I Ірі уақиға
Қызылбастың елінен Ноғайлының Қырлы, Сырлы қалаларын басып алды.
Қараман (Қиятта Сейілдің ұлы) аттанардың алдында қыпшақ Қобыландыны ала кетуді жен көреді.
Қобыландының жауға баруға рұқсат сұрау мен жылқы таңдауды Естеміске тапсыруының маңыздылығын ашу.
Портрет
|
Құртқаны сипаттайды:
|
|
Түркі жұртының қыздарының сән-салтанаты
|
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп
Буыны түсіп былқылдап
Алтыннан қалпақ дулыға
Шекесінде жарқылдап
Алтын иек, ақ тамақ ...
|
Талдау
|
Себеп
Келіспеушілік
Құртқаның ақылдылығы.
Сыни көзқарасы ізгілік негізінде
|
Құртқаның Қараманға айтқаны:
Аттың күні толмай тұр
Бәрі де қастық кылмайды
Жанына ерген жолдасқа!
Тілімді алса сұлтаным
Бұл сапарға бармасын.
(Бурылда 43 күн кемдік бар)
|
|
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің Хадишаға үйленуі және Хадишаның ақылдылығы. Міне, осы көрінісімен Құртқаны салыстыру өте тиімді. Бұл шығыс елінің менталитеті.
Қобыпанды Құртқаның тілін алып, бармайтын болады:
|
Суггестив
Өкініш
Қобыланды:
Архаизм (миясар)
Бағалау
Инабаттылық,
ізгілік
Ананың сүтін ақтау
|
Қараманның:
Әр талапқа шығарда
Қатынға ақыл салған соң
Қатынның тілін алған соң
Арыстан туған құрдас жан
Ол – қатын емей, немене?
Сөз сүйектен өткен соң
Тобылғы атқа ер салды
Қобыландының ашуы:
Сөзге сынық қылды, деп
Егер шықса алдынан
Басын кесіп алмасқа
Сасқаннан Бурылды шығарады
Көлденең жатқан көк тасты
Сулығым деп шайнайды
(43 күн жетпейді)
Тайбурылды көрген соң
Құртқадан қайтып қаһары
Ақылы жоқ мен байғұс
Бүйтіп жүрген Құртқамды
Шауып тастай жаздаймын
Құртқаны миясар (саусағынан өнертамған) дейді.
Есен барып сау қайтсам
Әйел де болсаң, Құртқажан
Хан қылармын халыққа
Сіз алыстан келгенде
Ажырайып қарауға
Жарамаймын бетіңе.
Тілеп алған баламын
Жатпады деп бүгінше
|
Ішкі ой-түйін
Ақылдық
Дәстүр
|
Қоштасу
Сыйыну (тотем)
Көрегендігі
|
Өкпелеме, Құртқажан,
Ұзақ жолға жүруші ем
Кемпір-шалдың қойнына
Жатайын деп барамын.
Жиылған жұртпен қоштасып
Қобыландыдай батырың
Тайбурыл атқа мінеді...
Кешегі кеткен Қияттың
Соңынан желіп жөнелді.
Қарлығаш сөзі:
Бірге туған тектесім ...
Сонда Қобылан сөйлейді
Тоқсаңда атам Тоқтарбай
Қүдіретіңе тапсырдым
Алпыстағы анам Аналық
Бибатимаға тапсырдым.
Шырағым сені, Қарлығаш
Қарашаш ханымға тапсырдым.
Жар қосағым, қыз Құртқа
Палуан қызға тапсырдым.
Құртқаның қадірін білерсің ...
Қасқырлық деген тауы бар
Басына оның шығарсың
Атыңды көкке қаратып ...
Кіндігінен қаратып
Бір дұшпанның мықтысы
Аламын деп тұрғанда
Қараңғы үйге салғанда
Көңілге қайғы толғанда
Сұлтаным, сонда келерсің...
|
|
|
Құртқаның сөзі:
Арыстаным аман бол
Осы барған сапардан
Жеке туған дарасың ...
Өз дегенің болмаса
Жөнге көнбес баласың.
Тіл білмеген дұшпанға
Жалғыз кетіп барасын.
Тайбурыл атқа желерсің.
|
|
Анасының оқыған, терең білімді қасиеті қоштасу арқылы беріледі
Тотем
|
Шешесі келіп жылайды
Он үш жасар Қобыланды
Ерінбей сүйер кезім-ді
Кітаптардың ішінде
Қырық пайғамбар аты бар
Қырда Қияс пайғамбар
Ойда Ілияс пайғамбар
|
|
Садақа
|
Егіз туған көк бура
О да сенің жолыңа!
