***
Сәлім (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық көп. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.
Жақшадағы сөздерді сөйлем мазмұнына қарай өзгертіп жаздыру.
***
Үрленген, қалықтай ұшты, шар. Ұстап алды, қуып жетіп, Алмат, оны. Шарды, апарып, қарындасына, берді.
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құратқызу.
Графикалық диктант
Құстар сайрайды. Сәрсен кітапханаға барды. Әлия мақала жазды. Әйгерім Алматыдан келді.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет-
кізу.
* * *
. .
Берілген сызба бойынша сөйлем құрату.
Ескерту диктанты
Мен көркем гимнастика үйірмесіне қатысамын. Билегенде шауып келе жатқан салт аттыны бейнелеймін. Бір күні әкем жаттығуға қатысты. Үйге қайтар жолда маған ой салды. Биіңе
«Көңіл ашар» күйі дәл келеді емес пе? Үйге келіп, билеп көрдім. Тамаша! Өте жақсы болды! Таптым іздегенімді! Қуанғанымнан әкемнің мойнына асылдым. Күй әуені жаттықтырушыма да ұнады.
«Балдырған» журналынан
Бақылау диктанты
Табиғат және адам
Табиғат пен адам – егіз ұғым. Табиғат – тіршілік көзі. Оны қорғау – біздің парызымыз! Табиғат – адамның екінші анасы. Себебі біздерге мол қазына мен байлықты береді. Табиғатты лас тамай, оны қорғауымыз қажет! (28 сөз.)
***
Арман қала
Астанада көп қабатты үйлердің саны күнненкүнге көбеюде. Олар жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынуда. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Біз сені мақтан етеміз, Аста на! Жасай бер, Ақорда! (27 сөз.)
Достарыңызбен бөлісу: |