Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту


Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларын жаңаша тану



бет4/11
Дата15.12.2016
өлшемі3,53 Mb.
#3866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларын жаңаша тану

1990 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының «Ғылым» баспасынан М.О. Әуезов атыңдағы Әдебиет және өнер институтының даярлауымен М.Көпеевтің екі томдық жинағы басылып шықты. Осы жинақтың I томында жарияланған «Мысал» бөліміндегі ой-түйіңдерге назар аударалық. М.Көпеевтің өлеңдерінің тақырыбы, мұраты, мақсаты, мүддесі тұрғысынан қарасақ, мынадай стратегиялық жіктемені байқаймыз: өнер, құлдық психология, империялық саясат, қазақтың құндылығының төмендігі хақыңда, адамның басқа сапаға ауысуы туралы, ақыл-білім, ғылым, отарлау, сөз құдіреті, адамның мінезі, парасат және дамыған адам пішіні, надаңдық, діни шынайы рух т.б. Мұндай жіктемені топтастыру алдымен М.Көпеев өлеңдерін тұтастықта түйістендіре (апперсепсе) қабылдауға сепгігін тигізеді. Егер аталған стратегияларды жеке-жеке талдаудан өткізсек, оның сөз құдіретін ақыңдық деңгейде көріну үшін пайдаланбағандығын байқаймыз. Ақын сөз құдіретін тек көзге бадырайып көрініп тұрған нысана (объекті) жайлы сипаттық өрнектерді қиюластыру мақсатында да қолданбаған. Адамның миына сыйымсыз, танымның шектерінен тыс микрокосмос, ноосфера заңдылықтарына құлақ асу, оны ақылға салып, көз арқылы тануға ниеттену, өмірге адам жалаңаш келіп, бақиға аз ғана бөзбен кететінін естен шығармау, құдіретті билеушіге жалбарыну.

Айналдым бұлт болып биік тауға,

Іліндім шортан болып жібек ауға...

Бұл жолдардағы ақынның «тауға» деген балау сөзінен «бұлт» дегені салмақтырақ. Неге бұлттан тауға айналады? Себебі халқының көретінді көрмеуі, еститінді естімеуі жанын ауыртады, өмірге қалай жалаңаш келсе, өмірден тағы жалаңаш кететініне мұңаяды, бұлт болып түйіледі (ішкі зары). Осы орайда шығыстың да, батыстың да философиялық тұжырымындағы адамның санасын өмір құрайды деген түйінді аңғарамыз.

Егер әр адам өзінің бар мүмкіндігін санасы мен парасат-пайымын дамытуға бағыштаса, оның келесі кезекте, о дүниеден қайтып оралуына мүмкіндігі барлығы туралы ақын өз ойын білдіреді. Бұл ой-түйін кешегі бір ғасырға жуық үстемдік құрған материалистік философияға қарама-қайшы түсінік. Егер материалистік философияда көзбен көрген нысана (материя) адам миына сәуле шашып, оны айнытпай қабылдайды десе, субъектілі философияда адам миының қабылдау мүмкіндігі шектеулі, оның миына, көзіне, құлағына іліге бермейтін құбылыстар мен үрдістер (процестер), заңдылықтар, қағидаттар өте көп екеніне мән береді. Міне, М.Көпеев осы тұжырымды меңгеріп, қиындық тағылымдық (теория) және тәжірибе жүзінде өз-өзін біліми, ғылыми, діни, мәдени т.б. бағыттардағы терең сырлар мен құпияларды тануға ықыластандыра алған.

Оның дәлелі ретінде өлеңдерінің негізгі сарынына құлақ салып көрелік:

- алтынды пұлын білмей жерге шашқан;

- қор болып өрге баспай өнерпазы;

- зиянға біздің қазақ аяқ басар, соқтығып, өз пайдасын ойламастан;

- анау озық, мен кейін қаламын деп, көз салып бірін-бірі шамаласқан;

- өтірік, ұрлық, өсек араласқан;

- қылғаны хәкімдердің бізге зорлық;

- низамға (заңға) тура келмес ісі сиып;

- сөз айтсаң бір-екі ауыз жалдамаға, атам деп қорқытады мылтығы ұзын;

- білімді білімсізден сасып жатыр;

- қапасқа салып қойды кемеңгерді;

- өлген құнсыз, айтқан сөз пұлсыз;

- рәсуә боп өз абыройын өзі шашты;

- залалға мейлінше арзан бізді сатар;

- жақсы жат, жаман адам таныс болды;

- тартылды биылғы жыл көк рахметі, пенденің пейілі азған ыңғайынан;

- есіктен кіре алмайтын қарашекпен, орынды кақ жарып кеп алды төрден;

- қызғанып күннің көзін мұңлы бізден;

- айрылған біздің қазақ Есілінен, адасып осы күнде қазақ қалды, бұрынғы ата-баба рәсімінен;

- құранды қор, моланы бордай қылып, жоқ қылды шариғаттың құрмет-сыйын;

- тұл болды ерік алумен қыз бен қатын;

- мұжық кеп, қара шекпен крестьян, жеріңді қылмады ма тілім-тілім;

- өзіңді-өзіңмен ұрыстырып, тоздырып, иттей қор ғып, быт-шыт етті;

- сарт демей, ноғай демей, қазақ демей, тілек қыл дін мұсылман бірлігіне;

- империяға қараған дін мұсылман, алтыдан бір боп шығар санағанда;

- қызылшыл, жемтікшілді жібермендер, ит сықылды жетекке еретұғын;

- дүние барда құлақ пен көз болмайды, есі бүтін кісіде сөз (қажетсіз) болмайды;

- оқу бар, ұғушы жоқ, құдай атып;

- «Ал», «бер» деген сөз еді екі ағайын: «Ал» өліп, «бер» деген сөз тірі қалды;

- үрген қуық - бүгінгі жұрттың басы;

- ұйқы мен ең аяғы астан безсең, түседі аспандағы күнге сәулең;

- Ай менен Күн өмірдің ұрысы екен;

- кедейлік кет десең де кете қалмас, кез болса маңдайыңа жаман қатын;

- басыңа қайғы келсе, назаланып шықпа діннен;

- өзіңнен дәрежесі артық жанмен тайталасып, сөзге келме;

- көп жаман қорған болмас жинауменен;

- біреудің ауызға алма жамандығын;

- бойыңа үйір қылма өкпе, кекті;

- бола бер бәріне де ыңғайлы, епті;

- шайтанның шамаң келсе, сыңдыр белін;

- жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ;

- қауіп-қатерсіз болам десең, еш адаммен болма даулы;

- түгел адам болам десең, шала-шарпы адамдардан сырың жасыр;

- кісіден дүние алғаның - құл болғаның;

- кісі деп елден таңдап алғандарым, демесем мүйізі жоқ сиыр, өгіз;

- мал жиып, бай боламын демегенмен, өмірде көрмей өттім қыс пен жұтты;

- керек қылмай дүниені жүргенменен, сондадағы ешкімнен кем болмадым;

- махаббат - сәулесі зор Құдай нұры, көрген жан сол сәулені қалмас құры;

- қарғалар көгершіннің зікірін салып, құдайым дәуірлетті арам құсты;

- таусылып қызыл гүлдер, қалды тікен...

Жоғарыда келтірілген алгоритм сарыны - Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдерінен жинақталған ой-түйіңдер, тұжырымдар.

Көркем сөз құдіретін өз мәнінде түсіну мен түйсіну - оқытушының баяндауымен, мазмұндауымен болмайтын үрдіс. Бұл ретте Мәшһүр Жүсіптің туған немересі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, проф. Қуаңдық Жүсіпов әдебиетті жаңаша оқыту жайлы былай дейді: «Тәуелсіздік алғалы басқа да маңызды іс-шаралар тәрізді қазақ мектептерінде әдебиет пәнін оқьпуға басты көңіл бөліне бастауы - заңды құбылыс. Осы орайда шығып жатқан әдістемелік мақалалар мен кітаптардың санын тізбектеп, сан көптігіне тамсанып, сонымен шектелу зандылығына назар аудартқымыз келеді... шығарманың көркемдік табиғатына бара алмай, айналсоқтай беруіміз аз емес. Оның есесіне кино, сурет тәрізді көрнекі құралдарды мадақтаудың жөні осы екен деп шығармадан аулақтап кетуіміз тіпті молайып бара жатыр. «Ау, бәрі де дұрыс, тек негізгіні ұмытпайық!» - дегіміз келеді».

Әдебиетті түбірімен (жоғары және орта мектептерде) жаңаша оқыту жайлы бұл пікірді толық құптап, оған әр шығарманың тірегі, ғылымдардың падишасы - пәлсапаның сарынды, топшылауды мәтіндерден сұрыптап, алгоритмге салу әрекетіне машықтаңдыру амалын қосқымыз келеді. Бұндай пікір, байым түю, шығармалардың феномеңдігін, силлогизмдік (ерекше міндетін) қуатын, қайталанбас даралығын айқындай түседі. Әсіресе, кешегі кеңестік дәуірдегі адам миының сыртқы ақиқатты дәл қабылдау мүмкіндігі жайлы материалистік түйсіктің абсолюттігіне күмән туғызып, миға микрокосмос, ноосфера жүйелерінің ілікпейтінін ұғарлық қырағы көз бен сақ құлақ, «киім киген ми мен сөз» болуы қажет. Оның дәйектілігін, нақты жауабын басқа ғылым жүйесінен іздемей-ақ М. Көпеев өлеңдерінің тұжырымынан да іздеуге болады. Бұның үлгісін жоғарыда келтіріп өттік. Ақын субъективті сырларды түсінерлік жан-жақтан, қатынас (коммуникация) құралдарынан, қоғамнан, әлемнен рухани байлықтың көздерін ашып, тауып миына киім кигіз деп тұрған жоқ па? Сондықтан ақын творчествосын түсінуге терең ой, парасат керектігін мойындау қажет.

М.Көпеев көркем сөз, өрнекті өлең, шырынды ой арқылы адамзат мүмкіндігі бүгінгі қалыпта қалмау керектігіне мән берген. Адам өзінің болашақ ісіндегі онтайлы, ізгілікті ісіне кедергі зауалдарды (карма) көре білуі, яғни, теология, дуалистер, материалистердің ой-түйіндерімен төркіндестігі екенін түсінгеніміз дұрыс. Қысқартып айтсақ, жер бетіндегі тіршілік нышаны жойылмауының, үнемі амандық, тыныштық салтанатын орнатудың алғашқы кепілі дінді ғылым ретінде меңгеру сияқты харекеттер - М.Көпеев лирикасының негізгі мұраты.

Ақынның «Қорқыт», «Гүлшат-Шеризат» сияқты қисса, дастандарын, этнографиялық, публицистикалық еңбектерін айтпағанда, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегінің өзі өлшеусіз зор.

- «XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен Бұхар жырау жырларын сақтап, тарих саласында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпеев»...оның осы тұстағы өлеңдерінің тақырыбы күңделікті тұрмыстық жағдайды суреттеуден әрі асқан жоқ. Ол - өзі араласып жүрген айт пен той, ер түрлі адам мінезі, жүріс-тұрыс ерекшелігі, көшу, қону, жаз бен қыс, ас, қыз ұзату сияқты нәрселер еді. Бұл өлендерінде кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең бойлап, психологиялық талдау жасау жоқтың касы, бір сөзбен айтқанда, бұл оның шәкірттік үйрену кезі еді. М.Көпеев өлеңінің айрықша бір қасиеті-қарапайымдылығында» (3). Міне, бұл ой-тұжырымдардың өзінен ақынның нақты шығармашылық деңгейін дұрыс қабылдай алмаушылық пен сөз құдіретінің мәнісін дөп басып түсінбеушілік байқалады.

Әрине, кеңестік дәуірде шығармашылықты зерттеу, талдау тек саяси мүдденің үдесінен шығу дәрежесінде жүзеге асқандығы белгілі. Бірақ аталған бағалау-түйіндерден М.Көпеевтің данышпан, көреген, сәуегей, «жер астының оқуын меңгерген» (бұрынғы бабалардың тілімен) ақын екені назарға ілікпейді. Бұл біздің құнсыздығымыздың тағы бір дәлелі.

Қорыта айтсақ, Мәшһүртану ілімі мектеп қабырғасынан бастау алуы керек-ақ. Бұл аталған синтез қорытындыны жоғарыда талдау үрдісінде үлгілеп бердік. Оқытудың негізі мәтіннің маңызды деген сарынын бөліп алу. Ал ол дидактиканың пәлсапалық негізі.


Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын жаңа амалмен (технологиямен) оқыту

Оқытудың жаңа сарынын аңғарту мақсатында Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Қырық алты жасында сөйлеген сөзі» деген өлеңін негізгі нысанада ұстаймыз.

ІІІығарманың тақырыбын ашу әрекеті алдымен қарастырылады. Тақырыптың бұлай келу себебін студенттер өздері жобалап табулары керек. Ол үшін әр студент өздігінен мәтіңді бір оқып шығып, өз түйіндерін сипаттайды. Бірақ бәрінің ойы тоғысатын сөйлемді оқытушы күні бұрын пішіндеп алады. Мысалы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің қырық алты жасына дейінгі уақыт пен кеңістікке сәйкес қоршаған ортасы жайлы пәлсапалық ой-түйіндер жинаған. Міне, осы ой-түйіндерінен белгі білдіру мақсатында өлеңнің тақырыбын қырық алты жасымен сабақтастырған...т.б. студенттердің дәл осы сөйлемді құрастыруының қажеті жоқ, бірақ, осы ойға орайластырулары керек.

Өлеңнің табиғатын ашарлық екінші әрекет – шығарманың автор көздеген мұратын табу. Осы ретте студенттер мәтінмен екінші рет танысады. Шығарманың мұратын әр студент былай топшылауына жағдай туғызылуы көзделеді: «Өзін бұлбұлға балайтыны, бірақ қапастағы бұлбұл екені», туған жеріндегі ел адамдарының надандығы, рухани-мәдени білімінің, құндылықтың жойылуы, бір құдайдан басқаның бәрінен күдер үзуі, паленің тілден, бейнеттің көзден болуы деген ақынның түсінік - қорытынды ойының мәнісін ұғыну» т.б...Мәтіннің мұратын дәл осындай сарында болжануының бірнеше түрлерін студенттердің ойлап табулары тек жұмыстың кең ауқымдылығын танытады.

Ал үшінші әрекет-шығарманың құрылым-жүйесінен өзгеше. Өленде мазмұндық сарын мүлдем жоқ. Сол себепті лирикалық кейіпкердің болмыс-бітіміне қатысты кейбір құбылыстар мен үрдістер екшеліп, кезендерге жіктеледі. Бұл - таза технологиялық қағида. Өлеңнің бірінші кезеңі лирикалық кейіпкердің өзін таныстыру сәтінен басталады: «Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап...» деген жолынан басталып, «Айтайын әңгіме қызу сіздерге енді» деген жолға дейін жалғасып келіп аяқталады.

Екінші кезең - негізгі нысаналардың қарама-қайшылықты сипаты. Сөз бен көру түйсіктерінің оңтайлы істен солақай жақтарды тез қостағыш екеніне ерекше мән берілген. Міне, бұл құбылыс оң және сол, ізгілік және надан деген ұғымдардың қайшылықта келіп, адам тағдырына тигізер қуатынының дәрежесінде суреттеліп тұр:

- Жақсы сөз - гауһар сөз;

- Жаман сөз - жалған сөз;

- Кей ақынның өлеңінің арнасы жоқ;

- Сөзбен жарысқа түскен арзан қол ақындар;

- Есек айтпас шаба алмай мен қалдым деп;

- Аралап жүрген білер дүние жүзін;

- Құйынмен жерде жатқан шөп-шар ұшты;

- «Менен асқан кім бар» - деп лағу сөйлеп,

Ақымақты семіртіп жем бермейін;

- Сөздің тұрағының жоқтығы опасыздық;

- Шебер қолын, шешендер сатып сөзін;

- Ғалымдар білген ғылымын пұлға сатып,

Оқу бар, ұғушы жоқ, құдай атып;

- «Ал» өліп, «бер» деген сөз қалды тірі;

Бұл күңде «жоқ» деген сөз тірі қалды;

- Ел билеуші касқырдай күнде талап;

- Екі даугер бір-бірін сөзбен ұрып;

- Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр;

- Қастық қып құдай дескен жолдасына;

- Аямай құйрығымен бір-ақ шағар;

- Жылпылдап кейбіреулер қолға тұрмас,

Шыға боқтап есіктен, кіре күліп;

- Мен ішсем, көл таусылып қалады деп,

Өз-өзінен отырып өлер шөлдеп;

- Жылтыраған екі тас орнатылды,

Бұрынғы қайран сәуле көз орнына;

- Үрген қуық - бүгінгі жұрттың басы;

- Өңшең үрген қарынға душар болдық.

Үшінші кезең: «Қолымда аттанарда жоқ нәрсені,

Барғанда тәңірі алдына қайдан таптым!»

Бұл кезеңнің көңіл құбылысы:

- қырық алтыға келгенше бақтың

қонбауы (келтіріңді мағынада);

- ұйқымен ең аяғы астан безуі;

- аспанда күн қоректеп, ай айырлап тұруы,

Екеуі тауысады, біл байымдап; (таң атады, күн батады, өмір өтеді). Бұл - құрылым-жүйенің тек осы өлеңге қатысты кезеңдері. Егер басқа өлеңдерін нысанада ұстасақ, оның құрылым-жүйесі мүлдем басқаша. Студенттің бұл мәтінді талдау барысыңдағы төртінші әрекеті – ақынның көркемдегіш құралдарын тауып, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өзіне тән сөз саптамасының маңызын ашу.

Төртінші әрекетте профессор Қуандық Пазылұлының ғылыми әдіснамалық талдауын басшылыққа аламыз. Бұл әрекет тестімен өтіледі:

1) Теңеу- 1

2) Эпитет - 2

3) Келтірінді мағынада - 3

4) Балау - 4

5) Ұлттық нақыш - 5

6) Кейіптеу - 6

7) Қайшылықты сурет (шеңдестіру) - 7

8) Архаизм, архетиптер - 8

9) Діни ұғым - 9

10) Салыстыру – 10

11) Символ- 11

12) Метонимия - 12.

Осы саңдық көрсеткіштер арқылы студенттер алдарыңдағы мәтіннен құбылту (троп - грекще иірім), айшықтау (келбет - латынша) сияқты көркемдегіш құралдарды өздігінен тауып, машықтық деңгейге жетуі керек.

Әдебиетті оқытуда әдебиеттің қисынын ажыратып, оны түрлеріне жіктеу арқылы меңгеріледі. Сол себепті кез-келген мәтінді құбылту мен айшықтаудың түрлеріне жіктеу барысында студенттер академик 3. Қабдоловтың «Сөз өнері» (1992) еңбегін пайдаланулары қажет.

Жоғары оқу орнында әдебиетті оқытудан дәріс жүргізетін оқытушы мен мектеп мұғалімдері математиктерше кез-келтен жағдайда мәтіңді талдай алатын деңгейде көрінулері тиіс. Ол үшін бұл қисындық жүйені өзінің «ой сандығыңда» үнемі сақтауы талап етіледі.

Құбылтудың жүйесіне жататыңдар:

1) эпитет

2) метафора

3) кейіптеу

4) пернелеу (аллегория)

5) символ (астарлау)

6) метонимия (қайта атау)

7) синекдоха

8) ирония (кекесін)

9) сарказм (келемеждеу)

10) гипербола

11) литота

12) табу (бәрін белгімен беру)

13) перифраз (қайта айтып беру)

14) эвфимизм (сыпайылап айту)

15) теңеу.

