1.3 з. Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларында адамның ішкі құлқына қатысты сырларға, ойлау қабілетіне тиесілі құпияларға, адамның ішкі мүмкіндігіне, пендешілігіне өзінің нәпсісіне ие болмау т.б. жақсы да көлеңкелі сәттерге ерекше мән берген.
Қай енбегін алып қарасақ та, адамның психологиясын шынайы ашатын тұстары жазушының өзіне тән қасиеті. Ойымызды дәйектеу үшін «Ақбілек» романының дидактикалық пәлсапалық негізіне тоқталып өтейік. Бұл романның негізгі мұраты уақыт пен қоғам өзгерістеріне орай қазақ қыздарының психологиясы мүлдем өзгеретінін автор сәуегей бабаларымыздай данышпандық тапқырлықпен бейнелеген. Қазақ қызының бейнесінен қоғам тынысын байқатады. Мұны рейтинг жүйесінде сипаттап берейік.
Автордың өз үніне үңілсек: (Баяншының сөзі)
- Өскемен, Бұқтырманың оң жағында Алтай бар. - ұлттық нақыш
Құбыла жаққа құлай аққан Ертіс;
Найман - ру
Бал тамған айна сулы Марқакөл - табиғат
Кеп оңда емес -ау, жараңдар! (Оқырман назарын аудару) (Баяншының сөзі)
Мамырбайдың малайлары қора жамап, пішен қалап... Мамырбайдың Ақбілегі қасындағы қыздарына қабақ шытып, қаңқыл етіп, даусы саңқыл-саңқыл етеді!
Көзім тартып тұрғаны несі? (Тотем)
...терең шаттан іннен шыққан қасқырларша, шұбап төрт атты келеді. (Жамандық нышанасы) Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бөктірді.., Өңкей орыс.
(Баяншының сөзі)
- Мамырбайдың бәйбішесін сокқыға жығады, қызын тап дейді. Бәйбіше қызын бір апанға тығып кеткен. 25 қамшыға бәйбіше үн шығармайды, Ақбілегі естімесін деп. Аялап өсірген жалғызын «кәпірге» қалай қисын.
Шиеленіс - Шұңқырға жақыңдаған адамнан көмек сұрады, бірақ, ол көмек бермеді.
Дүрсіл ауылға келді.
Жонына шойын тағалағандай апасы сіресіп қалса да, елемей, шыңғырған дауысқа қарамай үкідей ұшып келеді.
- Қызын бүркітше бүріп, іліп жатқан екі орысты анасы екпінімен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай балапанын бас салды. Болмаған соң орыстар мылтық дүмін жұмсады.
- Босанған Ақбілек анасының қалып бара жатқанын көріп, апанға түсіп кетті.
(Баяншының сөзі)
Үш орыс қызды көтеріп, ойбайлатып, алды да жөнелді.
- Оққа ұшқан Бекболат Ақбілекке жанашыр. Бекболат бірінші жақта сөйлейді. Жасы-27-де. Шашақты сары қыңды мүйіз сапты өткір кездігім -менің өнерпаз жігіт емес еместігіме айғақ.
- Бұрын қой 500-ге, жылқы - 200, сиыр - 60, түйе-20-ға жетсе, осы күні санасақ, 1/4 де жоқ.
Әкеміз елу басы, ауылнай би болған. Хат тосқауыл. Ақбілекке ұрын келе жатыр едім, Ақбілектің «апатайлаған» дауысын естіп, орыстарды қуып бердім. Оң иығыма оқ сап етіп, басым айналып кетті. Жұртым-ау! Меңде не жазық бар?
Офицер (монолог) - ішкі ой
Адам лажсыз өзінің тілегіне бағынады. Мен - Тамбов губерниясының бай алпауытының кіші баласымын.
... орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн көре алар ма еді? Тек қымыз ішіп, қарнын сипап, қатынына қарап, борбайын тыр-тыр қаситынды біледі. Патша казақты қара жұмысқа алам дегеңде, қандай қорқып қара қиратылып қалды. Баяғыда қазақ орысқа қарағаңда, қатын патшаға солдат алмаймын деп, қолхат беріпті-мыс. Офицердің монологы арқылы қазақ - орыс елінің тарихына көзқарас. Тегінде қазақтың солдат болудан қорыққаны бізге теріс те емес. Әйтеуір қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ. Ендеше орысқа бағынуы керек. Орыс осы жерге сыймай жатса, бос тұрған жерді алмай қайтеді? Баяғыда орысты үш жүз жылдай татар билеп тұрғанда, қазақ соның ішінде, қандай қорлық көрсетпеп еді? Ордаға барған елшілерімізді тақтайға жаншып, үстінен билетіп өлтіріп еді?
Біз келейік деп келгеніміз жоқ, құл-құтанға басыңдырғымыз келмейді. Біздің де қанымызда нәпсіқұмарлық бар. Қазақтың қара көздерінің сиқырлы күші Еврей әйелдерінен кем емес. Әйелдің сүйгенін тілейтін біздің өз еліміз бар ма?
Келешегіміз - аяз, аштық, соғыс ажал.
Мұқаш (Монолог, ішкі құлық, өзінің кейпін бірінші жақта сипаттайды).
Портрет: таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасы-35 те. Аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай түзеле бастадым. Жылы жұттан кейін пароходқа міңдім, Өскемен, Зайсан, Семей қалаларында орыстың тілін үйрендім. Мен неден тайсалам? Жалғыз кемдігім: қағаз танымаймын. Қолым хат білсе, Күршім өзенін теріс ағызар ем. Біресе қызыл, біресе ақ басып, қызметке орналасуға кедергі болды. Елге келген соң ішкі пікірім ішімде ақтардың «адамы» болдым. Ақтар маған жақсы қыз тауып бер деді. (оқиғаның бастау көзі) Мамырбайдың Ақбілегі есіме түсті. Ағасы менің басқан бояуыма шағым жасаған тұсы, енді мен несіне аяйын деген ой келді.
* * *
Баяншы сөзі
Алыс-жұлыс, ауыр күйік аттың соққысынан Ақбілектің сілесі қатып аттан түскеңде өлген адамша сылқ ете түскен.
Ақбілек жер қорқақ ботадай, аяғын аңдап басып, сығалап қарап, жапсарды ашып, тысқа шықты.
Талдың тасасына түсейін деп шеткі қостың артынан жаңа аса беріп еді, қос даласыңда мылтығына сүйеніп, қақиып тұрған бір орыс жалт қарап:
- Стой! - деп зекіріп қалды. Сөйткенше болмады, атымен бір орыс жүгіріп келіп, құшақтай көтеріп қосқа ала жөнелді. Ақбілектің көзі шарасынан шықты.
Ақбілекті аш белінен жібермей қысып, бетіне аузын ала ұмтылып еді, Ақбілек теріс қарап, бұлқынып сүйгізбеді.
Олар күліп, жақындап жатқанда, төрде жатқан ұзын бойлы, ақ құба, қара мұрт орыс оянып қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. Қарқылдасқан, қайғысыз, қамсыз көп орыс ортасыңдағы қара мұрттыны есебі де Ақбілекке жұмбақ боп көрінді. Әйелге біткен жеңсікқойлық мұны да жеңді ме, қапаста қапаланып отырған Ақбілектің көзі қара мұртқа түсті.
(өзара кикілжін) Қара мұрт Ақбілектің жан жарасын әлде көзінен оқып білді ме, басқа сезім көрінеді ме, кім білсін. Жирен орыс сүйейін деп тағы келді, Ақбілек сырт беріп тыжырынды.
Жирен орысқа қара мұрт бірдемені айтты.
Жирен орыс пен қара мұрт біріне-бірі тағы да бірдеңе деді де, аяқтарын нығарлай басып, енді екі жаққа қарай жөнелді, сүзісетін қошқарларша екеуі біріне-бірі қарап тұра қалды.
Өлген жирен орысты көп орыс алып кетті. (Дуэль).
Теке көз тілмаш екен.
Өзге төрелер сені бәріміз қатын қыламыз деп еді, бұл кісі оған обал еді. Онда бәріміз хайуан боламыз деді (натурализм).
Жалғыз-ақ қара мұрттының жанында қалғаны рас ... Бірақ ойбай-ау! Ер жігіт деп отырған аузы түкті кәпір ғой! Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, тұрып сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі тартатын.
(Монолог)
Мұқаш:
Еңді бұ беттен қайтуға өткел жоқ. Дауа жоқ.
Баяншы сөзі
Мұқаштың әйелі Алтынай «ұлықтың» әйелі ғой.
Мамырбай бәйбішесінің мерт болып, қызының жоғалғанын естіп өгіздей өкіріп, сылқ етіп отыра кетті.
Бекболат жараланыпты.
Бұл іс кімнен келді?
Құрбан қажыдан көрді. Әбеннен көрді.
Сұрастырып, осының бәрін қысылып жүрген Мұқаш екені кешікпей ашылды.
Алтынай үстелдегі батес көйлегін, жасыл жеңсіз, сырмақ түн баласы Мұқаш тұрақтамайтынын бәрі-бәрі естілді.
Қызылдар ақтарды ұстап жатты.
Қызылдар сол ауылда бекініп жатқанда, Мұқаш ақтарды алдап үстіне алып келсе, қызылдар тарпа бас салды. Тасасынан атысуға мұршасы келмей қасына Ақбілек бірте-бірте тұтқынға еті өлгендей, бойын үйреткендей болды.
Алты атарын алып, Ақбілекке бергеңде де, Ақбілек шаңқ етіп, безілдеп кезеулі мылтыққа қарсы тұра жүгірді.
Қара мұрттың кезелген қолы сылқ ете түсті. Мені неге атасың? - Ақбілек зорланып, қара мұрттың мойнынан құшып, аймалап сүймесін бе ?
Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойраңдап кеткен озбыр омырау, өксікті күңдер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстан бара жатты.
Көшкен орыстың жұртыңда бұралқы күшіктей қаңғырып Ақбілек жалғыз қалса да, жалғыздығына өкінген жоқ.
Саялдық қара бұлттар-ау!
Күздің сарғыш жапырақтары-ау!
Ұлыған дауыс анық алыстап бара жатады да, тағы естіледі.
Әлден уақытта арсалаңдап бір аш қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды.
Ақбілектің жан даусы ... шыр ете түсті.
Ақбілек қасқырдың қарсы шабатынын білгендей, жалма-жан жан ұшырып, қостан атып шығып, айғайын салып, ағашын сермей берді.
Қасқыр қамалайды. Ақбілек сабалайды, қасқыр абалайды. Қасқыр долданады. Ақбілек дөңгелейді, қасқыр күркілдейді, Ақбілек шырылдайды, қасқыр қырқырайды.
Отты көріп қасқырлар кетті. «Өлмегенге өлі киік».
Ақбілек Асуға түсті.
Орыс шіркін адамды аямайды екен-ау.
«Ақтар, қызылдар» деп отырушы еді. Сонысы ма әлде ?
Торғай қашан аузына кеп түскенше, көзін қадап қойып, айыр тілін жалақтатып жатады екен сұм жылан.
Ақбілек сұр жыланды сойылмен салды келіп қақ бастан».
Іскендір - дуана адам.
Дуана Ақбілекті жолға салып жіберді.
Дінсіз орыс еркелеткен арам денесін, қасиетті дуананың арқасына артуды обал көрді.
Ауылдан кісілер келіп, Ақбілекті аяп кетеді. Ақбілек 15-те еді.
Ақбілек ұсталғаны туралы жігіттер айтып өтті.
... бұрынғы кіршіксіз, әппақ кеудесіне енді қарақұзғын ұя салып кеткен тәрізді.
Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын.
Ойбай-ау! Менің күйеуім ше?
Екінші бөлім
Бекболат жарасынан жазылады.
Ақбілектің ағасы Төлеген қалада тұратын.
Тақырдың жылтыры (емханадан көреді).
Ақбілек әңгімесін білгісі келді.
Оның қасында Ақбілек қонған үй Мұсатай.
Халқының көз жасы үшін матайдың Әбенімен ұстасып жүрміз. Бекболат ішінен: «Әбеңді - арыстан, бұл тышқан ғой» деп ой алды, онысын айтқан жоқ.
Елден Жаңбырбай келеді.
Жылтыр Жаңбырбайдың, Ақбілектің келгенін біліп, Бекболаттан «сүйінші» сұрады.
Жай жүрген Бекболатты арызға тартады.
Бекболат Ақбілектің ағасының үйіне барды. Ас істейтін матушке:
Көп комиссар келеді.
- Арақ көп, ....ба.
- Төлеген үйінде көп киім-кешек. Бұл - байларды тонаудан түскен пайда.
Төлеген партияға жазылған жоқ, қызылдар құлап қалса, кім біледі ... Тоқтай тұрайын деп ойлайды ...
Төлегеннің қонақ шақыруы да жағынуы еді.
Төлеген «продком»
Мұқашқа да дұрыс қарайды (шешесін өлтірткен, қыздарын масқаралаған).
Төлеген Бекболатқа құрақ ұшады.
Губерниядан Ақбала деген губревком мүшесі келсе, сол да қонаққа келеді.
Қонаққа алдымен Ыхаң, Тыпан келеді.
Ыхан шылымын жуантық қылып орап, шүмекке анашасы болған шолақ мүштігіне нығарлап бұрай сұғып, жылқы тістеген «майлы аяқша» бір езуіне ыршып қисып отырды.
Дәрігерлер темекі де, арақ та, апиын да у дейді:
Ыхаң арақтың игілігін көрген, орыстан қатын алған.
Ақаң да, Тыпаң да дәулет құсы бастарынан ұшқан адамдар еді.
Ықаң большевиктерге қарсы, өңшең қылқан кескендей жас офицерлер де келді.
Ақбала тойған қозыдай. Киімі қоңырлау, жүріс-тұрысы солапаттау Балташ деген жігіт. Бір көзін аса, бір көзін баса қарайтын. Доғал деген қара бұжыр.
Балташ - уез бастығы, Доғал - әкболбас (жер бастығы).
Төртіншісі Доғаның жанында ершіктей, Балтаның жанында шапашоттай жымырайған Жорғабек деген кісі.
Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып:
- Ей, мынада Каутский де бар ғой, - деді. Төлеген ауыз үй жақта жүріп:
- Бізде Энгельс те бар, Марксші болудан да дәмеміз бар, - деді.
- Уай, қойшы! Сен Марксші болып жарытпассың, - деп төсекте жатып Балташ кекете сөйледі.
Жорғабек пен Тыпаң ым-жымы бір кісіше бастары тиісіп, күбірлесіп, бірдеңе айтып отырды. Тегі, арақтың жайын сөйлесіп отырды білем. Жарғабек:
- Ішуге неге болмасын? - деп қалды.
Ақбас аяндап жүріп әдемі кроватьқа, масаты кілемге, барқыт орындықтарға көзі түсті, қабырғадағы ілулі Ленин, Горький жолдастардың олармен қатар Төлегеннің суретін де байқады, шкафты, үстелді, ана жақтағы киімдерді де шолып өтті. «Тұрмысың жарайды, жігітім!» - деген мәнде аяңдап жүріп: (соқыр сезім)
- Ым-ым ... да, - деді.
Соқыр сезім, таңсыққойлық, кеңестік тәртіптің ішкі құбылысына айналды.
Эмпириялық «синдром».
Ақбала:
Уездік жерде кім қызмет қылады?
Кім қалай тұрады? Кімге сенуге, кіммен істеуге болады? Олар немен шұғылданады? Қаңдай кітап оқиды? Орыстармен арасы қаңдай? Кедейшіл, байшыл, адалы, арамы қайсы? Әлгі «ым-да» дегені «сенің жайыңды да білдік» дегендей бір қорытынды пайда болды.
Ақбала тұтқиылда (спонтанно) Балташтың қасына тоқтай қалып:
Sit - Мұндағы байлар, тегі жақсы тоналған ғой? - деді. Толғаныс
Құбылыс: «үйдің төбесіне карап, шашын үрпите, уқалап, «сен коммунист болсаң, мен де коммунистпін» деген түрде шалжиып жатқан Балташ оқыс сұрауды естіген соң, еңсесін азырақ көтеріп, мойнын қыңырайтып, бір көзін сығырайтып:
Үрдіс: - Е, сболыштарды өкіртті ғой! - деді.
Балташ Ақбаланың не оймен сұрағанын болжай, өзінше байшыл, кедейшілдігімді сұрады ғой деп жорып қап еді.
(ішкі бүкпе, адамның құбылуы пайда болды. Іші бір түрлі, сырты басқа).
Сұрауына Балташтың теріс мән бергенін Ақбала сезе қойды да, оған сезімін сездіргелі:
Сол мүліктер орыстың қолында кетті ме? - деп сұрады.
Бұл сұрауға бәрі де құлағын тігіп аңтарыла қалды. (ұлттық қордың басқа жұртқа көшуі)
Балташ барқыт орыңдықтарға қарап:
- Е, мекемеге келген мүліктен біздің кейбір жігіттердің де алып, ұстап жүргені бар, - деді.
- О кезде ана жақта жүріп, құлағы шала-шарпы шалып қалған Төлеген:
- О, не?-деді.
Балташ:
- Жай, әншейін, - дей салды.
Етті үстелге әкелісімен, Төлеген төр үй жақтан ішіне тығып бірдеңе алып келді. (Әлі ұят бар).
Тыпаң жымың ете түсті:
Ықаң шыдай алмады: алдында тұрған стакаңды ұсынып: (Арақтың, басқа дәстүрдің орнығуы)
- Бұ жарықтықты әуре қылмай құйшы, қарағым! - деді.
Жұрт ду күлді. Манадан бері сыпайысып отырған Ақбала да:
- Аксақал айтты ғой, құй еңді! - деді.
Балташ жан-жағына алақтап, Бекболатқа:
- Әне, бір әйнектің шымылдығын түсіріп жіберші, - деді (сақтық).
Тыпаң жыбырлап, Ақбалаға қарап:
- Жаңа келген қонақтардың құрметі үшін ...
Ақбала жұлып алғаңдай:
- Әлеуметтік маңызды бар жұмыс үшін ...
Со кезде Балташ:
- Жасасын Совет өкіметі! (Ұраншылдық)
Екінші көтерісте - большевикті, үшіншіде - қазақ автономиясын, одан кейін - жаңа қонақкты т.б.
Бір бөтелке спирт, бір жарым бөтелке арақ болды.
Тек Бекболат ең соңғы көтеріске қосыла алмай, көзі бажырайып, шанышқы мен әлек боп отырды (мас).
Ыкан көбінесе араққа дәңдеді (Құмарлық - нәпсі).
Орысшалау, түтін салысу, күлісу ... мидай араласты. Бұлардың сөзіде, өзі де Бекболатқа түсініксіз болды. Бұларды басқа дүниенің адамдарындай, оқымағанның кемдігін Бекболат сонда бір қатты сезді.
«Бұлар да өзіміздей жігіттер-ау! Оқысақ, біз де осылардай боламыз-ау! - деп азырақ күндегендей боп отырды. Әйтсе де өзін елемегеніне қорланып намысы келді.
... Еңді мынау өңшең орысша сөйлескен, шылым тартқан, арақ ішкен пысық, бықысқан қазақ әкімдерін көрген соң, тағы да Бекболаттың елі есіне түсті.
Әкей де сөзбен әулігіп кеткен бір түрлі заңбас адам ғой! «Мені керек қылмағаны ма?» - деп ішінен әкесіне ренжиді (Елдің бірлігінің кетуі).
Бір мезетте әкімдердің аузынан Бекболаттың құлағы «Матайдың Әбеңі», «Мұқаш»деген сөздерді шалып қалды. Мұқаш - кәдімгі Ақбілекті шығарып беретін Мұқаш. Әбен мұның әкесімен араз болып жүрген Әбен.
Сөйлеп тұрған Балташ екен (Намыстың жоқтығы).
Әбен - зияңды элемент. Рас, Мұқашты да тап-таза жігіт дей алмаймын.
Елге зияны тиген шығар, бірақ оның зияны байға тиді. Ол нағыз - коммунист.
- Жолдастар, маған сөз бер, - деді Доға.
Матайдың Әбені болыс болғаны шын, елге беделі бір. Құр бай екен деп, барлық байды жоққа шығаруға бола ма? Бұл арызды жазып отырған Тақырдың жалтыры. Бұл арызды қолданып, іс қылуға болмады. Бекболат ойда жоқта арызға қол қояды. Мұқаштың қылмағаны жоқ, қыз, қатындарын бастырған, - деген кезде Төлеген қызарып төмен қарады.
Бекболат та жерге қарап кетті.
Доғаның Мұқашты жамандағаны ұнаса да, Бекболатқа Матайдың Әбенін жақтап сөйлегені ұнамады.
Тыпаң сөйлеп отырып:
«Қүдай» деген сөзді не қылмаңыздаршы, сөздің аялғысы ғой ... - деп сасқалақтап қалды (Орынсыз үрей).
Балташ кедейдің баласы, қолынан келсе, өзі де кедейшіл болғысы келді. Күреңбай етікшіні болыс қойып жіберген. Күреңбай Балташтың кісісі боп, осы қаладағы бір тәуір келіншекпен тамыр қылған (Жеке бастың қамы).
Әбенді жақтап отырған Доға да сұлу қыздан дәмелі.
Жорғабек ақтардың жағыңда болып, бертін кешірім болған соң, бұлардың арасынан қызмет алған. Оның түпкі ойы - бір үлкен орын. Сыртқы түрінде ептілік, шешендік, әлеуметшілдік, ісшілдік, бүтіншілдік байқалатын. Әркімнің болмысына қарай құбылып, өз пікірін әсте сездірмеуші еді. Төлеген екеуінің мінезінде бір ұқсастық бар еді. Бірақ Төлегеннен гөрі өтімді, тартымды, білімді, алғыр (Мансапқойлық).
Ықан Төлегеннен рұқсат сұрап үйіне кетті, өйткені бұл әңгіме түсініксіз.
Төлеген түк сөйлеген жоқ (Қорқақтық, сенбеушілік).
Манадан ымдап отырған Ақбала көсемсіп: (Білгеніне адамдардың пікірін өз пікіріне қосып айтатын).
Ақбала:
Үнемі әмір иесі болғысы келеді.
- Бізге төңкеріс көктен түсті. Қан төккеніміз жоқ.
Өкімет жолшынікі.
I ағым.
Біз төңкеріс жолына түсуіміз керек.
Байдың жер-суын, мал-мүлкін, артық қатынына дейін кедейлерге тартып әперу керек. Қолма-қол теңгеру керек.
ІІ ағым.
Парадигма.
Төңкерістен мән шықпайды. Онымен кедей теңелмейді. Кедейлер байлардың малын пайдаға асыра алмайды, жау малыңдай ішіп - жеп қоюы, сөйтіп, жалпы мемлекеттің байлығы кемуі, сол кездегі дерт, жұт, ашаршылық, соғыс, елдің шаруасын күйзелтуі, байды кедей қыламыз деп жүріп кедейді бай қылу қаупі, кедейдің оңай олжаға қызығып кетуі, еңбекке үйренбеуі, коммунизм қайшылығы, кедей ақыл-ой, сана-саңылау жағынан теңелмей, жалаң малмен теңеле алмайды.
Бұл жиылыстағы білімі тәуірлеуі Жорабек еді. Ол: Саясатпен тап тартысын ашуға бола ма?
Өнерсіз жұртта социализм орнатуға бола ма?
Тарихта оңдай тәжірибе болған ба?
Біз капитал дәуірін аттап өтеміз бе?
Орысқа тұтынған жол қазаққа да жарай ма?
Жер жүзінде төңкеріс болмай тұрып, бір жұртта социализм орнай ма?
Тапшылық туралы қазақтың өткеніне қаңдай негіз бар?
Мұны Ақбала ұнатқан жоқ: Сіз Марксті оқыған көрінесіз. Неге төңкерісшіл емессіз?
Жорабек: Біздің төңкерісшіл еместігімізді қайдан білесіздер?
ІІІ ағым.
Комиссар Балташ баяндама жасау үшін берекесі қашып отырғанда, омыраулап Мұқаш кіріп келді. Мұқаштың мәселесі тексерілсін деген ақпарат. Сондықтан Балташ Мұқашқа «отыр» деп те айтқан жоқ. Өзінің болыс болғысы келгенін Балташ қолдамады деп бюрода Ивановқа Балташ жайлы шағым айтады (буржуа деп).
Ақбілектің тағдыры. Соңғы кезде Ақбілек Бекболатты көп ойлайтын болды.
Бекболаттың хаты: ... «Біздің көңілімізде бөтен ниет жоқ». Хатты әкелген Ақберген. Оны Ақбілек көргісі келсе де, басы қаралы екенін, жолығу жеңілдік болатынын ойлады.
... Бекболат төрт-бес күннен кейін келетін болды. Бекболат келіп-кете салысымен, Ақбілек толғақ ауруына ұшырады.
Әкесінің көзқарасы: «Қарағым» - деп, маңдайынан иіскейтін (бұрын).
Ақбілек оңашада бір ауыз сөз тіл қатпағанына капа болды. Әкесімен екеуінің арасынан қара мысық өткеңдей. Ақбілекті күрсіндірген жаңа қайғы осы еді.
Баланы асырап алған Ұрқия жеңгесі жайлы мәлімет: Ұрқия 27 жаста, баласы жоқ. Ақбілек қара мұрттың қылықтарын асырыңқырап айтатын болды. Өткен күндер бір түрлі жиренішті болса да, айта-айта жиренішті жақтары ұмытылып, сұлу жақтары көбейіп, ертегі тәрізденіп кетті.
Бала мен әкенін арасының ажырауы. Әкесі Төлегеннің келмеуіне ренішті. Ақбілек әкесіне ұнаушы еді. Әдепті, салмақты болып өсіп еді. Әкесін бүйтіп қор қылып кеткенше, Алланың ақ өлімінен кетсе, не арманы бар еді?
Ақбілегін жақсы көретіні, аяғаны, қызғанышы, өкінгені, жиренгені, қорланғаны (интерриоризация). Зіл қара тастпай бір бітеу жара пайда болды.
Еңді Ақбілек әкесіне масыл болды.
Отбасына өгей шешенің келуі.
Ақбілектің үйінен кетуіне қозғаушы күш.
Арасы ұзамай, Мамырбай Өрікке үйленді. Өріктің сипаты: көзі тікшиген, жұқа қабақ, қайқы ерін, таңқы мұрын, тымырайған, тымпиған, қайқаңдау қара сұр. Үйге жылан кіріп кеткеңдей.
Мамырбайдың психологиясының өзгеруі: Топырламай шығыңдар (Сара, Қажыкен деген балаларына).
Өрік Ақбілекке: «Құдай сендей әбиірі кеткеннен сақтасын!» - деп бастырмалатады.
Өріктің өшігуінің үдеуі: «Адам айуанның айуаны ғой, кімнің басына зобалаң туса, соны табалайды. Сонны табалауға, мұқатуға, батпаққа батыруға құмартып тұрады. Өйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды. Оны өзімен бастас қылуға тырысады. Ең соңғы өштігі Ақбілектің екі қабат екенін ақсақалға ескертті», - автор сөзімен беріледі.
Ақбілектің күйі.
Түнеугүні Әбен аулына барғаңда, Ақбілекті басқа жерге жібермек болып еді.
Әбеннің тіліне еріп, сүттей үйіп отырған құдасына қызын Бекболатқа бермейтінін айтып жіберген. Қызың толғатып жатыр дегеңде, ақсақал: - Кетір, кетір, бәлекетті!
Бір жалшы кемпірдің құжырасына әкелді. Көркембай кемпірдің үйіңде Ақбілек ұл тауып, оны Ұрқия асырап алады.
Өзгеріс.
Арада бес жыл өтті. Ертістің оң қабағыңда Семей, солында Алаш қаласы. Осы Семей мен Алаш арасында Арал бар. Елдің бәрі соңда. Сол Аралда көк теңбіл желек жамылған, аппақ шөлмектей бір келіншек, апыр-ау, өзге жұрт Арал кезіп, арақ-қымыз ішіп, қызыққа батып жатқанда, жападан жалғыз отырған неткен келіншек екен?
Аузы жыбырлап, жынды кісіше, өз-өзінен сөйлеп отыр: «Есіл оң жақтағы дәурен-ай ! Елім-ай, жерім-ай ! Сағындым-ау ! Қайтейін, - деп отыр еді ол.
Екі әйелдің әңгімесі: Екінші келіншек басына түскен ауыр тауқыметін айтады. Қытай асып, одан қайтып келгенде, әкесін түрмеге қамайды. Оны қызын беріп, аман алып қалуға ағасы себеп болады. Қап-қара аюдай біреу (күйеуі) біраздан кейін мені қалаға алып келді. Бәрі келіншегің құтты болсын деп, қайырлы болсын айтты... Күйеуі пара алғаны үшін жұмыстан шығып қалды. Сөйтсе, оның баласы мен орыс қатыны бар екен. Баланы алып кел дедім. Бірақ баласын да, орыс қатынын да тастады. Сол бала артынан көшеде қайыр сұрайтын болыпты.
- Осы күні күйеуің кайда?
- Қызметпен басқа қалаға кетті.
Күйеуі - Доға. Доғаға тиген - Кәмилә. Екінші келіншек - Ақбілек.
Кәмиләға Акбілек өзінің өмірін әңгімелейді. «Босанғаннан кейін, бір жарым ай дегенде, ағатайы қалаға алып келіпті. Әкем үндеген жоқ... Ағатайым Оралқан деген бір қызға үйленді, сол жеңешем мені адам қылды. Мені ағатайым бала оқытатын курсқа берді. Бірер жылдан кейін Ақбілекті Орынборға оқуға жіберген. Орынбордың рабфагына түсірген. Ажар деген екі қыз бардық. Ажар жеңілтек екен. Қалалы жердікі. Ешкіге ұқсаған қызы түскірлер секектеп отырмайды екен. Орыс қыздары тіпті ұят дегенді білмейді. Оларға еліктеп, қазақ қыздары да бейбастақтық жасайды. Жігіттер мені де айналдырды. Бозбалаға несіне қызығайын?
Бұрынғы тартқан азабым аз ба? Жігіттерге көнбеген соң, үстімнен арыз түсірді. Ұрып кететін болды. Екі-үш күнде бір айғай-ұйғай болып, сөйлесіп жатқан ...
500 бала, үй тар, суық, отын жоқ, сасық, тамақ жоқ. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу бас болып, Семейге келетіндермен бірге келдім...
Заман оқығандікі көрінеді. Әй, біздің қазақтың көрген күні құрысын!
Ақбілек тағы да Орынборда үш жыл оқиды. Біздің учитель сол жерде Ақбала мен Балташқа таныстырды. Ақбала орта бойлы, маңдайлы, аққұба жігіт. Ақбалаға көңілім кетті. Оған Балташ килікті. Балташ Акбаланың көрсе қызар екенін дәлелдеу үшін, күнделігін Ақбілекке ұрлап әкелді. Ақбала оқыған қызды ұнатпайтынын жазған. Балташ хатты оқып болған соң, Балташты мүлдем түнілту үшін, өткен оқиғаны айтып салдым: «Несі бар? Мен де қыз емеспін. Мені орыс та алып қашқан. Бала да тапқам...» Арада бір күн өтті, мені Ақбала шақырып, хат жазыпты, Ақбаланың қабағы келмейді: « Бұрын сенің басыннан еш нәрсе өткен жоқ па? -» деді. «Жоқ!» - дедім. «Шыныңды айт, бәрібір ол ашылады ғой!» - деді. Мен: «Рас» - дедім. Ақбала: «Олай болса, Сізді маған тағдыр жазбаған екен. Мен Сізді қыз екен деп жүр едім.» - деп Ақбала тұрып кетті. Мен аңырып отырғанда, қайдан аңдып жүргенін білмеймін, Балташ жетіп келді. Балташ: «Сенің өткен өмірің ештеңе емес, өйткені сен оған кінәлі емессің». Сөйтіп, ертеңіне ЗАГС-ке жазылдық. Жазылуға барсақ, баяғы менің бетімді ашатын қара мұрт сонда қызмет қылады екен.
- Ой, жасаған-ай!
- Менің атымды естігенде, бетіме қарай қалды. Көзі ішіп-жеп барады. Шыққан соң қарасам, қара мұртым аңқиып, мойны қисайып, артымнан қарап тұр. - Кім білсін ... Көзіме жылы ұшырап кетті. Мен «кеттім» дегендей, әнтек басымды изедім. Ол шашын ұстай алды. Өкінді ме, кім білсін?
- Күйеуім осында, бірге келдік. Демалыста үйге бара жатырмыз, - деді, Нұр зайсан өңірлі. Басында жіңішке жібек, ақ панама, бойына киімі құйып қойғандай, аққұба, қара көз әйел палубаның шарбағына сүйеніп, пристаньдағы жыбырлаған жұртқа көз салып тұр. Балташ - астанада бір тәуір комиссар. Семей, Орал, Бөкей губернияларында қызмет істейді. Жолдастары Ақбаланы сұрады. Балташ:
- Ақбала - қиялшыл жігіт.
- Жорғабек қандай адам болып шықты, - дегенде:
- Уай! Оны қойшы ...
Балташ саясатқа басшы болмағанымен, басшыға таяныш болатын табанды жігіт еді. Жолдасқа опашыл, уәдешіл, кейде шен құмарлардың соңына еріп кететін.
Пароход сорпа жалағыш кәрі төбетше, суды шолп-шолп ұрып, қозғала бастады.
Жолаушылар жолшыбай бір ауылға түсіп, демалуды жөн көрді. Сұрастырып қараса, «Бекболат ауылы» екен. Ақбілектің жүрегі бүлк ете түсті. Үйден қалбаңдап Бекболат шықты. Ақбілектің көзіне көзі түсіп кеткенде, қызарыңқырап қалды. Құрақ ұшып жүгіріп, есік ашып, кіргізіп жүр. Төсегінің алдында бұйығылау, келте мұрын, қараторы келіншек іс тігіп отыр. Келіншек әйелдердің еркектермен тізерлесіп, төрге шығып кеткенін жаратпай отыр. Ақбілек өзінен артық болған соң ба, кім білсін, әйтеуір «әдірам қал!» деген қарасы еді. Ақбілектің бұрынғы арманы аяқ астында қалғандай. Өзі бір жаңа дүниеге көшкеңдей, бір жоғары көңіл пайда болды. Бекболат бұрынғыдай емес, сақал-мұрты да көбейіп, бет-аузы да әжімденіп, бойы да аласарып, қораш болып қалғандай көрінді.
Марқакөлдің шыныдай тұнық суы да, көл жиегіңдегі иірім-иірім ауыл да, жер - дүние жымыңдап, сыңғырап тұрғаңда Ақбілек туып-өскен аулына жетті. Әкесі Ақбілектен күдер үзген. Қыз оқып, не жарытады деген ойы бар еді.
Әкесінің: «Қарағым, Ақбілекпісің?» - дегеңде, даусы қалтырап, көзіне жас келіп қалды. Ақсақалдың көңілі тасып отыр. Ақсақал тай сойды. Жұрт сабалап қымыз әкелді. Акбілек пен жеңгесі қызыл отау тігіп, жастарды, әйелдерді оқытпақ болды. Ақбілек жат, өнерлі. Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Ақсақал именеді.
Бұл мәтін оқытушылардың оқу технологиялық қағидасын пішіндеу үрдісімен меңгеруіне әзірленіп берілді. Дәл осы қағиданы мониторинг жасау үшін, рейтинг жүйесіне жіктеп келтіруге болады.
Қорыта айтсақ, бұл берілген романның ең негізгі нүктелері Шаталов тілімен айтсақ: «точка опоры», қазақшаласақ- ең қажетті «тірек нүктелері». Романның белгілі бір ғана көрінісі пен құбылысын үзінді ретінде алсақ, романның мұраты, немесе автор көздеген мақсат-мүддесі оқырманға белгісіз болып қалады және оқу қағидасының тұтастық жүйесін бұзады. Жоғары оқу орнында оқитын студент болсын, мектеп оқушысы болсын, жай оқырман қауым болсын рухани қуатты дербес жиюы - басты нысана. Ендеше, оны тек осы жүйеде ашып, құңдылықтарды халқымыздың болмысына тиесілі қалпыңда бернелеуіне (Жүсіпбек Аймауытовтың өз термині) роман толық мүмкіндік туғызып отыр. Халыктың бет-ажарын айғақтайтын салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын, сенімі мен ырымын романның өн-бойынан аңғарамыз. Себебі - Жүсіпбек Аймауытовтың ой саптауы деңгейінде технологиялық талап мүддесіне лайықтап, 346 беттен минимәтін шығардық. Бұл шығарманың құндылығының жиынын түйістіреді. Міне, осыңдай ғылыми еңбек нәтижесіңде, аңықтап айтсақ, зерттеушінің, ізденушінің, оқытушының, ұстаздың, студенттің, оқушының өзінше тануына, қабылдауына орай түсінігі бар екендігін ұмытпағанымыз жөн. Олай болса, «ромаңды оқып кел!» деген бұйрықты «әміршінің» сөзінен ешбір пайда жоқ. Бұл тек сөз әдісіне апарады. Жалпы барлық беріп отырған шығармашылықтың ауқымын зерттеу, жинақтау, талдау, нақтылау, жалқылау, жалпылау, силлогизмін табу, эвристика деңгейін ажырату, суггестивті көріністерді бернелеу, тағы басқа толып жатқан әдістердің жиынтығын бір мәніске топтастырып отырмыз. Ол – шығарманың дидактикасының пәлсапалық негізі.
Берілген хронометрлік ауқымынан қандай дидактиканың пәлсапалық негізін көріп тұрмыз? Оның эвристикалық сұрақтары былай болып келеді.
Байқап отырғанымыздай, бұл сауалдар жай емес. Берілген эвристика сұрақтары арқылы рейтинг құрып автордың айтқысы келген негізгі ойын табуға ізденістің әрекеті деп қабылдаған орынды. Мұның өзі - романның пәлсапалық түйінін шығаруға бірден бір тиімді жол. Автор оқырманды қазақ елінің өткен тарихына сұғындырып, қызыл террор мен ақ террордың тыныш, тойған қозыдай, өз шаруасымен бейбіт жатқан қазақ еліне бүйідей тию. Тіпті, қыз балаларының пәктік сезімін ұрлап қана қоймай, әкесін де ықтыратын қуат беріп, келмеске кеткен матриархаттық қоғамның түбінде келерін тұспалдап тұрғанын байқау қиын емес. Шеттен келген төрт аттының ықпалы бүкіл қазақ жұртын дүрбеленге салғаны аңғарылады. Ол анашасын быртық саусағымен мүштігіне нығарлап тартатын, арақты сіміріп ішетін Ықаң, Тықаң, Ақбілектің ағасы - Төлеген (думаншыл, бастықтарға жағымпаз), демагог Ақбала, Ақбілектің жолдасы Балташ, т.б.
Қазақ қыздарының менталитетінің өзгерісін автор детальдар арқылы сипаттайды. Мәселен, ауылға қаладан Балташпен келе жатқан Ақбілектің пароходтың үстінде назар аударған қошқар тұмсық саудагерге әжептәуір көңілінің өсуі. Кеше ғана өз денесінен өзі жиреніп, арам денеммен әкемнің бетіне қалай қараймын? табалдырықты қалай аттаймын? Оң жақта қалай отырамын? - дейтін ойдан жұда болған Ақбілекті көреміз...
Еңбектің негізгі мақсаты - асыл мұраларымызда бүгінгі таңға қажетті дидактиканың пәлсапалық негізін сұрыптау. Бұның әдебиетті оқытудың әдісіне қатысы бар ма? Аталған сауалға жауап: қатысының тікелей барлығына тоқталып, әдістердің ішіңдегі негізгісі - ізгілікті модельге тиесілі қажегтіліктерді шығармалардың нысаналарынан пайым арқылы әр адамның миына тұрақтаңдырып, бернелеуі.
Дидактика - гректің didahctihos - оқыту, білім алу деген сөзі. Сондықтан әдістердің өзі нені оқытамын? - деген сауалдан тұрады. Дидактиканың ішінде әдіс тұр. Айқындап, жіктесе, оқыту нысандарын жүйелеу, тақырыбын ашатын жерлерін іліктестіре сығылыстырып, тізбелеу. Негізгісін сұрыптау, оны қайшылықта алу, т.б. Біздің зерттеу еңбегіміздегі әдебиетті оқытудың жетекшісі де, осы дидактиканың да пәлсапалық негізі. Бір сөзбен айтқанда, білімді, ғылыми түсініктерді игере отырып, адамның дербестік қалпын дамытуға, өзін-өзі білім көздерімен Ізгілікке бағдарлауына қамшылай алуына көзін жеткізу. Оны әдетке, машыққа айналдыра білуге бағыттау, мүмкіңдік туғызу. Сонда ғана адам өзінің азаттығын алып, ілгерілеушілікке бет бұрады. Дидактиканың пәлсапалық негізін психология тұрғысында жан-жақты қарастырған Жүсіпбек Аймауытов екеніне еңбегіміздің басында тоқталып өткенбіз.
Дидактиканың пәлсапалық тұжырымын тек осындай сұрыптау ізденістері арқылы табамыз. Құр мәтінді зырылдатып оқып шыққаннан автордың көздеген мұратының тамырын дөп баса алмаймыз. Бұл операцияны орындау үшін ізденушінің машығы ең жоғарғы ырғақта болуы қажет-ақ.
Алғы шарты шапшаң оқу, одан кейін оқығанын тез түйсіну, түйсінген ұғымдарын іліктестіру, бұның технологиясын Жүсіпбек Аймауытов «Психология» ілімі арқылы айқыңдап, ашып береді.
Берілген бір ойды тереңірек ашу мақсатында автордың адамның ойлау әрекетіне қатысты «пәлсапалық жад» пен «жұлма жад» сияқты терминдері мен «саңылау сезімдері» мен «соқыр сезімдер» тәрізді зерттеу нысаналарының дидактикаға тікелей қатыстылығын айта кету орынды. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология», «Жан жүйесі мен өнер таңдау» деген кітаптары 1926 жылы Тәшкеште жарық көрген. Жазушының, көрнекті ғалымның бұл кітапқа арнаған беташарында мынандай құнды пікір айтылған: «Өмірге, тіршілікке пайдасыз білімнің білім сәні жоқ. Қандай білім болса да, күндегі тіршіліктің азды-көпті түзелуіне қолғабыс етуі керек қой. Психология - терең ойдың білімі. Құрғақ пәлсапа бос сөз екен деп ойламаңыздар, бір нәрсені керекті жеріне кіргізіп, көбінесе өмірге керекті, пайдалы сөздерді тердік... Қарапайым кісіге нені білу пайдалы? - деген сұрауларды есімізден тастағымыз келмеді, әрине, кейде, лажсыз ол сұраудан шетірек кетуге тура келді... Өйткені үнемі оңай бола бермей, адамның бір қабат ойлаңдырарлық миын дағдыландырарлық дерексіз нәрселер де керек. Сайыз жүзіп, сайқалдар қалпы қалмасын дедік» [72]. Үйрену мен оқу, білім алу сияқты әрекеттер адам баласының танымына бағынышты. Философиялық тұжырым кез-келген адамға тән құбылыс емес. Бірақ әр адам ондай тұжырымды меншіктей алады. Алдымен адамдар бір бірімен қарым-қатынас жасау арқылы білім арнасына түседі. Себебі бірден адам дүниеге білімді болып тумайды. Осы тұста отбасының балаларының дұрыс ортада өсуіне ықпалдастығы керек-ақ. Болашақ зиялы қауымды тәрбиелеу үшін ата-ана өзінің сәбиін кімдермен ойнатуы керек? Немесе жеткіншек боз жігіт, жігіт, қыз бала, бойжеткен, бикештерді кімдердің ортасына қосып жібереді? Мәселенің басы - осында. Оның жауабын Жүсіпбек Аймауытовтың «Психологиясынан» аламыз. Бұл кітапта адамның кейпі екі топқа жіктеледі: 1) соқыр сезімдегі, 2) саңылау сезіміндегі. Оның ажырату өлшемін автор былай көрсетеді: Соқыр сезім - ырықсыз қозғалыс ... Соқыр сезімді көңілі, кейпі деп ұққан жөн. Бұл - туа болған сипат...
- тегіне тарту (атавизм). Секіру, сақылдау, түкірінеді, тебінеді, қырылдайды, ақырады, т.б. табыну (фетишизм);
- қорқыныш, қорқыныш күшейсе, үрейге айналады, тәрбиенің бір құралы қорқыту (дұрыс емес);
- соқыр сезімнің бір түрі - махаббат ... шәкірттеріне өзін сүйгізген оқытушы балаларына жеккөрінішті оқытушының түсіне кірмейтін нәтижеге жетуі;
- таңсыққойлық, мұның мағынасы нәрсені жақсы білуге ынталану;
- еліктеу, еліктеу икеміміздің күші қандай болса, әрқайсымыздың кісілігіміз де сондай. «Мен» өзі, өзгені өнеге қылып, еліктеу сезімінен туып, жетіледі;
- бәсеке еліктеудің жалғасы. Өзгелер не істесе, олардан кем қалмаймын. Жат көрінбеймін деп өзіміз де соны істегіміз келіп, түртіп тұратын бір икемдік бар, осыны бәсеке дейді, адам қоғамының қытықты жері - бәсеке;
- күңдестік, іштарлық, өзін үнемі басқамен салыстыру нәтижесіңде пайда болатын сезім;
- күйректік, өзін опыну, кем ұстау;
- соқыр нанымға түсу;
- таласу, бұл күндестіктің озбырлыққа ойысуы, бұлардың ерлікке, қайырымдылыққа, дегдарлыққа шабатын жақсы жақтары тек сәбилік дәуірде болады.
- паңдық, тентектік. Тентектік бір қиындықты жеңу жағынан жақсы сезімге жатады, тентектік батыл, қунақ мінез адамда болады;
- меншікті сезім. «Менікі», меншікті. Адамның табиғаты өзгермей тұрып, дара меншіктеуінде, жоғалтамыз деу ұшқарлық.
Тізбеленіп, сипатталған соқыр сезімдер - баланың туа біткен табиғи мінездері. Әдістерді нәтижеге бағдарлау үшін жоғарыда біздер алдымен субъектінің дидактиканың пәлсапалық негізін тануына сезінуіне, қисындық, тағылымдық талдаулар жасап өттік. Ал осы таным мен сезімнің тірегі психология пәні екенін ұмытпағанымыз жөн. Себебі әдістерді сұрыптау үшін оқытатын адамның туа біткен, жүре біткен сезім - ақыл деңгейліктеріне тоқталмаған данышпан - философтардың жоқ екеніне көзіміз жетті. Міне, осы қатарға Жүсіпбек Аймауытовты психология ілімінен қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшелігін шығарып, оның тек «Әдістерді» саралап алуға қандай пайдасы бар? - деген сұраққа жауап іздеу тұрғысыңда қарастырып отырмыз.
Қорытарымыз не? Соқыр сезімнің пайдасы да, зияны да бар екенін ұстаз саналы түрде пайымдап, оның арнасын өлшемдікке өзі реттеп отыру көзделеді. Егер оның шамасын дәл пішіндеп отырса, мұның әдістері ұтымды қолданылуына толық пайдасы бар екеніне кез-келген ұстаздың көзі жетеді. Ойымызды автордың өз сөзімен тұжырымдап көрейік: «Оқытудың қай жолында болса да, ісгің жемісті оқытушының сүйегіне біткен зеректілігіне, тапқырлығына, жітілігіне, әдісіне байлануы ... Бәсеке баланы жаңа әдістер кіргелі, бәсекені тәрбие құралы қылу жұмысқа оятуға мақтаулы әдіс емес дегенді әркімдер айтты. Бұл пікірді 150 жыл бұрын Руссо да сөйдеген. Екі шәкірттің арасында да күндестік шықса, ол құмарлыққа айналады. Құмарлық міңді мінез... Руссо тағы былай дейді: «Маймылды еш уақытта басқа балалармен өзін салыстыртпа. Оның ой тоқтатқаны байқала басталса, оны тіпті басқалармен жүгіртіп те жарыстырма. Қызғаншылықпен, болмаса, мақтан үшін үйренгеннен де түк үйретпеген жүз есе артық. Өйткенше, мен оның жылдағы істеген істегендерін жазып отырар едім. (122-б.) Сөйтіп өткен жылдағы істегеңдерімен биылғысын салыстырып отырар едім. Мен оған «Сен енді былтырғыдан пәлен дүйім артылдың ... Бұрынғыдан қалай болдың екен? Енді байқайық дер едім... Соңда оған өзімен-өзім артылам деген тілек пайда болар еді. Міне, осындай өзінің бұрынғы «Менімен» күндес студент ешбір жамаңдық бар деп ойламайтын (122-б.).
Джеймс айтады: «Мен психологияны білсем, бәсекенің терең мағыналы, зор пайдасы бар деп айтуға міндеттімін. Сондықтан ол құралдан мүлде безеді деуге шегім бар» - дейді... (123 -б.).
Біреудің істеген ерлігін естігенде намысымызды қоздырып сол іске -игеретін сезім - тентектік (123-б.) баланың қытығына тиіп, тентектік қоздыру дұрыс (124-б.). Мүриттей дүние жинамайтын, он екі мүшесмінен басқа түгі болмауды шарт қылған сопылар қауымы риясыздыққа зарлап, адамның жүрегін бақытсыз қылмау керек деп, ережелерін имектеніп, жүмсартып отыр, соны еркектің өзіне тән қымбаты, соны әйелдің өзіне тән бақтасы, бөлмесіңде, сүйреті болуға рұқсат беріп отыр ...(126-б.).
Міне, бұл тұжырымдардан ұққанымыз - адамның бойындағы икеміне қарай, әдісіне қарай, классикалық әдістерді қолдану керектігі. Бірақ, соқыр сезімдерді жағымды бағытқа бұра алмаса, олардың жоғарыда берілген барлық түрлері - әдістердің түбірі деп отырған дидактиканың пәлсапалық негізіне «қас-жау».
Адамның танымына ықпалын тигізер сезімнің бір түрін Жүсіпбек Аймауытов саңылау сезімдерден алған. Мұны автор зерделі қылық нысанасы тұрғысыңда да қарастырған. Оған Жүсіпбек Аймауытов мынандай анықтама береді: «Қылық дегеніміз күрделі қызметтерді бөлшектеп, ең әдемі құрандысын тапсақ, соны сезім саңылау деп айтады ... Адамға бір нәрсе сүрең бермесе, саңлау болмас еді».
Саңлау сезімдерінің алғашқы бөліктеріне түсініктеме береді. Қуат -адам бойындағы әсердің ізі. Есіңдегіні жанғыртсаң, берне (представление), мұрат (идея) пайда болады. Жаңғыртушы қуатты жад дейміз. Мұның бәрі мидың қызметіне бағынышты. Мидың қасиеті әркімде әр түрлі. Кейбіреудің миындағы көру кіндігі көбірек қозады, көбірек қызмет істейді; кейбіреулерде есту кіндігі көбірек қозады; құйма құлақ дейміз; үшіншіде сөйлеу кіңдігі көбірек қызмет етеді. Төртіншіде, қол кіндігі көбірек қызмет етеді (130-б.).
Амалға (упражнение) әсерді орнықтыру деп, тәжірибеге қайталама деп анықтама берген. Саңлау сезімдердің алгоритмі:
саңлау сезімнің бір түрі - әдет, әдет – адамның екінші табиғаты;
берне іліктестігі (ассоциациясы). "Икем" дейтініміз көбінесе іліктестікте болады.
Белгілі берне дәйім өзіндей не өзіне тете белгілі берне туғызады. Ол соңғы белгілі талап, белгілі мақұлдау, терістеу, көну, я көнбеу сезімін туғызады;
ынта, мүдде (интерес). Тума ынта мен жасанды ынтаның қатынасын көрсететін жабайы заң бар. Екі берне қосылса, біріне-бірі сезімді ынта жұқтырады. Ынта – керектілік пен қажеттіліктен туатын қасиет. Жаңаны ескімен қабыстыратын онтайыңыз сондай оңай болсын. Ынта бір орыннан екінші орынға ауып, аяқтап келгенде, ойдың бір аймағын шармап әкетсін;
ілтипат (назар). Ең күшті ілтипаттың жүрісін бейнелеп айтсақ, екі жақты, ішті-тысты ықпалға ұшыраған ми шілтері деп ұқсастыруға соңғы екінші жақтың жад пен қиялдан келетін ағындармен күшейеді.
Табанды ілтипатқа қабілеті барлык - игіліктің алды деп ұғу керек. Ондай ілтипаты бар адам жігерін аз жұмсап, жұмысты тез істейді.
- Жад (память). Жад – іліктестің ең жабайы, қолма-қол саддарының бірі. Жад – өткенді сақтайтын қуат. Жад – бір жағынан, неше түрлі еске алуларды жинап қойған қойма, екінші жақтан, белгілі нәрсені еске түсіретін қуат (қабілет). Жад ақылға бағынышты... Керекті болмыстарды (факті) реттеп, жіктеп шығады. Сонан соң, ол мағлұматтар ботқа болмайды. Қисынсыз, мысал ретінде еске сақтаған болмыстардың қосындысын жұлма жад, ал тәжірибенің қисындық ережелерінен құралатын тұжырымды пәлсапалық жад деп, Ж. Аймауытов екі топқа бөлген. Бұл ойды айқындау үшін автордың өз сөзін келтіріп өтейік; "Бір кісіде әрі күшті жад, әрі пәлсепеге икемдік болса, ол адамның шығарғыштық күші жоғары дәрежеге жеткен көп қасиетті меңгерген деп санау керек. Вальтер Скот, Лейбниц, Гете сынды адам заттың сырттаны, сондай кейіпкерге (тип) кіреді. Анығында нағыз зор жаратқыштық күш жасалуы үшін ондай жад болу қажет» [73].
Жад қабілеттері бір-біріне үндестікпен келіп, өзара маталуы заңды құбылыс. Маталуы нәрселердің (білім нысаналарының ұсақ бөліктері) жүйесі қанша болса, жадымыз да сонша деп айтуға болады. Бір жаңа нәрсе өз жүйесіндегі басқа нәрселермен іліктесіп барып, жадқа сақталады. Мұның бәрі дерлік қадағалаумен, үйретумен, пысықтаумен жүзеге аспақ.
Жүсіпбек Аймауытовтың бұл ілімінің бүгінгі XXI ғасырдың ақпараттық жүйесіне де ықпалы зор. Тура компьютерге білім көлемін сақтауға әзірлеп бергендей сипатта қабылдаймыз. Адамның білім жию қоймасын «ой орнығатынын сонау XX ғасырдың басында көрегендікпен айтып кеткен. Осындай педагогикалық психологияның этнопсихологиялық аспектісін жан-жақты ашып берген, оның әрбір салаларының заңдылықтарын прагматикалық, пәлсапалық жұпта алып қарастырған. Мұнымен бірге ой сандығының әрекетін толық талдап, оқырмандарының жұлма жад пен пәлсапалық жадты қосақтап ұстауына, оны саналы дамыта алу іскерлігіне конструктивті ой түйеді. Тағы да автордың өз сөзіне үңілейік. Жұлма жадтың ойлау әрекеті:
- бір нәрсені ақылға тоқып алудың ең жақсы жолы ақылды жүйе, басқаша айтқанда «білім» жүйесіне тізбелеуі;
жиған «білім» жүйесін өз тобының ішінде тиісті орынға орналастыруы;
оның себебін ойға қаттап салып түсіндіруін табуы;
одан керекті салдарын қорытып шығаруы;
ол қорытынды-тұжырым табиғаттың қандай заңына келетінін білуі;
білім қоймасы - еңбек жолының ең тиімдісі деген түсінікке келуі;
толып жатқан ұсақ-түйек ойларды білім жүйесінің қууы - жабайы ұғымның орнына меңзес іліктестіктің пайда болуы:
заңды білу арқылы жадты толып жатқан жеке мысалдардан құтқаруы; заң арқылы керекті нәрсені дәйім еске түсіруі;
Пәлсапалық әрекеті:
барлық нәрселер ақылға тірелді;
түсіндіріліп, себеп-салдар есебінде бірімен-бірі байланысуы, жүйе жаттау шарттарының ең жақсы болуы;
- оның сілемімен кеп нәтиже қаражатпен қолға түседі;
-кімде-кімнің жұлма жады кем болса, ол кемшілікгі пәлсапалы ойлауды күшейту арқылы толықтыруы;
бір нәрсені үнемі бір түрмен жаттаудан сақтануы;
сөз ойдың табылмайтын құралы екенін елеуі;
егделенген сайын адамның көру арқылы білім жиюы кеміп, сөз арқылы көп ұғынуы;
миындағы ығы-жығы бернелерді реттеуі;
нобайлап айтудан арылып, дәл қып айта алуы (заңы алаңы);
өрнекті, пәлсапалы ойды аудырмай айтуы;
мақсатқа жетудің жолы талдау, тексеру, ойлай білу екенін ұғуы;
оны қайталауы, қорытуы, жинақтауы, пысықтауы, толықтыруы (Ж.Аимауытов сол кездің өзінде жаңа сабақ пен өткен материалды қайталаудың жүйесін шығарып берген);
оны үнемі жаңа мағлұматтармен толықтырып отыруы;
Адам – текті, күрделі зат; оның бірлі-жарымды қабілетін өзіне сипаттарын бөліп алып, өлшеу арқылы нағыз рұқ (рух) қабілеттерін шамалауға ұмтылып, қабілеттілік рухын дамытуға бағыттауы;
-тәжірибе ретінде сынағанда, мағынасыз буындар, сөздер, әйтпесе шын өмірде жолықпайтын нәрселерді бермеуі;
жадымыз бір мүддеге, мақсатқа қызмет қылып, бір өзімізге керегі болуы;
алған білім өмірде басқа бернелермен жанастырылып, жадының дамып отыруы;
- ынталану мен әдістенуді білім аумағына өмірмен жанастыруы;
- рух қабілеттілігін өлшеудің мүмкін еместігініңь басты себептері көңіл, адамгершілік жігері, табандылығының сипатын шығара алуы;
бір қабілетті сынаумен білуге мүмкін еместігі, ұзақ амалдарының түпкі нәтижесіне қарап шамалануы, жадтың ұшқырлығы ақыл зеректігіне қатысының жоқтығы;
бақылампаз оқытушының сыны, шәкірттің жадын, іліктестік куатын, ілтипатын тәжірибе арқылы ғана өлшегеннен анағұрлым бағалы болуы;
баланың қылығын байқап жүргенде, қосаметкей мағлұмат үшін істегені пайдалы, көретін көзі бар, сара ақылы бар, адамның табиғатын ұғардық оқытушының сыны жәй тәжірибеден артық екенін түсінуі;
кімде-кімнің ақыл жүзіндегі жабайы қабілетінің, не жұлма жадының бірі шалағай болса, ол үшін қынжылу жөнінің жоқтығы;
көз бернесінің қабілеті болмай-ақ, кісінің суретші бола алуы, жады жаман бола тұра, атақты ғалым бола алуы;
қай уақытта болмасын нәрсеге елігуі, ынтық болу (қозғаушы күш) адамды алысқа сүйреуі;
бір мақсатқа бағыттасаңыз, сөз жоқ, оған жетуі;
- бай болуға ынтықсаңыз, бай болуы; оқымысты адам болам десеңіз, оқымысты болуы; тек сол нәрсеге ғана ынтығу керек, одан басқаға көңіл бөліп алаңдамауы.
Ж.Аймауытов Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Үш рет сөз» шығармасымен үндестігін мына бір көріністен анық бағамдаймыз: «Әр адамның көз бернесі айқын, толық, белгілі, кең, тарлығы мейлінше алуан-алуан. Кей адамның көз бернесі тамаша кәміл. Кейбіреулердікі бар деуге де күдікті. Құлақ бернесі, тағы басқа қабілеттер туралы да осыны айтпауға дәл келеді. Бұған қарағанда, оқытушылар шәкірттерін қиял кейіпкеріне қарай жіктеп, бөліп-бөліп оқыту тиіс деп мәслихат беруге жарайды (дифференциалды оқыту). ...Жалғыз ғана қолайлы ереже мынау: оқытушы шәкірттерінің барлық сезімдеріне әсер бергендей қылып оқыту керек: сөйле, жаз, тақтаға сурет сал, балалардың өзіне сөйлет, жазғыз, сурет, кесте, сызық көрсет, салғыз, түрлі бояумен боя. Сондай толып жатқан әсерден әр бала өзінің оңтайлы жағымен ұғып қалады» [74]
Міне, бұл тұжырымды кеңестік дәуір мектебінің құлдырау кезеңдерінде құтқару мақсатымен «Ұжымдық ойлау әрекеті" педтехнологиясын жазған Кима Яковлевна Вазинаның ұстаздарға ойлау әрекетіне оқушының әрекетін қосу, ынталандыру үшін етістіктердің тізбегін беруімен бара-бар (адекват).
Бүгінгі оқытудың мазмұнындағы парадигманың мәні де осында. Әр үрдіске, жүйеге, қызметке, ғылым-білігіне жаңа философиялық көзқарасы; (парадигма) «тақыр жерден» пайда болмай, ол бір кезде көрініс бергенін, айтылған, іске асқан ой-тұжырымдардың қайталанымы екеніне ілтипат аударғанымыз дұрыс.
Бірақ, дидактиканың заңдылығында ол үрдістер, пайымдар, тұжырымдар сол қалпында өзгеріссіз қайталанылмай, уақыт пен кеңістік езгерістеріне сәйкес дамыған сипатымен, өмірге қайта дамыған сипатымен өмірге қайта оралатынын бағамдаған жен. Сонда XX ғасырдың басында айтылған ой XXI ғасырда езекті мәселе болып отыр. Бұл – классикалық ғылымның өшпейтіндігіне бір дәлел.
Кезіміздің бернесінің көмескілігінен, құлағымыздың мүкістігінен аталған Ж. Аймауытовтың еңбегі 1995 жылы жарық көрсе де, біздің республикамызда өзіміздің тамаша педагогикалық технологияларымызды құндамай, басқа жұрттың ілімін жұлып алып келіп оқыту күн тәртібінен түспей келе жатқан тауқымет екені бәрімізге белгілі. Әлемдік иерархия деңгейіне кетерілген, ағылшынша тілді меңгерген, Америка Құрама ІІІтатының, Англияның, Германияның, Шотландияның ең озық үлгісіндегі педагогтың іс-тәжірибелерінің тірегі қисындық, тағылымдық діңгектерін ұлттық рухқа бейімдеп, қазақтың өз мүмкіндігіне лайықтап беретіндігін естен шығармауымыз керек. Дәл осындай түбірлеп зерттеген ғалым бүгінде де некен-саяқ. Оны мойындай отырып, ыждаһатпен Ж.Аймауытовтың еңбегінен оқытудың дидактиқасының негізгі пәлсапалық тұжырым екеніне әбден кезіміз жетті деп ойлаймыз. «Оқытудың дидактикасының негізі пәлсапалық тұжырымы - психология ілімінсіз тұл", - деген қорытынды жасауға да Ж.Аймауытовтың еңбегінің ықпалы зор. Зердеге ынталандыру үрдісінде менталитетті сақтау үшін ұлттық рухтың сипатын біле отырып, сырттан озықтық сипаттағы оның санатына қосып, іліктетіп отырғанда ғана әлемдік деңгейге жол ашатынымызды ұққанымыз абзал.
Жоғарыда берілген саңлау сезімдерін бір нүктеге қосып, басты маңыздылықты екшеп алу үшін түйістеу қабілетінің орны ерекше. Мұның өзі әдеби нысандағы әдеби әдістердің жіктемесін сақтай отырып, жарасар тармақтарымен қаһармандардың, кейіпкерлердің, бейнелердің белгілі бір құбылысқа қатысты іс-әрекеттерін шоғырландырып, автордың айтайын деген мақсат-мұраты мен мүддесінің тамырын дәл басуына тигізер әсері мол. Бұл ұғым ұлт таңдамайды. Бүгінде осы «Апперсепсе» деген термин біздің төл педагогикамызда болмаған сияқты. Бақырайтып жазып, оның машығы мен тағылымын тәптіштеп түсіндіріп берген Ж. Аймауытовты мойындап, тәжірибеге неге енгізбеске ?! ...
Осы тұжырым-қорытындыны дәлелдеу үшін Ж. Аймауытовтың ой-пікірлеріне құлақ салайық:
- адам ер жеткен кезде, үнемшілдік икемдігі ескі табысқа мүмкін болғанша өзгерісті кем кіргізуге тырысып, адамды «ескішілдікке» тартуы; әлі «ескі пікірлі» адам дейтін осыдан туады" (169- б.);
- бұрынғы бекіген, түсістеген, байланған танымға мол жаңалық, өзгеріс кіргізерлік бір жаққа берне, я болмыс (зат) назарсыз қалады, әйтпесе жорта ұмытылады (169-б.); ондай жаңа нәрселерді ерсілі-қарсылы дәлелдер, сипаттаулар арқылы табыспен (жүйемен) үйлессе, сонда ғана ақылдан орын алады (169-б.);
- әрбір жас адам түрлі мәселе туралы қартаң кісілермен талай айтысады; жас өз пікірін, кәрі өз пікірін қуаттап, дәлел айтып, аяғында не жаңіседі, не үйлесе алмайды, әркім ез пікірінде қалады. Жастың пікіріне мойындаған кісіні бір жетіден кейін көрсе, ескі пікіріне қайта қайтқанын көресің. Ондай адамды «Ежелгі ескішіл» дейміз (170-б.);
ескішілік жаста да болады. Қайтпас ескішілдер жастық шақтан пайда болады (169-б.). Айтуға сөкет болса да айтайын: жиырма бес жасқа жеткенше ескішілдік адамның көбіне орнап болады, кейбір психология кітаптарында апперепсенің пәлендей түрі болады деп айырады: мәселен, он алты түрі болады-мыс дейді. Бұлайша кесіп айту дұрыс емес. Белгілі бір адамның сырттан алған түсінікке бөлу әдістері, шаралар қанша болса, апперепсе түрлері де сонша болуы керек. Оны есептеуге болмайды (170-б.);
бір құбылыстың өзін әр адам әртүрлі түйістеуі анық, өйткені әркімнің тәжірибесі әртүрлі (170-б.);
тыңнан кіретін нәрселерге бұрынғы ұғымдардан ереуіл көп шықпас үшін білім жаққа тән сөздерін тауып, дамып отырады; күндер, жылдар өткен сайын, біздің лұғатымыз масая береді, өйткені күн санап біздің түйістегіш бернелеріміз де көбейіп өсе береді, тіл саларға қосаметкей жүретін нәрсе (171-б.);
ескі мен жаңа біріне бірі сүрең беріп, бірте-бірте үдей береді; бұл үдесте ескі жаңаны түйістегіш болып, жаңа ескіні тиянақ етіп өзгертеді, онымен де тұрмайды, іштесіп кеткен жаңаның өзгешелігіне қарай, сол жаңаны түйістеуші ескі мырзалардың өзі де өзгереді (парадигмалық түйсіктеу, 171-б.);
неғұрлым бір адамның берне (ұғым) қоры мол болса, соғұрлым ол кісі «қабілетті», соғұрлым оның ісі әр жерде дұрыс болмақ. Не оны, не мұны істерімізді бітпей, сандалып белді бекем бумас бұрын істерлік ісімізге түзу ат қойып алмай болмайды. Атауға шорқақ адам ақылды боп жарытпайды (178-б.);
мәселені тексергенде, шешкенде, бізге құрал болушы ұғымға тура койылған атаулар. Адамның көбі ұғым мен атаудың денін жастық шағында сіңіріп алады. Бірақ, есейген сайын, адам ешнәрсені таппайды деп ұқпаңыздар (ол үшін саңлау сезімдерін дамытып отыру керек, 171-б.);
әлеумет (социальная сторона, философские суждения) жүйесін мектепте оқымаған адам оның негізімен өмір бойы жақсы таныса алмайды деуге болады (172-б.).
Қорытындылап жинақтасақ, Ж. Аймауытов дидактиканың пәлсапалық негізін Адам болмысының ізгілікті және соқыр сезімдердің жіктемесінде талдаған. Оны бір жағынан «психология» ілімі арқылы қисындық, тағылымдық жұйемен бернелесе, екінші жағынан көркем шығармаларындағы субъектілер мен құбылыс-үрдістер арқылы көпшілік назарына ұсынған.
1.3 и. М. Әуезов шығармашылығындағы дидактиканың
пәлсапалық негізі
М. Әуезов стилін танудың технологиясы
М.Әуезов Абайтанудың тамаша жүйесін жасап берді. Жазушының басты мақсаты - Абайдың қоғамдағы келбетін, данышпаңдық болмысын ашу. Міне, осы мақсатты жүзеге асыру үрдісінде Абайдың ақындық өнерін небәрі даналық пайым-парасатының құралы ретінде пайдаланған. Бұл тұжырымымды профессор Мекемтас Мырзахметовтың ой-түйінімен дәлелдеуге болады:
«Мұқаң ақын шығармаларын барлық сипатын аша, жан-жақты талдаған емес. Және де мұны мақсат та тұтпаған»...
/«Абайдың адамгершілік мұраттары». Алматы. «Рауан», 1993 ж./ Филология аспектісіндегі стиль нысанасын зерделесек, ол тек жазушының тілдік шеберлігі ғана емес. Стильді тұтастықта, жазушының көздеген мұратын жинақтай түйсіну, тек технологияны меңгеру арқылы нәтижелі болмақ. Стильдік ерекшеліктерді пайымдаудың технологиясы Абайдың әлемдік деңгейге баспалдақпен көтерілу кезеңдерін саралау болып табылады.
Бұл тұжырымды мынандай жүйеде рет-ретімен жүйелеу барысында жазушының тіл айшықтарын аңғару қиын емес:
- Абайдың приход мектебінен оралу сапары;
Абайдың әкесіне сәлем беруі;
Әкесінің балаға берген бағасы және Құнанбайдың портреті;
Қодар мен Қамқа трагедиясы – Абайдың есеюіне қозғаушы күш;
Барлас пен Байкөкшенің келуі;
Жер дауы;
Зеренің әйелдер арасындағы беделі;
- Алшынбай мен Құнанбай достығы;
Шөже ақынның өткір сыны;
Абайдың Майбасарға өлең шығаруы;
Балтаның өлеңі;
Жиналған жылқыға деген Абайдың ішкі күйзелісі;
- Абайдың Құлыншақ еліне келуі;
Абайдың Тоғжанды кездестіруі;
Абайдың алғашқы махаббаты;
Абайдың Байдалыға баруы;
Кәмшаттың трагедиясы;
Тәкежан мен Абайдың өмірге екі түрлі көзқарасы;
Бөжейдің өлімі;
Тергеушілердің келуі;
Абай мен Ерболдың Түйеөркешке сапары;
- Абайдық Ділдәға үйленуі;
Мұндай жүйені эпопеяның аяғына дейін топтамамен келтіруге болады. Бірінші көріністің сипатталу әдісін аңғаруға Абайды алып келуге барған Жорға Жұмабай мен Байтастың сұхбаттары мүмкіндік туғызады.
Жазушы оқиға көрінісін бірден бастап кетеді: «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне, бала шәкірт барын салды»...
Бала Абайдың туған жерге деген ыстық сезімін ұры-қарыдан да жасқантпайды.
Жандайшап болып жүрген Жұмабайдың өзін жазушы Абайдың ұры болып ойнап Жұмабайға тиіскен көрінісі арқылы Құнанбайға адал еместігін танытады. Оны суреткер мынандай жолдармен баян етеді:
«Қараса, бұның шоқпарын тартып ап, ақ боз аттың алдынан көлденең шығып, қазір ішек-сілесі қатып, үнсіз күліп тұрған бағанағы бала шәкірт. Өзі айтқан «Құнанбайдың бөлтірігі» - Абай екен.
Ал әңгімешіл, сері Байтас өзінің ала жаздай серілік құрып ел қыдырып, қыз-келіншекпен сауық-сайран салып, әйеліне не айтарын білмегендіктен, «Не бетімді айтамын Өйке апама» деген өлеңін жазып жібергені жайлы Абайға әңгіме шертеді.
Міне, бұл көріністі жазушы Байтас ықпалы арқылы баланың өнерге деген құлшынысын оятуға алғашқы түрткі ретінде пайдаланған, ал Жорға Жұмабай әкесі Құнанбайдың әлеуметтік рөлін танытуға арнайы алынған.
Абайдың әкесіне сәлем беруімен жазушы Құнанбайдың түпкі мақсатын, оның қоғамдық мәнін ашпақ. Мұны аңғартар тірек ой: «Бала ес білгеннен бері карай әкесінің қабағын жүтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім».
Абайдын үшкіруге пайдаланғаны өзінің көктемде Науаи, Фзулиді оқып жүргендегі жазған өлеңі еді деп автор көңілге қонымды көрініспен шығыс әдебиетінен нәр алған бала Абайдың алғашқы талпынысын оқырманның назарына салады.
Әсіресе, әкесінің: «Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші» - деген бағасы Абайдың өзіне ақыл, парасат, пайым жағынан көмекші боларына көзі жеткенін аңғарту деп қабылдаймыз.
Құнанбайдың барлық шонжарлардан оқшау екенін суреткер портреттеу тәсілімен оқырман қауымға шебер жеткізе білген. Әсіресе, оның бет ажары арқылы әлеуметтік мәселелердің шешілуін іліктестіре баяндайды. Мәтіндегі портреттемеге зер салып көрелік: «Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғығандай, сақшыдай бағып, осы өңірді қылт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші.
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бала ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай, осы үйде әркімге қарамайды»...
Жазушы келтірілген тірек суреттердің стилін әдемі мазмұн құраудың құралы ретінде қолданбай, керісінше Құнанбай көтерілген белестің биіктігін оқырманға таныту деп ұққан жөн. Бұл жоғары деңгейге Абайдың да көтерілуі шонжарлармен қарым-қатынас, ел дауы, жер дауы, Сахара заңы, Отарлау саясаты, жесір дауы сияқты әрекеттермен ұштастығын оқырман байқайды. Абайдың әлеуметтік көзқарасының тууына алғашқы қозғаушы күш – Қодар мен Қамқа трагедиясы.
Стильдің өзіне үңілсек: «Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес. Енді байқады. Көздің жасында адамды барлық өне бойымен өзіне карай құлата тартқан бір өзгеше ыстық күш бар екен. Үлкен құз биіктің басына шыққанда, бір сәт ойға қарай құлап кеткісі келетін сияқты, өзіне тартқыш, ұғымсыз күш.
Технологиямен оқу арқылы жазушының тіл ерекшелігіндеп басты нысана каһарман мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас, әрекет, сурет, құбылыс, табиғат көріністері, ішкі тебіреніс, ішкі қозғаушы күш т.б. әрекеттер аңғарылады. Сөз өрнегімен – оқырманға уақиға иірімдері сайдың тасындай жүйесімен меңгеріледі.
Аталған оқиға иірімдерінің салмағын, жазушының ол көріністерді сипаттаудағы шеберлігін сабақ барысында толық ашу мүмкін емес.
Келесі ерекше бір тоқтала кететін көрініс – Кәмшаттың қазасы. Эпопеяда бұл оқиға кездейсоқ баяндалмаған. Абайдың өмірді тануы, әлемдік мәдени мұраны меңгеруі талай-талай соқтықпалы соқпақсыз жердің қиын-қыстау бел-белестерімен бетпе-бет кездесті. Ол сол жолда өз-өзін ширатты, тығырықтан шығудың амалын білді. Жазушы Абайдың ақындық бейнесін танытуды мақсат етпейді. Абайдың ақын болуды көздеуінен туған ой болатын. Сол бір қиын сәт Кәмшаттың ел дауының, жер дауының құрбаны болуы еді. Бұл көріністі суреткер оқырманның сай-сүйегін сырқырататын, денесін шымырлататын, аяушылық сезімін оятатын халде сипаттайды: «Жылаған Кәмшат екен. Ол қонақтардың оң жағында, бір жаман жаялықтық үстінде бүк түсіп жылап жатыр. Басында жастық та жоқ. Тек бір жаман жыртық шапанның жеңі жасталыпты.
Кәмшат жаңа келген кісілерді танымады. Бірақ үй ішінің қаттылығын осы жаңа келген жандарға шаққандай боп кемсеңдеп, иегі дірілдеп, біртүрлі әлсіз үнмен жылады.
Бұрын топ-толық, қызыл шырайлы, қарақат көзді Кәмшат қазір сатқақ ұрғандай арықтап, құп-қу шөлмектей боп қалыпты. Қол-аяғы шидей, бетінде ғазап пен сор көлеңкесі бар сияқты. Кірпіктері ұзарған. Екі ұрты кәдімгі қайғы шеккен, аштық көрген үлкен адамдардың бетіндей боп тозығы жетіп, жиырылып тұр»...
М.Әуезов Абай бейнесін сомдауда Абайдың санатты даналық болмысын жан-жақты ашу еді. Абайдың өз сезімен айтсақ, «Түзетпек едім заманды» деп, әлемдік даму өрісіне жаңа ұрпақты ыңғайлау харекетін ұстанғандық аталған оқиға иірімдерінде, эпопеяның мәтінінде аңғарылады.
М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың балалық шағына байланысты эвристика сұрақтары:
Жиреншенің Абай ауылына келу себебін түсіндір.
Жиреншені кім қарсы алды?
Жиренше тарғыл тазыны не үшін ертіп келді? Себебін ашып бер.
Жиренше мен Абай аңды аулауда қандай сәт, оқиға болды? Оны жіктеп көр.
а) қояңды іздеуі;
ә) Жұмағұлдың кездесуі;
Жұмағұл Қодар сынына Жиренше мен Абайға неге баруға ұсыныс жасады? Өз ойыңды баянда.
Жиреншенің Қодар сынын қызықтауға барғанын қалай бағалайсың?
Қодардың ауыр жазасы Абайға калай әсер етті? Оның ішкі жан жарасы мен тебіренісін жазушы қалай суреттеген?
Жиреншенің екі сөзіне Абай не себепті назар аударды? Осы сурет арқылы Абай қоғам теңсіздігін, озбырлық пен ауыр жазаның тізгіні әкесінде екенін қандай халде түсінді?
«Мен көк ит болсам, сендер көп итсіндер... Таларсың да жерсің» - деген Қодар сөзінен заман әділетсіздігін шығаруға бола ма? Әлде бұл көрініске қосымша көрініс қызмет ете ме?
Абай күйзелісі мен табиғат сабақтастығын жазушы қалай бейнелеген?
Абайдың әкеге деген жан тебіренісі, реніші қай көріністер арқылы анғарылады?
Діни адамдардың ішкі бейіндері мен әрекеттері қалай сипатталған? Бұл оқиға арқылы жазушы нені мақсат тұтқан?
Абайдың анасы Ұлжанның ауылына келуі. Анасының бала жүзінен есейгендікті, езгерісті аңғаруы.
14. Ұлжан мінезін баласымен қарым-қатынас әрекетінде таныту шеберлігі.
Әкесінің Абай қабағынан жайсыздықты сезінуі.
Жиренше Ұлжан сөзінің астарынан қандай мұңды байқады?
Абайдың әкеге деген көзқарасының өзгеруін автор қалай баяндайды?
Әжесі Зеренің Абайға берген батасы.
Оспанның үйге «бауырымдап» кіріп келуі отырғандарға қалай әсер етті.
Оспанның еркелігін қалай қабылдайсың?
Абайдың ішкі көңіл-күйінің мүлдем өзгеруі.
Аталған эвристикалы сұрақтар арқылы эпопеяның дидактикалық пәлсапасының негізі шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |