Жұмбақ
Қуану, ренжу, өкіну, Мақсатым – соны сездіру. Ұранды да айтамын, Қарқындап барып қайтамын.
Жұмбақ шешуіндегі сөз туралы мәтін жаздыру.
Шығармашылық диктант
… әкем келді!
… кеше келсемші!
… әдемі сурет!
... көркем табиғат!
... жерананың құдіреті!
... туған жерімай!
Сөйлемдерді алақай, қап, қандай, неткен, паһ шіркін,
беу сөздерінің тиістісін қойып жаздыру.
***
Ертіс – үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған.
Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.
Бірінші сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаздыру.
Терме диктант
Қаратайға әкесі малақай сатып алып берді. Малақай балақайға ұнады.
Алақай, малақайым әдемі! – дейтін ол.
Сөйтіп жүргенде ауылдан әжесі келді. Қаратай оның алдынан жүгіріп шықты.
Алақай, әжем келді! – деді ол.
Айналайын, Қаратайым, – деп әжесі немересінің бетінен сүйді.
Әже, мені біреулер Алақай деп атайды, – деді балақай.
Алақай деген жақсы сөз, балам. Қуанғаныңды білдіреді. Қуанып, шат болып жүрсең, тез өсесің. Айтса, айта берсін, – деді әжесі.
Қаратай кәдімгідей қуанып қалды. Қуанып, шаттанған соң бұрынғыдан да бойы өсіп, есейе түскендей көрінді.
Қ. Шотбасов
Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.
***
Жарас жазғы демалысында үлкендерге көмектесуді ұйғар ды. Сөйтіп ол хат тасушы болды. Хат, газетжурнал толы сөмкені велосипедінің арт жағына қойып, мықтап байлап ала ды да, жайлауға қарай тартып отырады. Әнеміне дегенше са лып ұрып жетіп келеді.
Шопандар қарқ болып қалады.
Міне, жігіт!
Көп жаса!
Өркенің өссін, қарағым!
Қатарыңның алды бол! – деп, алғыстарын үйіптөгеді.
Ғ. Тәшімбаев
Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.
Достарыңызбен бөлісу: |