Жауап. П = 40000 а.б.
2. Монополистің өніміне баға 4 000 а.б. 3 000 а.б. дейін төмендегенде оның өніміне сұраныс 3 000 данадан 4 000 данаға дейін өсті. Басқа жағдайлар өзгермегенде фирманың таза пайдасы:
өседі;
кемиді;
сол күйі қалады;
өсуі де, кемуі де, сол күйі қалуы да мүмкін.
Нұсқау.
Алдымен өнімнің шамамен алғандағы өзіндік құнын белгілеңіздер
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Бәсеке ұғымына анықтама беріңіздер
2. Жетілген бәсекелестік дегеніміз не? Еркін бәсекелестік нарығын қалай сипаттауға болады?
3. Жетілген бәсекелестіктің ерекше қасиеттері қандай?
4. Нарыққа мемлекет қандай жағдайда және қандай мақсатпен араласады?
5. Бәсеке тиімді ме, тиімді болса кімдер үшін және неге тиімді?
6. Бағалық бәсеке мен бағадан тыс бәсек туралы не білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 99-123 беттер
2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 130-134 беттер
3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с.155-174;
4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., ,с. 215-227;
5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997 с. с.229-247;
6. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.121-143
7. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 186-201
8. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкон., М. Юрайт, 2003 с.91-119
Достарыңызбен бөлісу: |