Егіз туған көк бұқа
О да сенің жолыңа!
Егіз туған көк айғыр
О да сенің жолыңа!
Осы кеткен қадамды
Алланың досты Мұхаммед
Тек тапсырдым қолыңа!
Жарылқаушы Құдірет
Қызылбас басқа, Біз – үмбет
Қозымды сізге тапсырдым.
Алланың досы Мұхамбет.
|
|
Қисын
Аллегория
Қисын
Риторика
Сұрау
|
Қобыландының жауабы:
Ата-анам, ел-жұртым
Тапсырдым енді құдаға!
Тайбурыл шабысы
Санына (Тайбурылдың) қамшы батқан соң
Жоғарғы ерні жыбырлап
Төменгі ерні қыбырлап
Тайбурыл сонда тіл қатты:
Үстімде сен есенде
Астында өзім аманда
Қажу бар ма мен сорға?!
Ат қылып тәңірім жаратты
Сен сықылды сығайға (ығай дегендей).
|
|
12 күн жүрген Қобыланды Қарамаңды шенейді Көрдіңізбе.Қараман
|
Қисын
Шенеу
Тотемдік
Қисын
Шиеленіс
І оқиғаның шешуі:
|
Көрдіңіз бе, Қараман
Қатынның баққан атын-ай! Тайбурыл шабысы
Қызғылтынық Қыздыкөл ...
Айналайын бес көлден
Бәрінен өтіп жөнелді
Аттың жолы қазылды
Бурыл көкке секірді.
Қараман атты батырық
Аламын деп ала алмай
Тауда жатқан батырды
Қараман өзі келеді
Келіп сөйлей береді.
Қобыланды сөйлейді:
Неше батыр болсаң да,
Үйде қалған Құртқаның
Сатса алмаймын сөзіне ...
Қараманнын өкпесі
Қобыланды батыр келгесін
Сыбағамды бердің деп
Қараман құрдас күледі.
Қобыландының Тайбурылға сөйлеуі:
(Қайталау: Жая қандай, жал қандай?
Шекер қандай, бал қандай?)
Жетінші кабат қалаға
Қарғытамын Бурылым.
Қысылған жерде дем берсін
Жылқышы Қамбар піріміз.
Алты қабат орнынан
Жетінші қабат қалаға
Қояндай қарғып жөнелді
Ортасына шаһарының,
Бурыл барып топ етті.
Ат тұяғы тиген жер
Тесіле жаздап солқ етті.
Қараманның қалаға түсе алмауы
Қазақ десе оқ атқан
Қабағына қар қатқан
Он екі күнде бір жатқан
Он үш күнде бір татқан
О да айтулы ер еді.
Үлкен оқиға «Қашпа, балам, қашпа», - деп,
Алдынан шықты ер Қазан
Отыз төре Қызылбас
Мысық құлақ мылтық қолында
Шаһаз - сабаз, ер Гозел - сұлу, көркем,
Қырық мың әскер қол шықты,
Қазан ханы бас болып,
(Қайталау: Арқада бар Бөрікөз
Жақсыда бар тәуір сөз)
Қобыландыға келді кез,
Өзі жеке келгесін.
Қобыланды:
Патшаңнан алған қамқанды,
Қан қылмай-ақ шешерсің.
Әуелі тәуір сөйлесіп,
Артынан шайтан жабысты.
Шайтан емей немене,
Ырғай сапты сүңгіні,
Ырғай, ырғай салысты.
Итерісіп тұрысты.
Найза қанға майысты.
Қазанды шабуы:
Ақ денеден қан шықты
Кез келді құдай қабанды (метафора) (Қобыланды)
Қырық мың атшы қызылбасқа
Тұтам қылды заманды
Қырық мың ашты кызылбас
Жалғызын білгесін
Енді ортаға алады.
Жар болғай, алла, өзіме, ...
Ата-анам сүйген, ақ денем,
Оқ дарытсаң, саған серт!
Шабайын деп батыр тұр.
Қырылуға кәпір тұр.
Жайып кетіп барады,
Қойға тиген қасқырдай.
Сойып кетіп барады.
Жолбарыс шапқан құландай,
Шошып кетіп барады.
Жаудың бәрін тауысып,
Ақ найзаға сүйеніп,
Қобыланды жалғыз бұл қалды...
Бұзып-жарып батырдың
Малын-жанын ызғытып...
Қияттың (Қараман елі) жаман әскері
|
Антитнза
Әсірелеу
Литота
Теңеу
Теңеу
|
|
Көп олжаға кенелді ...
Атадан жаман туғандар,
Арам тамақ олжаға
Беті-қолын жуғандар
Қоста отырып кездесіп:
|
Нәпсісін тия алту
|
Өзара шу шығу
Ішкі шиеленіс
|
Қобыланды елге барады
Қиналып өзім алдым дер
Олжаны өзім салдым дер ...
Қобыланды елге сау барса,
Қадырымыз кетер, - деп.
Жалғыз атты қыпшақты
Өлтіріп кетсек нетер - деп ...
Күңкілдесіп көп жаман
|
Метонимия
|
ІІ оқиға
Ақымақтық
|
Қараман Қобыландыны Көбіктінің
Шәһәрін жаулап алуға шақырады.
Мақұл көріп бұл сөзін,
Асып-тасып екеуі
Алланы алмай аузына,
"Барайың десең жүр", - дейді.
|
|
Шайтанның түртуі, дандай суы
|
Көбіктінің Тарланы жауды біліп,
Хабар берді, ал Бурылдың кемдігі осы арада білініп,
Тау басында дем алып отырады.
Тарлан атты Көбікті
Еріндіктеп алады.
Беліне терең салады
Тас шоқпарды тақымда
Айдауға кеткен неліктен
Соңынан ұшып барады.
|
|
Көбіктінің Қараман мен Қобыландыны жаулап алуы
|
Көбіктіні шанышпауы
Оңтайлана найзасын
Көбіктіні шанышпаққа
Ерлігін Алла қоспады ...
Қарамаңды Көбікті
Тақымына басады.
Қобыландыны Көбікті
Ұйықтап жатқан жерінде
Тоғыз қабат тор салып,
Бекітіп әбден байлады.
Талма бетті (Көбіктің қызы) нұр жүзі
Қарлыға деген кызы бар
Әкесі Көбікті Қарлығаға:
Жауып таста, Қарлыға,
Бұл екеуін апарып
Кілт есікті лабаққа (абақты)
Қарлыға Қобыланды елін жаулау үшін
Алшағырды жібереді.
|
|
Оқиғаның 3-шиеленісі
|
Қарлығаның анасының өсиеті,
Бұл кезде Қарлығаның анасын қыздан
Тартып Көбікті олжалаған.
Назы:
|
|
Қазақ батырларынан соң себебі:
|
«Менен туған қыз болсаң,
Мұсылманның, шырағым,
Етегін ұста, - деп еді.
Бірнеше күн өткесін,
Қарлығадай сұлуың
Қобыпандыға келеді.
Қобыландыдай батырға
Ғашық болып сұлуын
Жата алмайды үйінде.
|
|
Бірақ,
|
Қобыланды уатуға көнбейді...
|
|
Жеңіс
|
Көбіктінің бөксесі
Кеудесінен белінді...
Қараман олжа сұрайды,
Қарлығаны қоса сұрайды... Артыңнан мақтап қайтейін... Өзі сүйсе, бергенім...
Қобыланды: Көбіктінің өлгені Қарлыға қыздың айласы ...
Ал Қобыландыда шаруа жоқ.
Қобыландыдай батырдың
Жұртта жалғыз қалғасын,
Шыбын жанын кинаған...
Қарамандай құрдасы
Көптігіне мастанып
Еліне алмай кеткен...
|
Мейірімсіздік
|
|
Қобыландының күйініші:
Жалғыз туған мен сордың
Алдымда сүйеу ағам жоқ,
Құдайдан басқа панам жоқ.
|
Жалғыздық
|
ІІІ оқиға
|
Аян:
Сенің әкең Тоқтар шал,
Тізесіне тон жетпей,
Бұтында жоқ ыстаны
Қара табан қойшы боп
Әкең қойда жүр екен ...
Өзіңнен қалған Құртқаны
Қалмақтың ханы Алшағыр
Аламын деп жүр екен
|
|
Сауға
Тотем
Қисын. Аллегория
|
Оянса:
Мұны біліп Бурыл ат
Күйініп аңсап жүр екен
Бізден хабар тиген соң,
Аяғынан жазылып
Қыз да болса, ер екен...
Қараманның жанынан ...
Тарлан мен бурылды
Қарлыға барып жүр екен...
(Қараманнан түңілген)
Әйел де болсаң, дана едің
Мұңымды саған шағамын.
Тайбурыл маған:
Ертеден шапқан Қобыланды
Кешке дейін шабады.
|
|
Қисын.
Кездесу.
|
Құртқа мен Қобыланды жасырын кездеседі.
Аузын сүйді Құртқа жар
Алақанын сүйді қармалап,
Өліп-өшіп барады
Көбірек тұрып аймалап
Қобылан сұлтан баланы.
|
|
Оқиғаның дамуы
|
Алшағырмен кездесуі.
|
|
Қобыланды, Қараман, Қарлығаның келуі жайлы Алшағырдың шешесі ескертіп, баласын оятады. Оған ол нанбайды. Алшағыр шешесі еліне қызын алып кашпақ болады. Бұларды Қарлыға шауып алады.
Екі қызды Қарлыға ұрлап алып кетеді. Сөйтіп олжаға түскен Қанікей мен Тінікейді Қараманға беріп, өзі азаттық алады:
Қисын.
Риторикалық сұрау:
|
Артық туған Қарлыға
Басын сатып алады.
Масыл-масыл, масыл ма?
Аққа құлпы жасыл ма?
|
|
Шиеленіс:
|
Алшағыр ұясын
Қобыланды, Қараман,
Орақ, Қарлығалардың
(4 батыр келіп) шабуы.
|
|
Психология.
Өкініш
|
Автордың Алшағырды сипаттауы:
Қызылбастың пілі (метафора) еді,
Қобыландының дауысы
Құлағына келеді.
Естіген соң дауысын
Шешесінің сөзіне
Еңді Алшағыр сенеді...
Біріне-бірі ұмтылып
Тақымдары құрысты,
Он саусағы қырысты ...
Қанжарменен қармасты,
От шығарып ұртынан,
|
|
Согыс әрекеті
|
үмітін үзді Алшағыр
Домаланып барып жығылды...
|
|
Реализм мен романтизм
|
Қатуланып Қобыланды
Түгі шығып білектен,
Етке тоқтар қайрат па,
Өшіп кетіп сүйектен
Қайта тартса, тулайды
Қобыланды ердің найзасы.
Аляиғыр балалары
Тоғанасты Қобыланды өлтіреді,
Ағанасты Қарлыға өлтіреді.
Орақ шығып бұ жақтан
Ақтайлақтың соңынан
Баласы еді нарқызыл
Шығып еді қаладан
Қараман шығып бұ жақта
Бұл дағы іліп тастады.
|
|
Шабуылды үдетпе
тәртібімен суреттейді.
Детпе градация
|
Қазан басты қара дәу
Шығып еді қаладан,
Қарлыға іліп тастады, т.б.
Көбіктінің баласы
Пірімбай шықты:
Пірімбайдың қайраты
Барған сайын өрледі
Самсап тұрған ерлерді
Пір адамдай кермеді ...
Еріне найза енгесін
Төрт көкжал да мендеді
Мен дегенін көргесін
Қарлыға сұлу сөйледі:
Ағасын Пірімбайды
Қарлығаның алдауы:
Әкесінен Қарлыға күшті,
Қарлығадан Пірімбай
8 есе күшті
|
|
Туған ағасын алдау, оны өлтіруі
Қисын
Шешуі
|
Болайын сенің құрбаның
Менен қашқан үш дұшпан
Мынау келіп тұрғасын...
Жаралы болған басымды
Адам көрмес жерге барар
Қайтып кетіп үш ерден,
Найза сұғып, кек әпер!
Пірімбай сонда сөйлейді:
«Ой, апеке, білмедім,
Жау ішінде жүргесін,
Кім екенін көрмедім...
Назармен әрмен ауғанда
Өз апасы Қарлыға
Найзаны салды желкеден...
Пірімбайды Қарлыға
Айламенен құлатты.
Пірімбайды өлтірді...
Көк ала атты желкелеп,
Жүрер жерін желкелеп
Үш батырға келеді...
Жүгін тиеп шанаға
Томар бас боп көп қыпшақ
Шуылдап шықты қаладан
Алшағыр ханның шәһәрінен
Бүкіл қыпшақ жабылып
Он сегіз күн шабады.
Қалмақты алған көп олжа
Әділдікпен батырлар
Жиып алып көп халқын
Бөліп берді еліне.
Қырық күн үзбей той қып,
Қобыландыдай батырға
Құртқа сынды сұлудың
Осы жерде қиды некесін ...
Тоқсан екі қатын жеңгелеп
|
Жауыздық
|
Қисын
Шиеленіс
|
Қия кесіп жал қойды.
Тұра тұрсын бұл сөзім...
Қарлыға сұлу не қылды?
Қаншама еңбек қылса да
Қобыланды батыр алмады
Қараманға барады
Не қыларын біле алмай
Қарлыға сұлу зарлады ...
Қарындасы Қарлығаш
Ораққа берді, той қылды.
|
Адамгершілік
|
Қараман Алшағыр қарындастары Қанікей мен Тінекейге той қылмақ болып, Қобыланды мен Құртқаны шақырады. Қараманның тойына бара жатып, орта жолда тіккен Қарлығаның шатырына Қобыланды, Құртқа кез келеді.
Қисын
Оқиға шиеленісі
|
Осы жолда кездескен Қарлыға:
Алдынан шығып Қарлыға
Қобыланды менен Құртқаны
Бір-екі ауыз айтып сөз
Ақмоншақ ат астында
Кәмшат бөрік басында ...
Қарлығадай сұлуың
Жүрегі оттай қабынды.
Құртқа сұлу батырға
Қарлыға жылап тұрғасын
Түсейік деп жалынды.
Қанша жылап айтса да
Қарамай кетті Қобыланды...
Бірнеше күн жол жүріп
Қобыланды тағы кездесті.
Қарлыға жатқан шатырын
Құртқа Қобыландыдан Бөкенбай деген ұл көреді.
Міне, осы жорықта Қарлыға, Қараман да екеуі Ораққа келді...
Қабағы тастай түйіліп,
|
|
|
Ойын күшті артынан –
Алты жасар Бөкенбай
О да келді жақындап.
Хан Шомай мен Қобыланды
Шаншысуға келді кез.
Шаншысамыз енді дегенде,
Сол уақыттар болғанда
Қарлыға келді соңынан,
Қайрат қылды қолынан.
«Өш алғанда, кек жоқ, - деп,
кек алғанда, кек жоқ, - деп
Шошай ханың алдында
Кегімді мен де аламын, - деп,
Атым әйел болмаса да,
Жүгіңді төмен салдың, - деп,
Қобыландыға Қарлыға
Найзаны салды қоңынан.
Байлап берді дұшпанға
Қобыландыдай береңді ...
Қарлыға Қобыландыны 7 жыл тосқан.
Сонша әскер үстінен
Түлеп ұшты аспанға.
Тайбурылды көріп, Қараман, Орақ, Бөгенбай келді
Көп тұруға шыдамай
Шуылдаған Қызылбас
Баладан ұшып кетеді.
|
Зорлап үйлендіру
|
Бөгенбай мен Қарлыға алысады, шешесінің сөзіне құлақ асқанмен Қарлыға оған сөйлейді:
|
Шешуі
|
Қарлығаны жетелеп,
Бөгенбай елге келеді!...
Жетпіс жыл жатып далада
Қарлыға сұлу сүйгесін
Аты күшті батырды ...
«Бұл елдің қайда молдасы,
Қарлығадай сұлудың
Некесін қисын», - депті.
Қобыланды сөзі:
Әке менен ініңді
Соқпа қастық қылғанда,
Кімге достық қыласың.
Саған қыпшақ не ғып сенеді?!..
Қобыландының аяғына
Қарлыға сұлу жығылды...
Қарлығадан Киікбай деген ұл туды. (163-бет).
Мұрын Сеңгірбайұлынан (1860 - 1955)
Асайын Хангелдин жазып алған.
|
Сатқындықты кешірмеу
|
Марабай, Меңгербай варианттары.
Бұл – дәрістің тұтас жүйесі.
Негізінде педагогикалық технология аспектісінде тек бір технологиямен, не бір әдістемемен шектелу мүмкін емес. Сол себепті берілген нұсқаны тек Қазақстан Республикасы «Сорос – Қазақстан» қорының «Жазу және оқу үрдісінде сыни ойлау әрекетін дамыту» бағдарламасында өту жетімсіз. Мұнда алдымен филологиялық-пәлсапалық тіректік ұғымдар приоритетті. Содан кейін субъектінің эвристикалық деңгейін дамыту бағыты көзделеді.
3.6 Зертханалық жұмыстың үлгісі
Қажеттілігі
XXI ғасырды айқара ашу үшін әлемдік деңгейге сәйкес мәртебе мен менталитет қажеттілігі жайлы айтып жату артық болар. Кешегі өлшем бойынша, елімізде оқыту жүйесін жариялылық қағидасы мен ізгілендіру, өзектендіру әрекеттестігіне, ынтымақтастығына назар аударсақ, бүгінде әр оқушының жеке тұлға болуына бағдарлайтын пән айналымдарының ментальді, эфирлі, космостық біліктілігі арқылы рухани жан-дүниесін дамытуға басты көңіл бөлу қажеттілігі туды. Мұндай бағыт әр оқушының өзін-өзі дамыта алу қабілетін ұштары сөзсіз. Әсіресе бұл жүйе әр оқушының ізденісінің өрлеу шыңына шығуына қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.
Мақсаты
Оқытудың жаңа мазмұны әр пәннен аталған үш рухани көздердің адам дамуына тигізер септігі орасан. Жіктеп айтсақ, барлық міндетті оқылатын пәндерден оқушы өзінің болашақ өмір сүруіне қажеттілікті, құндылықты таңдай алуына, оны дамытуына ниеттенеді.
Оқушының іскерлігі мен еңбегінің өнімділігін аңғарту үрдісіне пәңдердің нысандарынан өлшемдер алдын-ала құрылып, әр оқушы өзінің деңгейін біліп, жоғары басшылыққа ынталанып, жаңа тапсырмаларға ыңғайланып отыру үзіліссіздікпен жүзеге асады.
Оқыту үрдісінде мұндай әрекеттестік – ең жоғары сапаға жеткізудің кепілі.
Оқытудың технологиялық жүйесінде әртүрлі деңгейліктерге лайықталған тапсырмаларды құрастыру – жоғары нәтижеге жеткізер тиімді амал. Әр деңгейге ыңғайланған ұтымды тапсырмалар, оқыту үрдісіндегі тиімділік жеке тұлғаға бағытталған ширату сарынындағы нысандар, әлеуметтік сұранымдардың заңдылығына сәйкес келерлік оқытудың мазмұны сұрыпталады.
Оқытудың технологиялық жүйесіне қатысты жүргізген анализден жалаң, бір жақты оқыту үрдісінде әр оқушыны тұлғалыққа бағыттарлық оқыту жүйесінің сарыны аңғарылады.
Жобаның негізі
Оқытудың технологиялық жүйесін жүзеге асырудың 3 тетігі бар:
Ғылымилық. Бұнда оқытудың мақсаты, мазмұны, әдіс-амал, құрал-жолдары, педагогикалық үрдістің жобалары, болжамдары карастырылады.
Үрдістік-сипат. Педагогикалық үрдістің алгоритмі, тапсырмалардың (көпдеңгейліктің) мақсаты, мазмұны, әдіс-амал, құрал-тәсілдері оқытудың жоспарланған нәтижесіне бағыттауы.
Үрдістік-әрекеттестік. Барлық тұлғалық қасиеттердің дамытылуына әдістемелік құралдарды талғаммен қодданылуына ыңғайлауы.
Мұның өзі үш түрлі деңгейлікте жүзеге асады:
- Жалпы педагогикалық. Қазіргі оқыту үрдісінде оқыту тұтастық сарында білімдік негізге ыңғайлайды. Бұл – үлкен педагогтық жүйе, нысана мен субъектінің арақатысы.
Жеке әдістемелік. (Пәннің деңгейінде). Мұнда әдістер мен тәсілдер бір пәннің ауқымында жүзеге асады.
Пішіндік деңгей. Жеке тұлғалыққа тәрбиелеудің ізгілікті жолдары және білім меңгерудің жаңа амалдарын, оны тексерудің, бақылаудың өзіндік тәсілдерін қарастырады.
1.2. Бүгінгі заманға лайықты педагогикалық технологиялардың негізгі сапалық қасиеті.
Технология жүйесіне кіретін кіші блоктар:
а) Тұжырымдық негіз;
ә) Мақсаттық мазмұны; оқыту мақсаты, жалпы және нақтылы. Оқыту материалының мазмұны.
б) Үрдістік.
Оқытудың технологиялық картасы төмендегідей:
- Ғылыми базасы. Оқытудың көпдеңгейлікті тапсырмалардың жеке және өздік жұмысымен сәйкес келуіне орай тұжырымдамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |