Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту



бет8/11
Дата15.12.2016
өлшемі3,53 Mb.
#3866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ
3.1 Педагогикалық технология – санатты оқудың кепілі
Технология – амал-әдістердің жиыны, іс-қимыл, қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі, өнері. (Түсіндірмелі сөздікте)

  • педагогикалық технология оқу үрдісіне аддын ала ықпал жасау (Б.Т.Лихачев);

  • педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың техникасы (В.Т.Беспалько)

  • технологиялық оқу – дидактика жүйесіндегі үрдістің бір бөлігі (М.Шошанов)

  • педагогикалық технология - істі жүзеге асырудың жүйелі әдісі. Оқытудың қолданымы мен айқындау үрдістерінен тұратын және адамға пайдалы білімнің міндеттерін ұтымды жолмен шешу (ЮНЕСКО).

Аталған анықтаманы Г.К.Селевко өзінің «Бүгінгі педагогикалық жүйенің жәйі жайлы іс-тәжірибе» деген ғылыми пайымында келтіріп өткен.

20-25 жылдан бері Одақтық деңгейде жарық көрген орыс тіліндегі педагогикалық технологиялар мен жалпы әдіс-тәсілдерге қатысты жаңалықтарды қисындық-тәжірибешілік ісімізде іліп алып қолданғандық. Оған ғұмырларымыз кетті. Сол ағымнан ұлттық менталитетке ұмтылдық.

Деңгейліктер жайлы көптеген ғалым-педагогтардың тұжырым-түйіндерін жоғарыда келтіріп өттік. Соның ішінде көзіміздің жеткені әр ғалымның өзінің деңгейіне орай деңгейліктерге жіктеу қағидасы бар. Міне, соның бір мысалы Г.К.Селевко алдыңғысын І ғылымилық деп алады. Оған мынандай анықтама береді: «Педагогика ғылымының бір бөлігі, нысананың мақсатын зерттейді, сипатын құрастырады. Оқыту үрдісінің жобасын алдын-ала қарастырады.

II. Екіншісін кәсіптік-сипаттамалық.

Мұнда белгілі нысандағы дерексіздік пен құбылыстар жайлы мазмұн, құралдар мен әдістерінің оқудың нәтижелілігіне ыңғайлана сұрыпталуы.

Үшінші кәсіптік - өзара әрекеттестік. Мұнда педагогика қоғамындағы барлық тұлғалардың даралық қабілеттіліктерін дамыту тұрғысындағы техникалық әдіснамалар мен жабдықтардың жиыны.

Педагогикалық технология деген ұғымның өзі үш түрлі деңгейде:

1. Жалпы педагогикалық. Бұл К.Я.Вазинаның Ұ.О.А. атты технологиясында мынандай жүйемен беріледі. Мақсат + мазмұн + құрал және әдістер + субъект + үрдістің нысанасы. Дәл осы сипатты Б.Селевконың тұжырымынан аңғарамыз.

2. Жеке әдістемелік. Бұл әр пәннің ішкі қағидасына болмысты сомдайды. Педагогикалық технологиялардың құрылым-жүйесі:

а) тұғырнамалық негіз;

ә) оқытудың мазмұны (жалпы, жалқы);



б) кәсіптік-техникалық үрдіс.
3.2 Әдіснамалық сапасы
Әрбір кіші және үлкен жүйелердің үрдісіндегі нәтижеге апарар үрдістер және өзара ұштастықта келетін пайымдардың жиыны.

Біздер бұл тұжырымға дейін де әдіснаманың өнімді, өнімсіз болып жіктелетінін айтып өткенбіз. Бұны тек тұжырымдамамыздың дұрыстығын дәйектеу үшін келтіріп отырмыз. Сол секілді ғылыми базаның белгілі бір ғылыми тұжырымға тіректік, анықтама берерлік рөлін аңғарамыз. Ғылымға негіздеу арқылы оқыту мақсатын нәтижелі үрдіске бағыттау. Келесі жүйелілік. Жүйелілік жайлы да көптеген пайымдарды тізбелеп бердік. Г.Селевконың пайымынша, ол мынандай болып келеді:



  1. логикалы үрдіс;

  2. оның барлық кейіпкерлерінің өзара байланысы;

  3. тұтастық қалпы.

Басқарушылық. Мақсаттылық пен істің жүзеге асуын діттейді. Мұнда оқу үрдісін жоспарлау, жобалау, диагностиканы әртүрлі кезеңдерде өткізу, нәтижеге жету жолдарының көпнұсқалығы мен үзіліссіз даму бағытында түзетулер енгізу.

Тиімділігі. Бүгінгі замандағы педагогикалық технология бақталастық, нарықтық заңдылықтар деңгейінде ұйымдасады. Олай болса, нәтижеге тезірек жетудің, аз уақыт ішінде ауқымды, баянды ұтысқа қол жеткізу көзделеді.

Қай өндірушілік сапа. Қол жеткен табыстардың негізгі үрдістеріндегі әдіснамалық жүйені басқа субъектілерге қолдана білу шеберлігі.

Көптеген педагогикалық технологиялар жайлы хабарымыз бар.

Оның негізінде іс-әрекет, қызметімізді нәтижеге бағдарладық бірақ, Г.Селевконың жоғарыда келтірген зерделі зерттеулері көңілге қонымды.

Алгоритммен педагогикалық технологиялардың алға жылжушылық ырғағын дәл осы еңбектен байқап отырмыз. Бұл таза аударма емес. Біздер өзіміздің тұжырым-түйіндерімізді, салыстыру аргументтеріміз бен толғаныстарымызды ашық айттық.
3.3 Студенттер өткенді білсін десек...
Еңсегей бойлы Ер Есім тұсында өмір сүрген ханның ел басқарушы биі болған Жиембет Бортоғашұлы /XVII ғ./ толғаулары тарихтың өзі секілді әсер етеді. Егер бір толғауын жаңаша философиялық жүйеге салып, оқушы санасына эмпириялық әдіспен жеткізсек, төмендегідей іс-әрекет құрылым-бағдары шығады:

Еңсегей бойлы Ер Есім, сені есірткен – менің кеңесім, сүйесінім /сүйеніш болдым/, демесінім. Бұл – мәтіннен тұп-тура жыраудың өзінің сөз қолданысы. Бұны оқушылар «Жыраудың көзімен ханның қандай әрекетін байқайсыз?» - деген ізденуге ниеттендіретін іздендіру сұрағы арқылы табады.

Бұл – толғаудағы ханның бір оқыс мінезі. Міне, осы оқыс, астамшылық құлықтың пайда болуына жыраудың әрекеті қосылады. Бірінші құбылыстың кіші айқындауыш құбылыстары бар.

Бір сөзбен айтқанда, «есірткен» деген ханның мінезін туғызуға себеп-салдар болған кіші құбылыстарды мәтіннің өзінен тізбелеп, сұрыптаған жөн. Олар мынадай құбылыстар: менің ерлігім - жолбарыс пенен аюдай, асау тайыңдай, бекіре мен жайыңдай, қарағай менен қайыңдай, садаққа салған бұлыңдай, сатып алған құлыңдай, інің менен ұлыңдай, осы теңеулерден кейін өзінің болмысын салмақтандыратын, Тұлғаның сипатын танытатын тегеурінді жолдар «Мен өлсем құнсыз кетер деме сен, кешегі өзіңнің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай!».

Жоғарыда құрылған үлкен құбылыстың кіші құбылыстарына қойылатын іздендіру сұрақтары: «Жырау ханға өзінің мыктылығын қандай теңеулер арқылы танытып тұр?». Аталған сипаттарын қандай жолдармен түйіндеп, байқатып тұр?

Өзінің осал еместігін үдемемен танытудың үшінші құбылысы: құлың мен емес, дегеніңізді қылғансың, қайтарымды білгенсің, сізден естен кеткенмен, біздің естен кеткен жоқ, соқыр бурыл байталға сонда жандақ мінгенсің...

Бұл құбылыста «Құлың» деген сөз үшінші рет кездеседі, біріншіде, адал құлың болдым, екіншіде, тәнімен тиесілі сұрауы жоқ құнсыз Тілеубердідей емеспін, үшіншіде, әсерлі болу үшін Тілеуберді құлыңның дәрежесінде күн кешкен деген ой-түйінін айқындайды.

Келтірілген құбылысқа іздендіру сұрағы:

«Жыраудың өзін танытуын тағы қандай кіші құбылыстар арқылы аңғарасыздар?», «Құлы» деген сез неше рет қайталанады, әр қолданыста қандай мәнде келіп тұр?» - деген сұрақтар келеді.

Үдемемен тереңдей түседі. Оны мына бір құбылыстан аңғарамыз: «Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, хандар қалаға қылаған, сұлтандар суға сылаған, қаз мойынды ханша қалада тұрып жылаған...». Бұл құбылысты табу үшін мынадай сұрақ қойылады:

«Жиембет шегініс арқылы ханның қандай осалдығын бетіне басып тұр?». Талдау үрдістің бұл сарыны толғаудың тек бірінші бөлімі. Бірінші болып ханның жағымсыз бір әрекетіне арналған. Ол - есіргені. Есірткен не? Оған Жиембеттің жыраулық, билік құрғандағы әрекеттері бірде теңеу, бірде таныстыру сипатында өрнектеледі.

Енді толғаудың екінші бөлімі басталады. «Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап, Тасқан екен мына хан!» деген ханның екінші бір көлеңкелі мінезі Жиембеттің арқауына тіректік мақамда қолданылады. Міне, бұл әрекеттің айқындауышы мыналар: «Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат сауырын берермін, Атыста дәурен сүрермін, Қарамасаң, Ханым, қарама, Сенсіз де күнімді көрермін!». Бұл екінші құбылыстың іздендіру сұрағы:

«Жиембет ханның есірген мінезінен басқа тағы да қандай көлеңкелі мінезін бетіне басады?»

Қорыта айтсақ, мұғалімдер, студенттер әдебиетті өздерінің жабайы тілімен мазмұндамай, мәтіннен жүйе тәртібін сақтап, құбылыстар мен әрекет қосынын қатар саралап, сұрыптап, жіктеп алса, эмпириялық әдіс өзекті мәселені жыраудың ұстанған мақсат-мүддесіне жуықтатып шешеді. Өзі аз зерттелген, тіпті зерттелмеген жыраулардың шығармашылық «мектебін» бірден жинақтарда берілген нұсқау, пікір түйіндерімен түсіндіріп кетсек, студенттерді іздендіруге ұмтылдыра алмаймыз. Мәселен, ҚазақССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Бес ғасыр жырлайды» деген /Алматы. «Жазушы», 1989 ж./ жинағында Жиембет жырауға берілген нұсқау, пікір түйін былай болып келеді: «Кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің бір жеңілтек ісін сарайды қорлау деп санаған. Есім бұл мәселеге Жиембеттің өзін де іліктіреді. «Міне, бұл пікір алдымен қозғаушы күштік қызмет атқарса, студенттер осы тұжырымға орала береді. Сондықтан бұл түйін ең соңында қосымша деректік ұғым ретінде жүріп, бірінші түпнұсқадағы құбылыстар мен жыраудың ханға деген көзқарасын айқындайтын әсерлі үрдістер жинақталып, ой шығару стратегиясымен өткені тиімді.



Жаңаша оқытуда пікірді құрастырып алатын субъекті - студенттер. Олар жыраудың ұстаған бағытын, мақсат-мүддесін, тұжырымын мәтіннен жоғарыдағыдай іздендіру сұрақтарының көмегімен табуы керек. Сонда студент кішігірім ғалымдарша пікір туғызатын дәреже мен мәртебеге жетеді.
3.4 Маржан жырдың мәнін ұқтырған
Әдебиеттің қисыны – шығармашылықтың мұраты мен тынысын автор көздеген ойды терең ұғынуға жол ашар бағыт. Қай заманда болмасын қисындық білімді игеру онайға соқпай келеді. Әдебиетті ғылыми тұрғыда жүйелеуге ұмтылған ғалымдарымызға көз жүгіртіп қарасақ бастауы - Ахмет Байтұрсынов, одан кейін зерттеген академик Қажым Жұмалиев, академик Зейнолла Қабдолов, мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған еңбек жазған педагог ғалым, Төлеутай Ақшолақов, академик Зәки Ахметов т.б. деп жалғастыруға болады. Ал соңғы жылдары, әсіресе, әр жанрдың стилі мен бейнелілігін, көркемдік қуатын автор көздеген мұрат-мүдде тұрғысында танудың ғылыми үлгісін осындай көрсеткен сындарлы еңбектер де жоқ емес. Міне, осындай деңгейдегі маңызды еңбектің бірі – филология ғылымының докторы, профессор Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» атты монографиялық кітабы. Бұл туындыда автор тақырыпқа қатысты әдеби еңбектерге талдау жасап, толық сипаттап етеді. Әлемдік деңгейдегі аты мәлім деген ғалымдардың ілімдерін сала-саласымен жіктеп, оқырмандарға лирика саласындағы ізденістердің ауқымын танытады. Мәселен, XIX ғ. В.Г.Белинский, А.Н.Веселовский, Б.Эйхенбаум, Л.Я.Гинзбург, т.б. сияқты ғалымдардың ашқан жаңалықтары әңгіме болады.

Монографияның «Көркемдік әдіс және бейнелілік» деп аталатын І тарауында қазақ лирикасында реализм, романтизм әдістерінің қалай дамығанын сөз ете отырып, бұрын-соңды мұндай зерттеулер болмағанын атайды. Кешегі қызыл саясаттың қырсығы тиген таптық тұрғыда қараушылық психологиясына бейімделген зерттеушілердің еңбектері бүгінгі көзқарас пен дүниетанымға кереғар қайшы келіп отырғанына автор ерекше мән береді. Қала берсе, кеңестік дәуірде шетқақпай қалып қойған жыр әлемінің ақиықтары Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев секілді ақындарсыз лириканы зерттеу бос әурешілік екеніне көзімізді жеткізеді. Бұл еңбектің басты құндылығы реализм мен романтизмнің бір-бірінен ара-жігін айшықтай ажыратып беруінде болса керек. Сөзімді дәлелдеу үшін кітаптан үзінді келтіріп өтейін. Реализм ерекшелігі дегенде, онда белгілі бір кейіпкер арқылы әрі «бірдің», әрі «мыңның»... көзқарасы, сезімі әрі жинақталып, әрі дараланып беріледі дегенді қайталап түсіндіріп келді. Әйтсе де бұлай айту арқылы реализмді романтизмнен бөле алмаймыз. Себебі, жинақтау мен даралау бірлігі романтизмде де бар. Әрине, реализмдегі жинақтау, «даралау» көбіне қатардағы адамның әдеттегі жағдайы тұсында жүзеге асса, романтизмде көбінесе ерекше кесек әрекет иелерінің айрықша жағдайда көрінетіні белгілі».../Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. Қазақ лирикасындағы стиль жәпе бейнелілік. ПУБ. 1999. 10-б./



Романтизм мең реализм қоса қабат, өмір сүре беретіндігі жайлы мәлімет, дәйекті ғылыми тұжырымдарды бейнелей отырып, М.Жұмабаевтың лирикасындағы шынайылық, бейнелілік бұрынғы кездестіріп жүрген романтизмнен бөлек екендігін түйген. Ақынның романтизмі «Шындықтан аулақ кету үшін емес, қайта күрделі ақиқатқа мүмкіндік болған. Өзгеше жол іздеу нәтижесінде туғанын ескертуге тиіспіз» /11-бет/.

Әрине, басқа әдебиеттегідей сентиментализм, классицизм, натурализм секілді қисынның әдістері қазақ әдебиетіне де жат емес. Әр кезең, әр туындының арасындағы айырмашылықты негізге алып, дәйекті тұжырым жасау үшін Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» мен Мағауиннің «Медғат-Қасым» шығармаларын алып, өзара салыстыру арқылы поэтикалық туындылардың ерекшеліктерін айқындап береді. Студентке де, жай оқырманның пайымына да қажет осы өлшем.

Қуандық Мәшһүр-Жүсіп лирикалық қаһарман мен лирикалық бейне арасындағы айырмашылықтарды танудың жолдары мен әдістерін тізбелейді. Оны өз сөзімен келтіріп өтелік; «Қамарды ұзатқанда, Ахметтің /С. Торайғыровтың «Қамар сұлуы»/ пәлендей кесек қайрат жасай алмай, шарасыздық түсауында қалуы қарапайым адам мүмкіндігін ескеруден туған. Өйткені, қанша қайратты болса да, жеке адамның «көпке топырақ шаша алмайтыны» анық /12-бет/.

Қасым /Мағауия Абайұлы. «Медғат-Қасым»/ әділдік іздегенге қалтқысыз қамқор болуымен де ерекшеленеді. Мұның бәрі Қасымның романтикалық қаһарман екенін дәлелдейді» /13-бет/.

Автордың ұтысы – Мағауия Абай ұлы шығармашылығындағы романтизмнің бейнелеуші қуатын, өзіндік үнін жіктеп, талдап беруі, стильдік ерекшелігін айқындауы.

Бүгінгі ілімде суггистивті қабылдау /сезімді суретке ойша салу/ деген ұғым жиі айтылып жүр. Міне, осы жаңа ұғымның әдеби қисындағы мағынасы түсіндіріліп, адамға тән поэтикалық сезімнің туындауы, оған көркем шығарманың әсері, жайы тілге тиек болады.

Зерттеуші сезімді бейнелеудің тура және тұспалдап айту және қарапайым лайықты пішінделген өлең өрнектері М.Жұмабаев лирикасына тән дейді. Әсіресе, М.Жұмабаев өлеңдерінде табиғаттың жалаң сипаты берілмей, тек қазақ тұрмысының өзіне тән ерекшілігі өріліп, қазақ жұртының тұрмыс-тіршілігі көз алдымызға өлі сурет бейнесінде емес, жалқы құбылыс кейпінде келетінін ерекше атайды. Мұндай сыйғызу Мағжан Жұмабаевқа тән қасиет екені байқалады. 1912 жылы жазылған «Жазғытұрым» өлеңінен мына бір үзіндіні талдаған;

«Бай ауылы жылқы қамап, қыл күзетер.

Белсенген жылқышыға ноқталатып.

Балалар етек түріп, зыр жүгірер.

Батпаққа бірін-бірі домалатып.

Қырдағы жылқышылар ұйқы көрмес,

Қолынан құлын бие құлындатып.

Май келді, құлпырды, гүлдер жайнап...».

Бұл құбылыс қазақ жұртына қатысты суреттелгенін түсіну қиын емес. Міне, осындай дәйекті ұғымды мысалдар келтіріліп, зерттеуші оқырманға ұтымды бағытта жұмыс жасап отырғанын танытады.

Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің зерттеуінде батыл қорытындылар мен тұжырымдарды кездестіреміз. Абай өлеңдеріндегі табиғат суреттері күнделікті кездестіріп жүрген сипат үдерісінде келсе, «Мағжанда әдеттегі суреттермен қатар, оған шарпу тигізерлік ерекше көріністер кейін алынып, аз аңғартылса да, өзінше әсерлі; «Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап // жылы жел қара бұлтты тербеп айдап,.. демек, бұл кейінгі суреттер. Мағжан өлеңдерінде табиғатты тыныш, дағдылы қалыпта алу аясында да оқшау көрініске құмарлық туындай бастағанын танытпай қоймайды» /15-бет/.

Зерттеуші лирикалық шығармалардың өзінен казақ елінің ерекшелігін аңғарту жағына ерекше көңіл бөлген.

Әрине, басты ұстанған мақсаты – стиль және бейнелілік мәселесі. Бірақ аталған тақырыпты ашу барысында талдау-жинақтау, зерделеу кезінде адам сезімін Мағжан Жұмабаев шығармаларында нақты қөрсетуден гөрі тұспал, ишарамен аңдату басым екендігін атап өтуді де естен шығармаған.

Тіпті әдебиеттің қисынының ішкі зандылықтарына үңілсек, инабаттық ізгілікті қарым-қатынастың ерекше бейнелілікке ие болғанын ұғуға болады. Бұл түйіңді дәлелдеу үшін автордың өз үніне құлақ салайық: «Мағжан өлеңінде мінез, қылық әрекет өзгешелігі онша болмаса да, оның есесіне сол сезімнің биік деңгейі тәнті етеді. Ақын үшін ең мәндісі белгілі бір сезімнің қандай жағдайда қалай өріс алуы емес, сол сезімнің өзіндік мұнараға көтеріліп, өзіндік әсер тудыруы, сол арқылы оқырманды қайталанбас, дербес сезім тууына бастауы» (20-бет).

Ойымызды тұжырымдасақ, монографияның көлемі өлеңнің маңыздылығымен үндеседі. Тақырыпты ашуда зерделенуге іліккен материал сығылысып, тығыздала, нығарлана жинақталып берілген. Бұл монографияның ауқымы мен хронометраж қуатының құндылығын айғақтайды.

Автордың лирикаға ерекше ден қойып, ақындардың шығармашылық деңгейін зерттеуді мақсат еткенін ерекше атап өту орынды болмақ. Осындай ғылыми құнды еңбектің республика оқырмандары мен ғалымдарына таралуы – әдебиеттің қисынына деген оңтайлы көзқарасты тудыруына қозғаушы күш. Түсінеміз, кім әдебиеттің қисынын меңгергісі келмейді? Бірақ, әдебиеттің қисыны жайлы «тайға таңба басқандай» жүйелі жазылған ұғынықты тілмен, ғылыми тұжырыммен сипатталып берілген еңбектер өкінішке орай саусақпен санарлықтай. Соның бірі – аталған еңбек.
3.5. «СОРОС – Қазақстан» қорының

«Жазу және оқу үрдісінде сыни ойлауды дамыту» атты бағдарламасымен өтілген лекция сабағының нұсқасы
Сабақтың жоспарын «Қобыланды батыр» жырынан аламыз. Оны жоғары үш деңгейге негіздейміз.


  1. Жинақтау.

  2. Талдау.

  3. Баға беру.


Сабақ басталмас бұрын "Т" кестесін толтыртқыздым. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен өткіздім.

Ноғаилы Қалмақтар



Қобыланды Қазан

Құртқа


Қараман
Дәрістің кіріспесінде көршілеріңізбен ақылдасып, ойларыңызда жыр туралы не қалды, соны естеріңізге түсіріңіздер деймін. Олар өз болжамдарын жоспарлап береді. Ол мынандай:

  1. Қобыланды жауға аттанды.

  2. Қараман Құртқа мен Қобыландыны шағыстырады.

  3. Қазанды жеңді.

  4. Елін Алшағырдан азат етті.

  5. Құртқаға үйленді.

Бұндай болжам алған соң дәрісті бастаймыз. Дәрістің екі мақсаты бар. Бірінші мақсаты – жауға аттандағанға дейінгі Қобыланды бала өмірінің сипатын ашу, екінші мақсаты – Қобыландының батыр тұлғасына деген сырларды анықтай білу.

Дәрістің 1-ші бөлімінде – жауға аттанғанға дейінгі Қобылданды өмірінің болмысы мен орта, тыныс-тіршілігін еске түсіру.

Жұптасып сұраққа жауап іздеуі. Сөйтіп, жаумен шабуылға дейінгі қездің өзінде Қобыландының Қызылбастар елімен таныстығы сол елде көрсеткен ерлігі еске түседі.

Т кестесін қайта толтырады:




Ноғайлы

Қызылбастар

Тоқтарбай, Қобыланды

Көктім елі

Көздікөл (жайлау), қараспан (қыстау)

Қырық бес қызыл ер

Құртқа (миясар - өнерлі)




Әліп (таңба)

Алаш


Еншіге: қырық түйе қырық құл мен кырық күң

Естеміс, 90 құл, мал

Төрт бұлт пір

Енші - Тобылғы

Меңді - Торы ат

Қараман, сарбаздар (Қият елі)

Орақ


Әзиз Шашты

Көрімдік сұрауы

Сәлімбай ағасы

Көкбурыл бие (буаз) -

Тайбурылдың дүниеге келуі





Жоғарыда оқытушылардың қызығушылығын ояттық.
3-деңгейде өтілген дәрісті мынандай эвристика әдісімен өткіздім: Дәрісті жоғары деңгейге қою.

2-бөліміне көшкенде, Қобыланды батырдың мінез-құлқына, жеке Тұлғасына баға береміз.

Оқушылар: «Ол ерлік жасады ма? - деген тақырыпта еркін жазу жұмысын орындады. Бұл жұмыста біздер «Дайындық кезеңі», «Мәтінді толтыру», «Блумның ойлау өлшемін пайдалану», т.б. стратегияларды пайдаландық.

Білім ойлау өлшемі – жинақтау, талдау, бағалау.

Ол былай шықты:


Дайындау кезеңі

Қызығушылықтың фазасы

Дәрістің жартысы

«Т» кестесін толтыру фазасы

Мұратты толтыру

Мағынаны тану, танлдау

Тағы бір дайындық кезеңі

Ой толғанысы фазасы

Қорытынды - жаттығу




Жұптасып оқу




Жұптасып қорытындылау




«Ақсауыт» жинағындағы «Қобыланды батыр» жыры. Алматы. «Жазушы», 1977 жыл







Жырды жаңаша танудың маңызы Мәтінмен жұмыс








Антитеза

Қара қыпшақ Қобыланды

Атасы мұның Тоқтарбай ...



Талдау

Қыпшақ руының менталитеті

Төрт түлік малдың бәрі сай

Жаз жайлауы Көздікөл ...

Қыс қыстауы Қараспан...

Әліп таңба Қыпшақтың

Атасы озған Алаштан





80-ге келгенге дейін Тоқтарбай бала көрмей, зар илеп, Алладан бала сұраған

Қабыл болған тілегі:

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып.






80-де

Бір ұл, бір қыз атадан:

Қобыланды, Қарлығаш






Тотем

Қазнадан қамқа киеді,







Тобылғы менді тор атты

Енші қылып мінеді...






Тоқсан құлдың бастығы Естеміс Қобыландыны тәрбиелейді.




Күнде киік аулайды,

Кездессе жауын жайлайды,

Екпіні оттай каулайды... - ерекшелігі





Оқиғаның бірінші байланысы
Жау ма, жау емес пе?

Қызылбас кім?

іздендіру іс-қимылы.

«Арғы астында бұл таудың

Қызылбастың елі бар ...

Көрсетіп тұрған сәні бар

Құртқа деген қызы бар

Теңгені атып түсірген

Құртқаны сұлу сол алар.

Екі бөліп ұшырды

Ай астында теңгені

Құртқа көріп батырды

Шашу шашып басына,

Бұралып келді қасына.


Талдау

Оқиғаның екінші байланысы

Берейін (Құртқаны) деп жатқанда

Қырық бес кез Қызыл ер

Хабарын мұның есітті

«Менімен күресіп

Жықса алар, - десіпті –

Төсекте жатып Қызыл ер

Қобыландыны көреді

Аяғыммен күрес деп

Бір аяғын береді

Тақымға салып (Қобыланды қызыл ерді) сүйрепті.

Қырық түйе қазына

Қырық кұл мен қырық күң Қосып берді қасына




Талдау

Құртқаның әкесі Көктімге Қобыланды: «Еншіме не бересің?» - дейді. Жол-жөнекей келе жатқанда Құртқаның көзі Қобыландының немере ағасы Сәлімбайдың жылқысының ішіндегі Көкала биеге түседі.




Көрімдігін берсін дейді

Көкала бие жылқысын

Інім десе берсін де

(Ағасы береді)




Салт көрімдік

Тайбурылдың тууы:

Бурыл тұлпар туады

Тұяғын жерге тигізбей

Құртқа сынды сұлуың

Алтын тонға орайды ...






Қырық күнге дейін Бурылға қулықтың сүтін (бірінші рет құлындаған бие сүті) емізеді.

Архаизм (қулық)

Дәрілеген жем берді,

Түңдікпенен күн берді

Алтыннан жабу оюлап

Құлағын тігіп қиюлап

Балағына түсірді.



Талдау

Әкесі Қобыландыға тоқсан құл мен малдан хабар бар ма дейді.




Алты жасқа ат толғанда

Қобыландыдай батырың

Үйге, сірә, келмейді

(90 құлдың қасында).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет