Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева


Сөйлемдегі сөздердің байланысы Көру диктанты



бет16/18
Дата27.10.2023
өлшемі59,04 Kb.
#188707
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Қазақ тілінен диктанттар жинағы 2-сынып

Сөйлемдегі сөздердің байланысы Көру диктанты


Ер жігіт елін қорғайды

Терек бүрін қорғайды, Ара балын қорғайды, Шағала көлін қорғайды, Шопан төлін қорғайды, Егінші жерін қорғайды, Ер жігіт елін қорғайды.


Өтебай Тұрманжанов





***


Ақ қар, көк мұз айнала, Қыс кетпеске бекінді.


Желпіп өткен жел ғана Шымшылайды бетіңді.
Тұманбай Молдағалиев



  • Өлеңді жатқа жаздыру. Екінші сөйлемдегі сөздердің бай- ланысын тапқызу.



***


Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқа түндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды.


Нұтфолла Шәкенов

  • Өлеңді жатқа жаздыру. Соңғы екі сөйлемдегі сөздердің байланысын таптыру.



Өздік диктант




Жер бедері

Жер бетіндегі таулар мен сайлардың жинағын жер бедері деп атайды. Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты тау лы және жазық болып бөлінеді. Жер бедерінде мұхиттар мен құрлықтар орналасқан. Жер – адамзат байлығы! Оны қорғау қажет! Аялау керек! (33 сөз.)




Шығармашылық диктант





  1. Ауамен, біз, дем, таза, аламыз.

  2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.

  3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта сақтаңдар.

  4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып.

  5. Отырыңдар, жаңартып, ауаны.




  • Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құратқызу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет