.

Дәптер, оқулық,

30–40




Өткенмен жұмыс
Мұғалім оқушының даму қабілетіне қарай, әрқайсысына жеке тапсырма береді.
Өзіндік жұмыс.
№7 топпен орындалады.
Үлгі бойынша симметриялы фигуралар жасайды немесе өздері таңдап алады.

Дәптер, оқулық.

41–45



Рефлексия.
– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындады ма?
– Сіз қиындықтарды алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.

Жетістік сызғышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет