10 мен 100 санына көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіру
Кейбір оқушылар үшін: 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: 10 мен 100 санына көбейту мен бөлудің тәсілдерін түсіндіру
Пәндік лексика және терминология: Көбейту мен бөлу тәсілдері.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау:
10, 100 сандарын қалай санға көбейтуге (бөлуге) болады.
Ынталандыру. Мұғалім көне заманда адамдар әртүрлі құрылыс материалдарын қолданғанын айтады. Және олар ғимараттарды неден салғанын біліп алуды ұсынады.
4–6
Өзектендіру. Бұрынғы кезде және қазіргі заманда ғимараттардың неден салынғанын білесің бе? №1 есептерді шығар және ғимараттың құрылыс материалын анықта.
– Тақтада сан жазылған. Оларды оқыңыздар:
30, 27, 42, 36, 33, 39, 24
– Сандық қатарды кему тәртібі бойынша орналастырыңыз:
(42, 39, 36, 33, 30, 27, 24)
– Сіз нені байқадыңыз? (Сандар 3-ке азаяды)
– Оларды қандай топтарға бөлуге болады? (Жұп және тақ)
– 3 пен 9 санына бір мезгілде еселенетін санды табыңыз.
(27)
–27 санына мінездеме. (26– алдыңғы, 28– кейінгісі, екі саннан құралған – 2 мен 7). 20 мен 7 саны разрядтық қосылғыштар қосындысы болатын санды болжауға болады. Бұл санда: 2 ондық және 7 бірлік немесе 27 бірлік.
– 27 санын әртүрлі өлшем бірлікте көрсетіңіз. (27 см, 2 дм 7 см. )
– Сандық қатарда қандай сан артық болады және не үшін? (30 – толық ондық немесе дөңгелек сан)
– Толық ондық (дөңгелек) сөзін түсіндір. (0-ге аяқталатын сандар)
– Толық ондықтан тұратын ең кішкентай санды атаңыз (дөңгелек екітаңбалы сан), үштаңбалы сан (10, 100).
7–11
Мақсат қою (мәселелі жағдаят). Көбейту, бөлу амалдарын қалай тексереміз?
Қандай қорытынды шығаруға болады? (Бөлу – көбейтуге кері амал.)
Біз кестелік жағдайдағыкөбейту мен бөлу амалдарын білеміз. Ал енді тапсырма орындап көрейік.
Қиындықтардың себебін анықтау.
Кімде жауап жоқ? Кімде жауап бар? Қандай жауап? Тақтаға жауаптар жазылады. Егер дұрыс жауап бар болса, олардың арасында дұрыс жауаптың бар екендігін айтады. Дұрыс шығарғандар қандай үлгіні қолданғандарыңды айта аласыңдар ма? Түсіндіріңдер.
Кез келген топ орындалған тапсырмаға дұрыс түсініктеме бере алмауы мүмкін. Мұғалім бұл тәсілді әлі оқымағандықтарын сезінуге жетелейді. 10-ға, 100-ге көбейткенде сандардың қалай өзгергендігін бақылауды сұрайды. Көбейту мен бөлудің өзара байланысы туралы білімдерін пайдалана отырып, 10-ға, 100-ге бөлуге берілген сәйкес теңдіктерді құрастырады.
Ережені құрастырады. 4 · 10=10+10+10+10=40
Көбейту кезінде нәтижені қалай алдыңыздар? (Көбейтуді бөлумен алмастырдық).
Бұл өрнектен не байқадыңдар? (10-ға көбейту кезінде оған оң жағынан бір нөл түседі).
Ал егер санды 100-ге көбейтсек ше? (200, 400, 500, 700 шығады)
Сабақтың тақырыбын құрастырыңдар (10-ға, 100-ге көбейту және бөлу).
Алғашқы бекіту.
Оқушылар ережені айтады:
Санды 10-ға көбейткенде оның оң жағына бір нөл қосылады.
100-ге көбейткенде, оның оң жағына екі нөл жазылады. Ал 10-ға бөлу кезінде одан бір нөл алынады, 100-ге бөлгенде, екі нөл алынады.
Өзіндік жұмыс. 4-тапсырманы өз беттерінше орындайды. Үлгі бойынша тексереді.
30-40
Жаңаны қолдану. Дәптерден немесе оқулықтан осыған ұқсас тапсырмаларды – есептерді құрастыру және шығаруды ұсынады.
Бағалау критерийлері бар дәптерден өзін-өзі тексеру жұмысын жүргізуді ұсынады.
Мен:
100-ға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды білемін.
Оқулық
41–45
Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»