Әрине, тек 15 құбылтудың шеңберінде әдебиеттің қисынын талдау үнемі діттеген нәтижеге қол жеткізе бермеуі де мүмкін. Өйткені, әр автордың өзіндік үні, тынысы, нақышы, стилі бар. Олай болса, әр автордың өзінше қисындық жаңалығы болуы да мүмкін. Міне, оқытушы алдымен өзі оны тауып, қисындық жіктеменің санатына қосып, студенттердің мәтіннен дербес таба білулеріне мүмкіңдіктер туғызуы қарастырылады. Айшықтаудьщ жүйесі төмендегідей:

1) арнау (жарлай, сұрай, зарлай);

2) қайталау:

- жай қайталау

- еспе қайталау

- анафора ( әдепкі қайталау)

- эпифора (кезекті қайталау)

3) шеңдестіру

4) дамыту (үдетпе)

5) ауыстыру (инверсия)

6) эллипсис (түсіріп тастау)

7)егіздеу (қатар жүру)

Аталған әдебиеттің қисынының көркемдегіш құралдары екіге бөлінеді.

Оның бірінші бөлігі - 15-тен, екіншісі - 7-ден тұрады. Бұл саңцық көрсеткіштегі қисындық атаулардың бірде-бірін естен шығаруға, елемей кетуге құқымыз жоқ.

Мәтіннің көркемдегіш құралдарын студенттерге жіктеткен сәтте оның жанрлық ерекшеліктерін де ажырату машықтары ширатылуы көзделеді.

Жанрдың өзі эпос, поэзия, драма болып бөлінетіні олардың үнемі назарында жүріп, қолдарындағы талдап отырған шығарманың қай түріне жататыны жайлы ой-түйінін айтып беру сұралады. Бұл мәтіннің поэзия қатарында екені және оның әлеуметтік-пәлсапалық мәндегі лирика екеніне дәлелдер, сипаттар беріледі.

Міне, сөйтіп Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің аталған өлеңін әдеби тағлым жағынан жан-жақты талдап, студенттер автордың көркемдегіш құралдарын, өзіне тән сөз айшықтарын жіктеп, өздерінің мүмкіндіктеріне, деңгейліктеріне сәйкес менгереді.

Бесінші әрекет - студенттердің ой-толғанысы.

Бұл мәтінге 4 мақсат қойып, 4 рет жалқылау, жалпылау, талдау, жинақтау, іздену, зерттеу т.б. әдістердің нәтижесінде студенттердің естерінде, жадында не қалғандығы ой-толғаныс түріңде ұсынылады.

Оны тек осы өлеңге қатысты жазған студенттердің ой толғаныстары арқылы аңғарамыз. Оқытушы бұл әрекеттің де жобасын құрастырып, алдын-ала болжамын жасап келеді. Оның негізгі желісі жобамен былай болады: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің өлеңінде сөз бен адам санасындағы құңдылықтың маңызының кеткенін көркем сөзбен өрнектеген. Жақсы сөздің Гауһарға бара-бар екені, адамның адамгершілігінің өзі сөйлеген сезінен белгі беретіні, тыңдармандарына ақын айтайын деген ойын өзінің қатысуымен ұштастыруы өлеңнің сарыны арқылы байкалады.

Меніңше, бұл бүгінгі күннің де өзекті мәселесі. Әсіресе, ақынның өлең құдіретін түсінерлік қарапайым ел арасында кісінің табылуының өзі неғайбыл деген пікірінен сөз құдіретінің нөлге кеткенін аңғарамыз.

Шешендердің мәуелі ағашқа, ал сөздің тәтті жеміске балануы алдынғы ойды ажарлай түседі.

Лирикалық кейіпкердің шыншыл сөзге берген бағасының: «Жан семірер жақсы сөзге» - деп ой қорытуынан сөздің тіршілікке ықпалының қаншалықты екенін аңғарамыз.

Жалған сөзді өлеңіне өзек етіп жүрген дүмбілез ақындар жайлы сын айтылуы Мәшһүр Көпеевтің поэзияға жоғары талаппен, сөздің өмірге қызметтік құнымен бағамдауын байқаймыз.

«Мәшһүр-Жүсіп Көпеев - Абай Құнанбайұлының пәлсапалық ойларын одан әрі жалғастырушы, бірақ, ол ойларды тек қайталаушы емес. Абай Құнанбайұлының ойын дамытушы ақын-әулиелік, пайғамбарлық дәрежеге өз болмысын жеткізе білген ғұлама ғалым» - деген тұжырымға апарар бағыт-бағдар жоғарыда берілген жаңа технологияның нәтижесі болмақ.

Абай Құнанбайұлының «Жақсылық», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Білімдіден шыққан сөз», «Сәулең болса кеудеңде», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Келдік талай жерге енді», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем надаңды», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» тағы басқа да өлеңдеріңдегі айтылған мұратты желі Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің осы бір өлеңінің құрылым-жүйесіңде өрнектелген.

Әсерге, ассоциацияға, суггестивті қабылдауға бағытталған поэтикалы әуезбен, шебер ұйқаспен келген көптеген өлендердің адам қиялына бір сәт қанат бітіргенімен, өміршеңдігіне кепілдік жоқ. Себебі, әдемілікке құмарлық та өткінші жаңбыр сияқты нөсерлетіп жібереді де, басылып қалады.

Ал адам өмірінің маңызды болуына тіректік рольде сипатталған пәлсапалық ой-түйіндер өлеңнің негізгі мұраты болса, ондай нысаналар ел есінде мәңгілікке сақталып қалмақ.


1.3 ж. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипаты
Саясат пен қоғам адамзат үшін үнемі үстемдік көрсетіуде. Әдебиет саласында аталған бағыт өмір бойы ғасырдан ғасырға приоритет болып келеді.

Ал бүгінгі ой бостандығы мен адамның иерархиясы әлемдік деңгейге бет бұрған келісті құбылыста әдебиеттің де тәуелсіздігіне, саяси қоғамның бұғауынан өзін азат етуіне қолайлы сәт туды демекпіз.

Орыстың ұлы сыншысы, философы, әлеумет қайраткері Виссарион Григорьевич Белинскийдің «Әдебиеттік арман» атты тұңғыш мақаласында «күрессіз мақтау жоқ, мақтаусыз құрмет жоқ, әрекетсіз өмір жоқ» деген тұжырым бар. Осы бір пайым Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына қатысты айтылғандай. Иә, Шәкәрім ақын ешқашан шығармашылығы арқылы өз жұртынан мақтау іздемегені бәрімізге түсінікті. Бірақ ұзақ жылдар бойы Ақынның атын жасырып, шығармашылық құндылығын тасада ұстап келген тоғышарлардың ойлаған қара ниеттері іске аспай қалды. Себебі, Шакәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын тасада ұзақ ұстап тұру микрокосмос кеңістігінде мүмкін емес.

Шығармашылық нысанасы автордың сомдаған жанрлық деңгейіне тікелей бағынышты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясы жайлы ой түю үшін В.Г. Белинскийдің ғылыми субстанциясына сүйене отырып, ақынның шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипатын саралауды жөн көрдік. Ол үшін ұлы сыншының поэзия жайлы нақты айтып кеткен ой тіректеріне шолу жасайық.

Поэзия сырт жағынан мұраттың мағынасын іске асырады да, міні жоқ, айқын, пластикалық образдар мен рухани дүниені ұйымдастырады. Мұнда бүкіл ішкі сезім сыртқа терең жайылады. Сөйтіп, бұл екі жақтың екеуі де - ішкі және сыртқы - бірінен бірі жекеленіп көрінбейді, екеуі тұпа-тұра бірігіп, өзімен өзі болып жатқан белгілі шындықты - оқиғаны көрсетеді. Бұл жерде ақын көзге көрінбейді; айқын пластикалық дүние өзінен өзі өрістейді, сөйтіп ақын өздігінен болған нәрсені тек жай әңгіме етуші ғана болып табылады. Бұл – эпикалық поэзия [68]. Міне, бұл құбылысқа біз ақынның «Қалқаман-Мамыр» шығармасын жатқызамыз. Көзімізді жекізу үшін мына бір талдау үрдісін назарларыңызға ұсынып көрелік:

Дәрістің кіші дидактикалық мақсаты:

- бұрынғы жиған білімін жаңа сабақ өту үрдісінде ұтымды пайдалану шеберлігі;

- сабақ барысыңдағы жетістіктер мен кемшіліктердің қосыңдысын шығару үрдісіндегі ұстаздың жаңашыл, парадигмалық іс-қимыл, қатысым мәдениеті;

- өткен сабақтарда алған білім деңгейін, әдебиеттің тарихилық, қисындық қырларын түйістеу дағдысы.

Міне, бұл - бір дәрістің хронометрлік мақсаты. Аталған мақсатқа жету үшін алдымен субъектілер Шәкәрім Құдайбердінің «Қалқаман - Мамыр» дастанын оқуы көзделеді. Бұл - мемлекеттік қалыптың деңгейі. Ал, оны тарихи-қисындық мәнге талдап қабылдауға ынталандыру II деңгей эвристикалық қабілетті ширату болып табылады.

Кіші дидактикалық кесіндісі дастанның мәтініне жатады. Олай болса дастан толық, кең ауқымды қағидасын сақтай отырып қабылданылуы белгілі бір нысанның үзіліссіздігін жүзеге асырады.

Оқушының жадыңда болатын мағлұматтар:

- Шәкәрім Құдайберді шығармашылығының 1988 жылдан бастап зерттелуі;

- бірлі-жарым мақалалардан басқа тындырымды-тұшымды істің мардымсыздығы;

- тек М. Мағауиннің «Шәкәрім Құдайбердінің жалпы шығармалары 6, 8,10, 14 - тармақты шумақ үлгілерінен келетіні», - деген түйіні;

- Шәкәрім Құдайбердінің дастанын өту барысында ақыңдық айшықтары мен суреткерлік қабілетін бейнелеу құралдары арқылы дамыту;

- шығарманың эпикалық поэзиясына жататыны;

- стилі мен аталған ерекшеліктерін қабыстыруға әдеби әдістерді (реализм мен романтизмді) шебер қолдана білу, т.б.

Тарихи сипаты -дастанның негізгі мақсаты. Ол - 1722 жылдың оқиғасы. Орта Жүз қазағының сонау Сырдария бойында жүргенде болған тарихи іске негізделгені, оған ақынның тұжырым-түйіні. Ел данасы - Әнет Бабаға ерекше мән берілуі;

Дастанның өзіндік құрылым жүйесінің алгоритмі:

(Таныстыру); (автордың өзі көрінбейді, әңгімелеуші рөлінде).

Кіші Бабаңның (Әнет) өз атасы, Мәмбетей - ол Кішіктің бір ағасы. Әйтектің бәйбішеден - жалғыз Олжай, тоқалынан – Байбөрі Қалқаманмен.

Бұл құбылыс - экспозиция (I)

Мәмбет өсіп-өніп бара-бара,

Сол топтан бір бай шықты жеке дара.

Ол байдың он бес жасар қызы Мамыр

Әрі сұлу, әрі еркек шора.

Бұл құбылыс - экспозия (II)

Оқиғаның бірінші себебі – Қалқаманның асықтығы.

Оқиғаның 1-байланысы - пәлсапалық топшылау.

Әй, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,

Хауа - Анасы. Адамға қаратыпты.
Оқиғаның 2-байланысы -махаббаттың барлығына Мамырдың сенімі.

Жоқ болса махаббатты бір сүйгенің,

Ойлашы, керегі не дүниенің?
Оқиғаның 3-байланысы - екеуінің ойының түйісуі. Бетке шықпай қоя ма жүрек ізі,
Оқиғаның 4-байланысы - Мамырдың қызша киінуі.

Әдебиеттің

қисынынан

шарттылық

Қуанды атқа оғым тиді ме деп,

ПІиеліністің негізі - ел мәселесі мен әлеуметтік саяси мәңде болуы.

Ол күңде жерге талас қазақ, қалмақ

Бір соғыста қалмақты қазақ жеңіп,

Тобықтының бәрі де тойға бармақ,

Той қылған Орта Жүзде Сәмеке хан.

Жақындық Бастаңғы өткізу

Әдебиеттің қисынынан ұлттық нақыш

Қыздың қазақ қыздарына

тән ұлттық ерекшелігі Жұмбақпен сезімін білдіруі.


Ауылымның күн батысы қалың қамыс,

Бүрсігүннен алғы күн болды алыс.

Жас кісіде бар болса жігер, намыс

Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.

Жұмбақтың шешімі

(Автор ойы)

Бүрсігүні қамыстан жолықпасаң,

Мен саған жоқ деді ғой байқағанға.


Мамырдың өз

басындағы қайшылық Құда түсуі

Батыл шешімі
Мамыр айтты:

Көрегендігі Мен сенсіз тірі тұман,

Жолыңда өлсем, ризамын, жаным құрбан.

Заман қандай болар деп дайындап ем,

Боз жорға атым белдеуде ерттеулі тұр.
Хабарлауы

Анықтығы Не болса да қылдым деп бір жұмысты,

Бара сала Олжайға кісі салды.
Бабалар дәстүрі Олжай барды Бабаға түн ішінде
Мамырдың ел Мәмбетелі жатып алды ырық бермей

басыларының Қалқаман мен мамырды өлтірмесе,

қатал жазаға баруы Кетеміз деп Бабаңды тіпті көрмей.
Әнет бабаның Бабаң айтты:

ізгілікті ойы - Өлтіретін жұмыс емес,

Тіректік негіз Біреудің некелесін бұзбаған соң,

Қанына ортақ болуы дұрыс емес.


Надандардың Болсын да Мәмбетейдің бір айтқаны,

басымдылығы, «Еркек тоқты - құрбандық» деген қані,

олардың бұлтарыссыз Қалқаман Тобықты үшін жанды қиса,

қатал шешімі: Кетпей ме шаһит болып оның жаны.


Әдебиеттің Сол сөзге аударылды жұрттың бәрі

қисынынан

Метонимия
Сенім сипаты Не қылсын жаңалыққа жалғыз кәрі,

зауалдан қорқу «Келесі көпке болып жүрмегей», - деп,

Өзектілігі бабаңның шын кейіген шықты зары.

Парадигма

эпитет теңеу

Бабаның Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай


Сезімнің суреті Аллаға Бабаң сонда сиыныпты,

(суггетив) Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты.

«Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін,

Көкенай сонда атсын!» - деп бұйырыпты.


Көп наданның асыл Ай, жұртым, мен өлемін, сендер қалдың,

Бабаға тигізген Орнына бауыздадың айтқан малдың,

қырсығын Өз бауырын оққа байлап өлтірді деп,

Қалқаманның Қалдыңдар обалына мына шалдың.

аузынан айтқызуы

(автордың сөзі)


Әдебиет қисынынан Назасы нақақ жанның қате кетпес,

Ұлттық нақыш Деймісің қалмақ сені тентіретпес.

зауалы Мамырдан қалған жанның керегі не,

(парапсихология) Ісім ақ, қосылармын, еш нірсе етпес.


Батаның құдіреті Көкеней садақ тартты дүрілдетіп,

Бабаның батасы Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп,

Әйтеуір, ұлы дене аман қалды,

Оң жаққа қара саннан өтіп кетіп.


Той қылмақ еліне Қалқаманның қарсы болуы.

Бұхар жаққа, нағашысына кетуі.


Оқиғаның шешімінен кейінгі автордың түйін сөзі:

Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл,

Қазақ-қалмақ атысқан, мұны да біл.

Қалмақтың бастаушысы Суан Раптан,

Өзі батыр, соғыста тым айлашыл.

Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол,

Сол себептен Қалқаман қалды ізделмей.

Ол түгіл, Әнет - Бабаң кешке ере алмай,

Тірідей дөң басында қалған өлмей.

Тұқым бар. Қалқаманнан осы күнде,

ІПын болса Ұлы жүздің жүр ішіңде

Өздері Елібаймыз десе керек,

Білмейді кейінгісі бізді мүлде.

Қорыта айтсақ, бұл - микродидактикалық бір кесінді. Бірақ, талдау, жинақтау-жалпылау, іздеу-жинау, салыстыру, топшылау, т.б. әдістер әдебиеттің ішкі заңдылықтарының (тарихы, сыны, қисыны) қосындысында тұтас меңгерілуге бағыт жасайды. Бұл түйіннің толық пішінін жоғарыда бергендейміз.

Бұл шығарманың құрылым - жүйесінде ақын айқын көзге көрінбейді. Айқын пластикалық дүние өзінен-өзі өрістейді. Шығарманың аты «Қалқаман - Мамыр» болғанымен, ішкі сүйіспеншілік реңктері монолог арқылы суреттелмейді.

Аталған шығарманың эпикалық поэзия қатарына жататыны жайлы тағы да бір көз жеткізерлік дәйекті В.Г. Белинскийдің өз тұжырымынан іздейік:

- сыртқы құбылыстың қайсысына болса да ынта, тілек, ниет, бір сөзбен айтқанда - ой-пікір мұрындық болады; сыртқы құбылыстың бәрі де ішкі, құпия күш әрекетінің нәтижесін (шығармада құпия әрекет жоқ, Әнет бабаны тыңдамағандардың, ел бірлігінен, әңгімелеуші рөліңде салқын канды сипатпен беріп отыр); бұл күштерден шығып сыртқы шындық, оқиға және әрекет өркендейді; мұнда поэзия қарама-қарсы, жаңа текте көрінеді. Бұл субъективті дүниесі, бұл ішкі дүние, өз шеберінде қалып, сыртқа шықпайтын тырнақ алды істердің дүниесі. Мұнда поэзия ішкі элементте, шарқ ұрған, сезім ойда қалады, ал рух сыртқы реалдықтан шығып, өзімен өзі болып кетеді де, поэзияға сыртқының бәрін өз бойына жинаған ішкі өмірінің әр алуан шексіз құбылыстары мен белгілерін береді. Мұнда ақынның жеке басы бірінші кезекте көрінеді де, біз тек сол арқылы ғана бәрін аңдап, түсініп отырамыз. Бұл - лирикалық поэзия [69]. Көріп отырғанымыздай, поэзия санатына «Қалқаман -Мамыр» жататынына аталған қисындық ереже толық дәлел.

Шығармадағы дидактиканың пәлсапалық сипатын ашу үшін оның жанрлық сарынын айқындап алу қажетті әрекет. Себебі, жанрларды ажыратпай, ішкі-сыртқы құбылыстың шығарма мұратына қатыстылығын, тақырып ашудағы автор ұстанымын, бағытын тану өте қиын.

Ұстанған бағытымыздан лирикалық поэзияның сыртынан гөрі эпикалық поэзияның сарыны, соның ішіңде көбіне дидактиканың пәлсапалық сипатына бейім екенін аңғардық. Бірақ, лирикалық поэзияда пәлсапалық пайым жоқ деп айта алмаймыз. Шәкәрім шығармаларында эпикалық туындылар басым дедік. Соның дәлелі ретінде «Талап пен ақыл», «Адам немене?», «Жолсыз жаза, яки кез болған қаза», «Қодардың өлімі» шығармаларына талдау жасап, пәлсапалық сипаттарды саралап тізбелейік.

«Талап пен ақын» өлеңіндегі пәлсапалық түйін:

I: Талап шапса ақылға мініп алып,

Жақсы жаман бәріне бірдей салып.

Анық ақыл алдымен ашырмайды,

Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.

Бұл құбылыстан Адамның игілікті мақсатқа жетуі үшін құр талап жетімсіз екенін байқаймыз. Мұнда ішкі сезім сипатынан гөрі танымға бейімдеу, салихалы істерге бағыттау приоритет. Ал оның өзі әдебиет қисынының әдемі өрілімімен беріліп тұр. «Талап шапса ақылға мініп алып» - символ, «Жақсы - жаман бәріне бірдей салып» - антитеза, «Анық ақыл адымын ашырмайды» - символ, тек төртінші жолда ғана тура мағынасындағы түйінді табамыз.

Аталған көріністен музыкалы, әуезді сарын мүлдем байқалмайды. Ақын өз өлеңдерін Адам тұлғасын оңтайлы, ізгілікті, өршілдік қасиетке бағытты мәреге бұру мақсатына арнаған. Ішкі сезім сипатынан, пәлсапалық пайым айқын байқалады. Құрметті оқырман, әдебиет нысанының қисынын талдауды мақсат етіп отырғанымыз жоқ. Себебі дидактика, әдістеме, оның пәлсапалық сарыны - педагогика ілімінің нысанасы.

Бірақ аталған ғылымды тарқату үшін әдебиеттің тағылымы мен қисынын назардан тыс қалдыру мүмкін емес. Ендеше, ойымызды одан әрі жалғастырып көрелік. «Талап» жайлы автордың әңгімешіл әрекеті үдей түседі (градация):

II. Талап деген ындын мен ентелемек (символ)

Ойға алып қызыққанын қылсам демек (тура мағына)

Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба

Ойланып оны Ақылға салса керек.

Бұл - талаптың ақылсыз тұл екендігін тағы бір қайта еске түсіру.

Ақынның Талаптың дербестігі жоқтығын аңғартатын үдеме сипаты мына бір жолдардан аңғарылады:

Тапқыш Ой ғой ақылдың мағынасы,

Тоны жүрек болады, мида басы.

Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға

Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.

Осы жолдардан пәлсапалық пайымды табу үшін әдебиеттің қисыны бізге «көмекке келеді». Бірінші жолда қазақ тілінің «Ой - ақылдың мағынасы» сөйлем мүшелері бастауыш, анықтауыш, баяндауыш болса, байланыстан ой мағынасы», - қиысу, «Ақылдың мағынасы» - матасу. Бұндай сөз колданым - Ақылдың тереңдігі ой екендігінде. Сол секілді Ақылдың тоны - метонимия - жүрек, басы - метафора, ноқтасы - метафора, айқындауыштық қызметте «алты түрлі». Автордың талап пен Ақылға қосымша тіректік мәнде қызмет атқарарлық 6 ңоқтасы нелер? Оған Шәкәрім Құдайберді тілімен жауап іздейміз:



Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық. Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Алтаудың ішінде ынсап әділ, өзгесінің тізгінін соған ұстаттық. Бірінші жолда 6 түрлі ноқта сипаты алгоритм тәртібімен берілген. Екінші жолда алдыңғы ой қайталанады. Үшінші жолда ынсаптың жетекшілік рөлі, оның қасиетінің әділ болуы. Төртінші жолда барлық бесеуінің тізгінін (метафора) соған ұстатуы. Міне, осындай көріністерді оқырман миына ой жүгіртпей, құр сыдыртып жатқа білгеннен еш пайда жоқ. Өлеңнің нәрі осы түйін екенін ұққан абзал.

Ақынның өзі қалған алты сипаттың қасиетін суыртпақтап, өлең өрнегінен суреттеп береді. Нақтыласақ, ол мынандай өрнектер:

- Ынсап деген аспайды, ол кем қалмайды. Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды (символ).

- Рақым жақсы көреді аяғанды

Адамға қаттылықты ойға алмайды (антитеза).

Автор алғашқы тізбелеген (ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық) алгоритмін олардың қасиеттерін айшықтау тұстарында бұзып береді. Мәселен, «Ынсаптан» кейін бірден «рақымға» сипат береді де, одан кейін «арға» кезек береді:

Ар демек - адамшылық, намыс деген, Арың кетпес жағыңа қарыс деген. Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу. Сөз емес күншіл болып алыс деген. Бұл жолға талдау жасаудың қажеті жоқ. Тек «қарыс» деген сөз арыңның аяқ асты болмауы үшін қуат жұмса деген семантикада екенін танытады. Көріп отырғанымыздай, әр сөзге математикалық пайым, логикалы өлшем өресі қажет-ақ. Оңдай қасиет бойда табылса, бұл өлеңнің дидактика нысанасына қатысты пәлсапалық тұжырымы сараланып-ақ тұр.

Алдыңғы ар мен намыс хақында ақын ойын өрбіте түседі, бірақ ол пайым алғы ойдың үдемелі тұрғыдағы қайталанымы:

Намыс сол - өзің қорлан кемдігіңе, құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіне (кайшылық).

Алмай өз алдыңғының аяғынан, соқтықпай өзің ізден еңбегіне.

Бұл құбылыс та оқырманға түсінікті. Мұңда жұмбақ сөз, сөз тіркестері жоқ.

Еңдігі кезек «Ұятқа» келді:

- Ұят сол - аулақта ұят көргендей-ақ (ішкі ұят, өзіңнен ұялдың)
(интерриоризация).

Ұрлаған малың шағып бергендей-ақ,

Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

«Ұят күшті өлімнен», - дегендей-ақ.

Бұл құбылыста да жұмбақтау, тұспалдау, ауыстыру, алмастыру жоқ. Автор «сабырдың» қасиетін былай ашады:

Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай адам ызданады,

Осыдан көп шығады адамшылық.

Шәкәрім Құдайберді «сақтықтың» қасиетін былай өрнектейді:

Сақтық деген - әрқашан байқап жүрмек,

Пайда ма, залал ма, - ескерілмек.

Көргенін, естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Бұл құбылыста да күрделі өрнек жоқ. Бәрі де тура мағынасында сипатталған.

Автордың әңгімелеуші ретіндегі қорытынды тұжырым-түйіні пәлсапалық пайымы мынандай:

Ойменен, талаппенен болды сегіз

Айтылмай ойда қалды неменеміз.

Өзге - жақсы мінездің бәрі-дағы

Шығады осылардан түгел деңіз.

Аталған соңы да санатты қасиеттері жоқтар кімдер? Ақын олардың пішінін, кескін-келбетін былай сипаттайды:

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан.

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан.

Тағы бір ескерту бұл талдау - философиялық талдау емес. Сол себепті еңбегіміз тек философтар үшін емес, барлық мамандықтарға тигізер пайдасы бар деген ниетпен жазылады.

Сөз өнерінің құнды тұстары Адамды Ізгілікке бастады. Еңбегіміздің басында бірнеше рет антропология нысанасы қазақ жұртында дұрыс жолға қойылмаған деген пікір айтылды. Бұл түйін ол ілімнің жеке дербестілік сипатында еместігі жайлы. Негізінде аталған ілім кез-келген ақын-жазушылардың пәлсапалық шығармаларында бар екендігіне еңбегіміздегі талдау жұмыстары көз жеткізеді. Шәкәрім Құдайберді шығармаларындағы толық Адам жанын, табиғатын зерттеуге арналған десек қателік емес. Ақынның «Талап пен ақыл» және «Адам немене?» деген туыңдылары осы мәселеге арналған. Дәлелдеу мақсатыңда бұл өленді талдап көрелік:


Білімділер



Зарлағанда

Ой кезіп жердің жүзін шарлағаңда.

Міне, бұл бәйіттің мақамымен жазылған енбегінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бірінші тармақта тура мағынаны айтпаса, екіншіде «Ойды» кейіптеу нысанасында бейнелеп тұр.

Ал бәйіттің екіншісінде алдаусыз «Әділет», ынсап, мейірім бар ма адамда? - деген риторикалық сұрақтың ішінде Ізгіліктің өзі адам бойына оңай дарымайтыны жайлы ой қорытып тұр. Бұл құбылыстың ақын себебін айқыңдайды:

Әйтпесе мәз боп жүре ме қиянатқа,

Зорлықпен бірін-бірі жалмағанға.

Аталған бәйітте ақын тура ойын ашық аңғартқан. Бірақ, автордың «мені» әлі үш шумақта анық байқалмайды. Ақынның ойы тек 4 шумақта байқалады:

Мен адамнан таза ақыл таба алмадым

Ойланып, өзеленіп қарамағанда.

Автордың «Мені» «Таза ақыл» эпитетті тіркеспен тығыз байланысып, Шәкәрімнің тек өзіне тән лексикалық тіркес пен қисын тұрғысында кейіптеуі «Өзеленіп қарамағаңда» «Ақыл қармағыңда, калай қармағанда?» «Өзеленіп қармағанда», нені өзеленіп қармағанда? Өзеленіп таза ақылды қармағаңда - деген эвристикалы сұрақ қою арқылы студенттің эвристикалы деңгейге ұтылысына қозғау салуға болады. Әйтпесе, әңгіменің баяны не жайыңда екенін табу қиын.

Басындағы «Аддаусыз адам өмірін түзетерлік әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда?» - деген синтезбен өрнектелген қорытынды пәлсапалық пайымының ұсақ бөліктерін «Мен» деген өз ойын ашық білдіргеннен кейін жіктей бастайды:

Көрсе қызар, жалмауыз, бәрі алдағыш

Көп адамның қылығын барлағанда;

Өнерпаз, білімді елдің мінезі осы -

(өткен шақпен)

Аяу, жәрдем, махаббат қалмаған ба?

(риторикалық сұрақ)

Осы ойды одан әрі үдету (градация) сезіледі:

Немесе бұлар бұрын жоқ болса да,

Әншейін бар деп бізді алдаған ба?

(риторикалық сұрақ)

Көрінер ғылымды елдің сырты таза;

Тексеріп терең ойға салмағанда.

Дәл осы шумақ бүгінгі білім мен ғылымды сырттай, мінез қуалайтын адамдарға да арналып тұрғандай.

Абай Құнанбайұлы шығармашылығында «екі аяқты хайуандық деңгей» Шәкәрім шығармашылығында жалғастығын тапқан:

Ақымақ пен айуанның исі аңқиды, Істерін әбден сынап талдағанда.

Автордың ілгерішіл, озық ойы - «Істерін сынап талдағанда». Бұл тұжырымнан білім беру ісіне меншіктеп алған «Талдау» біздің ұлтымыздың шығармашылығында пәлсапалық реңкте қолданым тауып тұр. Шәкәрім поэзиясының құңдылығы - өміршеңдігі, осы аталған пайыммен тікелей байланысты. Осы күнде зиялы қауымды шетел стратегиясымен оқыту жүйесінде «Жазу, оқу әрекеті арқылы сын тұрғысында ойлау әрекетін дамыту» деген бағдарламадағы «сыни көзқарасты», «сыни талдауды» баяғы ықылым заманда бабаларымыз біздерге асыл мұра ретінде қалдырғанын бір емес, бірнеше мәрте еңбегімізде дәлелдеп өттік. Өкінішке орай, ол Ақылды, зерделі ой-тұжырымды естірлік Мәшһүр Жүсіп бабамыз айтқаңдай естірлік құлақ, көрерлік көз, миға қорек табар ынта болмай келеді ... Бұл ой ары қарай айқындала түседі:

- Кей-кейде түзелейік, кел деседі,

Кешікпей соғыс ашып, белдеседі.

Екінші тармақ келтірінді мағынада өрілген.

Синтез, былайша айтсақ, поэзия тіліндегі типтендіру мына бәйіт жолдарынан байқалады:

- Айласы артық, қаруы сайы жеңіп, мақтанып: «бар ма, біздей ел?! деседі. Ақынның «Мені» бір көрініс берсе, көптің «Мені» екінші көріністе бейнеленген:

- тамам жан өзін-өзі «Мен» деседі, өзгелерді жатырқап, «Сен» деседі.

Автор естелік арқылы адамның ішкі күйін «Адамдық бет-ажарын» бернелейді. Бұл стильді біз тағы да кездестіреміз:

«Біз» дейтұғын бір елді таба алмайсың?!

Бұл қайтып әделетпен теңдеседі?». Сөйтіп, Шәкәрім Құдайбердіұлы есімдіктің ішіңдегі I жақ «Мен», «II жақ «Сен» дегеннен тура айтып, «Біз» I жақ, көпше түрдегі сипатынан бірлік, ізгілік жолының барлығын жалтаңсыз, алаңсыз әділ пайыммен өрнектейді. Бұл тұжырым «Қалқаман-Мамырда» айқын сипатталғаны бізге белгілі.

Адамдардың бұл фәниде бір-біріне бауыр болып туғанын бұзушылар:

Ойласаң, барша азамат туған бауыр (метафора). Бірін-бірі шұқылап қылды жауыр. Оның себебі былай айкыңдалады:

- Балалық, айуандықтан шыққан жан жоқ,

Бұл сөзім талай жанға тисе де ауыр.

Микрокосмостың адамға берген несібесін дұрыс пайдаланбауы:

- Бақ-дәулетті мол берді жаратылыс, пайдаланып, қылсайшы жақсы


жұмыс.

Шәкәрім Құдайбердіұлы тек қазақ жұрты өміріндегі көлеңкелі тұстарды айтып қоймай, Еуропа елдеріне де өз танымын білдірген:

- Еуропа білімді жұрт осы күнде шыққан жоқ айуандықтан ол да мүлде...

Ақын табиғат берген байлықтың жұмсалу көздерін, оның адам игілігі үшін емес, бірін-бірі құрту үшін жұмсалатыңдығына өз пайымын аңғартады:

- Табиғаттың таусылмас қасиетін жұрттың жұмсап жүргені ақалсыз іс.

- Қайда кетті жаратылыс берген байлық,

Ұстанғаны әскер мен қирау сайлық.

- Жаны ашымай әлсізді аңша қырып,

Мейрімсіз зобырлығы осындайлық.

Бұл көрініс үдей түседі:

- Мұнысы айуаннан қалай дейсің,

Бір жаңа өнер шықса «пәлі-ай!» - дейсің.

- Ол өнермен өзгені құлданып ап,

Аямай өз баурыңды қалай жейсің?

- Күн көре алмай жақының жатыр өліп,

Шіміркенбей жемтігін жейсің бөліп.

- Ғалым деген бұл болса, - адыра қалсын,

Демеске бара жатыр ішім толып.

- Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттің,

Жеттім деп тамам жаңды тентіреттің.

Жиырмасыншы ғасырдың адамынан Анық таза бір елді көре алмай кеттім. Міне, бұл шумақтардағы ғылымның ізгілікке емес, зұлымдыққа негіз болып «ақ жүрекке» (эпитетті метафора) қызмет көрсетпей, тазалыққа бағыт бермей тұрғанын айқын сездіреді. Мұны «Таза бір елді көре алмай кеттім» деп өз ойымен түйіндейді.

Аталған ой-түйінді одан әрі дамытады:

- Мен ақ жүрек деген сөз болса шығын,

Қару, күшпен көрсетіп қасқырлығын.


- Мылтық билеп тұрғанда, әділет жоқ,

Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым.


Шәкәрім мектебі - «Ар» мен «Ұят», оның қосыңдысы «Сенім» екені белгілі, осы ойын бұл өлеңде де аңғартады. Сенім жоқ жерде қарусыз өмір сүруге болмайтыны жайлы қорытынды түйеді:

- Қару, әскер тастаудың жөні келмес,

Неге десең, біріне-бірі сенбес.
- Тамам адам періште болмай тұрып,

Ал түзелші дегенге ешкім көнбес.


- Айла, күш-айуандықтың ең жаманы,

Боқты боқпен жуған ел түзелмес.


- Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,

Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес.


- Құр айтқанмен қолынан түк келмейді,

Ақ жүректі таза адам болса кем-кес.


- Қас түзеймін деп жүріп көз шығарып,

Қалмақ ойын ойнаумен ештеңе өнбес.


- Жас баланы ұрғанмен шырылдатып,

Ойы толмай тұрғаңда ақылы енбес.

- Араны (эпитет) ашық жалмауыз (эпитет), арсыз (эпигет) төбет (метафора),

Аулақта жемтік жеуден жиіркенбес.

Өлеңнің ұйқасы ерікті, бірақ соңғы 10 шумақтың аяғы дауыссыз, қатан «С» дыбысына аяқталып, ғылымды зұлымдыққа жұмсаған адамдардың айуаңдық іс-әрекеттерінің ортақ еместігін «С» жұрнағы арқылы үдемемен қайталанып келіп тұр. Зұлымдықты істің қауіптілігі осы бір «С» қатаң дыбысы арқылы қоюлана түседі. Ол мынандай сөздермен бернеленеді: сенбес, көнбес, түзелмес, жеңбес, кем-кес, өнбес, енбес, жиіркенбес, теңдес, емдес.

Автор осы айтып отырған ойын мына бір жолдармен түйіңдейді:

- Адамның сыртқы дене жаралысы,

Нәпсісі айуанның анық теңдес.


- Бөлектігі жалғыз-ақ таза ақылда,

Әлің келсе, жол тап та, осыны емдес.

Шәкәрім Құдайбердіұлына тән стиль реңктерін Абай Құнанбайұлының шығармашылығында да кездестірдік.

Бүгінде кейбір тоғышар, таза ақылға кем адамдар Абай өз өлеңдеріңде адамды кеміткен, «боққа» балаған десе, Шәкәрім жайлы да оңдай пікірлер болған, әлі де баршылық. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген халқымыздың даналық тұжырымы бар. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы адам сезіміне бағытталмай, дидактиканың пәлсапалық деңгейіне сәйкесіп, «Адамтану» іліміндегі Адамның танымын ізгілікке бұру бағытында жазылғанына көзіміз жеткендей болды. Бұл пайымды қай шығармасын алып талддасақ та, дәлелдей алатынымыз күмәнсіз. Сол себепті Шәкәрім поэзиясы классикалық үлгідегі өмір мен қоғамның өзгерістілігіне қарамай, бақилық мәнде өз рөлін атқармақ.

Шәкәрімнің «Таза ақылы» әрқайсымыздың өз бейбіт өмірімізді Бақытты, Құтты, Ізгілікті бағытқа бағдарлауға жұмсау үшін қажеттілік екенін ұғып, сырт нышандардың айуаңдық нәпсіден ерекшелігінің жоқтығын түсініп, «Таза ақыл» арқылы өзіңді нәпсінің құрсауынан құтқаратынына кәміл Сенім орнықтыруға талпын деген ғибратты еске мәңгі сақтайық.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» аңызына өзінің тұжырымын былай біддіреді: «Бұл - әңгіме 1780 жыл шамасыңда осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс.

Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе, жас баланы сатып, пайдаланып, еріксіз кем-кетікке беріп, обалына қал демейді.

Мен соны ойлап, Еңлік - Кебекті соншалық жазалы демеймін» [70].

Бұл жолдардан «Шариғатты дұрыс ұқпай, өз пайдасына қолданған Еңліктің әкесі қатыгез, Таза ақылы жоқ, қызының құнын төмен бағалап, кем-кетікті (Ақылдан) тең көріп, жалғыз қызын өзінің «нәпсісінің құрбандығына қиып тұр» деген интерпретация жасауға болады.

«Әңгіме алдында аз сөз» бөлімі «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген поэмасының экспозициясы:

- Өткен адам болады көзден таса ...

Ол кетсе де белгісі жоғалмайды...

Автор «Ақылды» «Егулі дәнге» балап, «Суарылса» деген шартты рай арқылы «оған» да «жан» кіреді деп кейіптейді. Бұл құбылыста Абаймен, Мәшһүр-Жүсіппен үндестік табамыз. Адамның «Ақылы» «Көрген, білген нәрседен ғибрат» алуы арқылы зораяды.

«Естіп», «біліп», «Көз көріп», «ойға салмақ» арқылы үлгі алмақ және осылар арқылы Адам «Қызықпақ», «Жек көрмек», «Жиіркенбек».

Ақылды шеңдестіріп, «Кей ісі -жауы», «Кей ісі - досы» деп қайшылыққа бейнелейді. «Досыңды - жау, дұшпанды дос көрсетіп, көзді байлап нәпсінің қылғаны осы - бұл құбылыстан Ж. Аймауытовтың соқыр сезімінің саңылау сезімге зорлығын, басымдық рөлін байқаймыз.

Аталған құбылыстың өзі «Сөз басы» әлі автор айтайын деген негізгі Мұратын тарқатқан жоқ. Мұнысымен бірге жоғарыда талданған құбылыста қазақ жұртының қалпын жалпылама синтездеу нәтижесінде көрсетіп тұрғанын айыру қиын емес. «Еңлік-Кебек» әңгімесіне кіріспес бұрын автор дидактиканың пәлсапалық тұжырымын шегініс арқылы көмкереді. Құлақ тігіп, талдап көрелік:

Автор бір шығармасын келесі бір шығармасымен байланыстырып отырады.

Ол - қалмақ жұртымен соғыстың әңгімесін «Қалқаман-Мамыр» қиссасында жазғаны жайлы белгі береді. 1723 жылы Ақтабан шұбырынды оқиғасының баяны:

- Сырдан қуылған қазақтың Шуға келуі;

- Шақшақ Жәнібектің сөзі:

- Бабалар, бұл жолды ұмытпа депті ...

Құдай қаласа, алармыз біз де кекті ...

Арғындар сол көшкеннен көше берді,

Батырлары жер шалып, қоныс көрді.

Ешім, Нүра, Сарысу, Қарқаралы, Шалқар көл, Ұлытаудан алды жерді». Бұл - арғын елінің қоныс, тұрақ табу тарихы. «Еңлік-Кебекке» кіріспе сөздің ішіндегі ең керекті тамыры:

- Орнығып қалдың. Арғын соңда қалды, Жеті Момын олардан өте салды.

Ар, Елек, Ойыл, Қиыл қастамақ боп, жаз жайлауға Мұғажар тауын алды.

- Кіші жүз өте көшті Орал жаққа,

Әбілқайыр хан еді мінген таққа.

Арғын руының қай жерден қай жерлерге мекен ету сырына географиялық экскурс жасап берген ақын Әбілқайыр ханның таққа отыруы Кіші жүздің Орыс империясына (1731 ж) қарауымен байланыстылығын ашық айтып, оның өзін бір жағдайға, Жеті Момынның қайта көшуінің себебі ретінде сәтті пайдаланған. Оны біз мына бір жолдардан байқаймыз:

- Соны естіп Жеті Момын қайта ауыпты, осыдан көреміз деп бір қауіпті.

Мұғажардың күншығыс жағына өтіп, Ырғыз, Торғай дейтұғын жер тауыпты.

Тұрағын айқыңдаған, Жеті Момынға кімдер қарайтынын жіктеген:

- Атығай, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиннің үш баласы, бәрінің үлкен шешесінің аты - Момын;

Әбілқайыр хан таққа мінген (1731)

Патшаға уағда берген қарамаққа;

- Ұлы жүзде үлкен хан Әбілмәмбет

Қалмақпен соғысам деп хабар салды;

- Орта жүзден де аттаңды Сәмеке хан

Үш жүзден жиылыпты бірталай жан ...

Шеп жеңіп, Қалмақтан кегін алған;

- Сол соғыс Абылай келген кез;

Жиылып шаба берді ойдан, қырдан.

Тарбағатай - Шыңғыстың жан-жағында,

Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған;

- Ата қоныс Арқаны босатып ап,

Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан;

- Қалмақты шабысуға Мамай келген,

Босап қалған Шыңғысты көзі көрген.

Барған соң Жеті Момын баласына,

Хан Шыңғыс босады деп хабар берген;

- Момынның жартысы айтқан барамыз деп,

Ата қоныс Шыңғысты аламыз деп,

Атығай - Қарауыл мен Бәсентиин

Көшпейді, біз осында каламыз деп;

- Туысқанын қия алмай, жүр деп сен де,

Көп айтқан Кеңгір бай мен Караменде

Бос тұрған соң Шыңғыста Матай қонған,

- Тобықты, Қанжығалы көшкен сонда,

Өзге Момын көше алмай қалған онда.

Шыңғысты Матай алды дегенді естіп,

Қанжығалы қалыпты орта жолда;

- Келгені Тобықтының осы маңға.

Мың жеті жүз сексен тақалғанда, ...

- Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын.

Оқығандар байқадың оның сырын.

Еңді айтайын Еңлік пен Кебек сөзін,

Тағысынан көріңіз мұның түрін.

Бұл берілген автор сөзінің алгоритмінен ұғарымыз не? Ол - эпикалық поэзияның тарихи болған істер мен оқиғаларға тікелей байланыста құрылуы. «Қалқаман-Мамыр» 1723 жылы қалмақтардың жаулап алу кезеңіне сәйкес поэзия болса, «Енлік-Кебек» - 1780 жылы өз еліне, мекеніне оралған Тобықтының Матай елімен кикілжіңге түсуі, екі жастың махаббатына қырсық болып тиюі. Былайша айтқанда, таза махаббат құбылысы өрнектелсе, лирикалық поэзия ауқымыңда калып, сезім айшығы басым болар еді де, тақырып махаббат, бірінші мәселе де махаббат болар еді. Ал бұл екі поэзияның екеуінің тақырыптары махаббат жыры сияқты көрінгенімен, әлеуметтік-тарихи құбылыстар басымдық рөлде. Міне, жоғарыдағы талдауымыз арқылы шығарманың сөз басын, не «экспозициясының» толық әңгімесі не жайлы деген өзекті мәселеге ой жүгіртіп көрелік. Эпикалық поэзияға жататын бір дәлелі - оқиғалы құбылыстардың көрінісі. Оның рет тәртібі былай болып келеді:

« - Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы

Жуантаяқ Тоқтамыс деген кісі.

Жамағайын жақыны сол кісінің

Бар екен Кебек деген бір інісі».

Міне, бұл оқиғаның Момын елі мен Матай елінің ішкі саяси-әлеуметтік қарым-қатынасына тікелей байланысы бар. Ал бастауы - батыстан өз мекеніне орнығуға келген Тобықтының Матай еліне әсері.

Оқиға ұласуының бірінші кезеңін талдай өттік. Сөйтіп, енді әңгімелеуші ақын Кебектің он бесінде аты шыққаңдығын мәлімдеп, портрегін былай сипаттайды:

«Көзі өткір, қара торы жігіт екен,

Орта бойлы, тапалдау кең иықты».

Оның ішкі қалпын (интерриоризациясын) автор

«Ел қамы үшін өлуге жанын сайлап,

Соғыс десе тұрмайды қойса байлап,

Жауға батым, жақынға және әдепті,

Кішіні - іні, үлкенді - ағатайлап», - деп, сипаттайды.

Тотемдік (ырым) реңк поэзияда орынды қолданыс тапқан. Балгерге сенген халықтың ұлы да одан алшақ кетпеген. Оны мына құбылыстан аңғарамыз:

- Ол кезде балгер болған Нысан абыз; ...

- Кебек батыр өз бақытын сынамаққа,

Әдейі іздеп келіпті балгер жаққа; ...

- «Қара қалмақ», «Қорқыттың күйін тартып,

Қобызына ән қосып кетті сарнап; ...

- Ажалың биік қабақ, сұрлау қыздан,

Батырым, ондай қызға көңіл бөлме; ...

- Қара жартас түбінде кез келеді,

ІІІырағым, соңдай қыздан сақтанып жүр; ...

- Оны естіп Кебек кетті өз жайына,

Батса да балгер сөзі шымбайына,

Ойланбай, біржолата кетті ұмытып,

Деді де жынның сөзін тыңдайын ба.

Оқиғаның алдындағы оқиғаға қатысы бар құбылыстарды алдын-ала болжағанын халқымыздың табиғи менталитетін берілген алгоритмдік нысаннан байқадық.

Фольклорлық стильді жазба әдебиетіне «тірілтіп» соны ой-түйін берген Шәкәрім Құдайбердіұлы өмір сабағынан бақсы жырларымен бұрынғы айтып кеткен аңыздың (Еңлік-Кебек) тамырластығын ұлттық нақышта шебер қиыстыра суреттеген. Уақыт пен кеңістіктің бір кездегі мән бермеген үрдістерге қайта үңілуі де автордың тың ізденісі деп ұғамыз. Ескі ұғым мен өзі өмір сүрген ортаның «сүрлеміне» алаңдамай, тарихи жолдарға ақиқатты сипат беру де ақынның жаңашылдығы. Оны мына бір көріністен байқаймыз:


- аң аулап жүрген Кебектің халі, түлкіні

Қуалаған Кебек Хан баласына шығады;

- Түлкіні бүркіт тойғанша жеп қояды;
-Осы Хан (Хакан) өзеннің аяғына

Қыстаған бір Матайға келіп жетті нағыз оқиға басталды


- Осы күнгі Боқгыбай қыстап жүрген оқиғаның екінші

Қара жартас Кебектің келген жері құбылысы


- Ол кезде шай болмайды, сусыны құрт ... байланыс
Кебек айтты: «Аң қуған Тобықтымыз, оқиғаның үшінші

Атым - Кебек дегенде, жалт қарап құбылысы

Бағанағы айтылған бойжеткен қыз
- Екеуінің жақын танысына төсек салу бірінші оқиғаның

Рәсімі себеп болады; төртінші құбылысы


- Ай, батыр! Сен жатырсың ұйқың қанбай,

Мен бір жүрген сорлымын бағым жанбай! екінші оқиғаның

Көрінгенге көз сүзген көрсеқызар, тууы

Әдепсіз қыз дейсің-ау әлдеқандай.


Күйеуім өткен жылда ұрын келген, екінші оқиғаның

Қасына жатпақ түгіл, жуымадым, бірінші құбылысы

Білген соң шіріктігін келген жерден
Ендігі құбылыста күйеуінің неге тең еместігі ашыла түседі. Бұл екінші оқиғаның бірінші құбылыстың себеп-салдары:

- Нышан жоқ бет-аузында сақал-мұрттан,

Бұрын да естуші едім жайын сырттан.

Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,

Күндіз асың іздейді ескі жұрттан.

- Бетіне тумай тұрып түскен әжім,

Күңге де есіктегі қылды тәжім.

Кер кеткен кеселдіге душар болдым.

Осыдан құтыларлық бар ма лажым!..

Сол секілді Кебек жайлы қыздың сыны:

- Тасыр болса, талғамай тап берер деп,

Түні бойы сынадым сізді абайлап;

- Мен татысам, жігітсің маған татыр.

Кебектің Еңлікті сынауы:


Еңлік үйден арқанды (ат арқандамак) ала жетіп,

Құшақтасып жөнелді жартас жаққа.

Келе жатып қыз айтты:

- Батыр саған ...

Тобықты мен біздің ел жақындаған

Мына жартас табыспақ болсын бізге, ...

Соңда алып қаш кезінде жақындаған

Мына жартас табыспақ болсын бізге,...

Ең болмаса жұманы құр өткізбе ...

Кебектің монологі
«Япыр-ау ! Әлде сайтан, әлде жын ба

Кім бастап алып келді мені мұнда!

Осы көрген түсім бе, иә өңім бе,

Қалжыраған бақсының сөзі шын ба?

Біржолата кім тұрар бұл дүниеде,

Өлім көрмей қоя ма туған пенде

Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше,

Еңлік үшін өлгеннің қапысы не! .


Кебек сонда шалға (Еңліктің әкесі) айтты:

- Ай, ақсақал, өзің таңдап түлкінің біреуін ал,...

Жығып тамақ істетіп сандыққа сал.
Автордың сөзі:
«Ер Кебек тыным алып үйде жатпай,

Еңлікке келіп жүреді дамылдатпай...

Екі ел бітті сөйлесіп жазға салым,

Қайтарысып барымта алған малын ...



Еңлік:

«Екеуі тәуекел деп кетіп қалды,

Таң атпай-ақ Ордаға жетіп барды. үшінші оқиғаның

Ағаштан балаған қып, арша жауып, бірінші құбылысы

Бекініп бір дарада жатып алды.
Найманның дым көп болды жиылысы,

Жиылған соң белгілі қылар ісі. қайшылықтың үдеуі

Алдынан бір арылып алайық деп,

Тобықтыға жібереді елші кісі.

- Ей бүлдірмей бітелік, жөнге келсін, шарт қою

Еңлік, Кебек екеуін ұстап берген

Шариғатгың әмірімен өлтіреміз,

Малға бітім қылмаймыз, оған сенсін


Тентегінің жазасын мойнына алсын, Ушығу.

Егер оған көнбесе, дайындалсын! Үшінші оқиға одан

Қырылыспай бітпейміз таусылғанша, қоюлана түседі.

Не Найман, не Тобықты бірі қылсын! Екінші шарт


Жауапты да тез берсін кешіктірмей, Үшінші шарт

Ертең бесін намаздың уақыты келмей. Екінші рет өлімді

Өзге бітім болар деп ойламасын, ауызға алып

Бітімім жоқ не өліп, не өлтірмей! Отырған Найман еді


Тобықтының әрекетін автор былай

әңгімелейді: Кеңгірбай бидің

«Найман тым көп, Тобықты аз, Арғын алыс, шешіміне

Қорықпауға да болмайды көрер көзге» себептің басы

Кеңгірбай бидің шешіміне себептің басы
Автор сөзі:

«Қысылғанда баратын Қабекеңе, Кеңгірбайдың үкімі

Ақыл сұрай бір-екеу барсын десті... амалсыздықтан екі

Кебекеңнің қабағы қарыс түсіп, жасты құрбандық

Мінеки соңдағы айтқан бір жұмбағы! шалу

- Әнет - Баба емес пе менің атам,

Бірақ оңдай қабып ма менің батам?

Көшсем - қоныс, отырсам – көмегім жоқ,

Көрсетемін, қайтемін, тыныс жатам.

Бұл сөзі - бабаң айтқан сөздің көзі

Өзі өлтірмей, амалсыз атқызды өзі

Жеңілсең, еңд.і барар руың жоқ,

Көрсетпеуте шама жоқ деген сөзі.
Тағы да әңгімешінің сөзі:

«Соны естіп, Көбей топқа қайтып келді,

Жұмбағының шешуін айтып келді. Трагедияның

Тобықтылар Найманды ертіп әкеп, бастауы

Кебектің жатқан жерін айтып берді.
Әңгімеші Еңлік - Кебек жағдайына

ойысады:


«Ұйықтамайды сақтанып Кебек түнде,

Үш айдай бір дарада жатқан мүлде. шарықтау шегі

Толғатып Еңлік сұлу бір ұл тапқан,

Айы толып, мезгілі жеткен күнде ...

Еңлік түртіп оятты Кебек ерді,

Атқа қарғып мінгенше жау да келді. трагизм

Күрең атқа мінгесіп жөнелгенде,

Баласы бесігімен қала берді ...

Байлап алып екеуін Ащысуда,

Тамам Найман жиылған қалың дұға шешуі

Қайран жастар қапыда қолға түсті, бірінші құбылыс

Елтіген бөрідей боп жеген уға.


Шеткі Ақшоқы басына алып шықты,

Қалайша өлтіруге кеңес қыпты. шешуі

Жас қой деп жаны ашыған бір адам жоқ, екінші құбылыс

Қолға түскен кісіге қатын мықты.


Кейбіреуі таспенен атпақ болды,

Кейбіреуі дарға да аспақ болды. шешуі

Аяғында мойнына арқан тағып, үшінші құбылыс

Атқа байлап сүйретіп шаппақ болды.


Енліктің сөзі:

«Ай, жұртым, бір-екі ауыз сөз айтайын

Кебекпен мені азғана араздастыр.

Өлген соң бірге қосып, таспен бастыр шешуі

Мына бала - тобықты баласы ғой, төртінші құбылыс

Оны өлтірме, Кеңірбай биге тапсыр.


Екеуінің мойнына арқан салып,

Екі аттың құрығына байлап алып, поэманың соңғы


Матайлап ұран салып, шауып-шауып, шешімі

Өлтіріп, бір төбеге қойды апарып.


Тастады бесігімен баласын да,

Обалға өшіккен ел қарасын ба.

Еңлік -Кебек моласы бүгін де бар,

Таймақ пен Ералының арасында. шешімі

Надан жұрттың болады діні қатты,

Қабекеңе тапсырмай аманатты.

Шеткі Ақшоқы басында қалған бала,

Шырқырап күн батқанда жылап жатты.


Жуантаяқ баланы түнде білді,

Түн ішінде жиылып атқа міңді. шешімі

Таң ата келіп, іздеп таба алмайды,

Қисыны біреу ұрлап кеткен сыңды.


Эпикалық поэзияның ерекшелігі шығармада айқын аңғарылады. Еңлік-Кебектен биік тұрған екі рудың арасындағы қалмақ шапқыншылығының қазақ еліне салып берген тауқыметі, жеріне оралған аз санды Тобықтыға «иық», «құқ» көрсеткен Найман (Матай) руының үш шарты - екі ғашықтың бақилық дүние кешуіне қозғаушы күш. Поэмадағы оқиға шиеленісі драмалық оқиғаның күші мен маңызы «коллизияға», яғни соқтығысуға апарады. Екі жастың жүрегінің қалағанының болмай, Матай руының шешімі, қайткенде екеуін өлім жазасына бұйыру екені барлық құбылыстарға нүкте қоюмен бара-бар сипатта. Поэмадағы кейіпкердің таңдауына ешбір жол жоқ. Тек өлім жолы бұлтарыссыз.

Шәкәрім Қүдайбердіұлы бұл шығармасында ғашықтық тақырыпты жырлағысы келмегенін сөз соңында айтып өтеді.

Арадағы жер үшін, дау-дамайды өрбіту үшін себеп болған екі жастың мөлдір махаббатының жалғасының кейінгі өмірге қалған көзінің, ескерткіш ұрпағының - баласының жоғалып кетуі, Матай елінің Еңліктің соңғы өтінішін «аяқ асты» қылуы, надандық әрекеті кешегі «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Әнет Бабаны тыңдамаған тобыр іспетті. Тек Sit жағдайлар, құбылыстар, оқиғалар басқа кеңістік пен уақыт қатысына орай құрылған.

Эпос - грекше баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту. В.Г. Белинский сөзімен бастасақ, сөзіміздің түйінін академик Зейнолла Қабдоловтың мына бір қисындық пайымымен айқындап өтелік:

«Эпостық шығарманың арқауы - автор үшін «ішкі» субъективтік шындық емес, «сыртқы» объективтік шындық, - жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық даму заңдылықтары. Осыдан келеді де дәуірлік құбылыстар мен қоғамдық қатынастарды көркем жинақтауды жұртқа мәлім эпикалық құлаш деген ұғым шығады... Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары - эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Ал В.Г. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе - оқиға екенін ескертеді [71].

Негізгі зерттеуіміз - дидактика нысанасынан пәлсапалық ой-түйін жинақтау. Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл поэмасында ол ілім даяр тұр. Эпилог (грекше -соңғы сөз) - бұл қорытудың бір түрі. Тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткен соң, оқиғаның шешімінен кейін берілетін сипат. Көбіне, ол сол шығарманың ішкі құбылыстарына қатысты болып келеді. Ал бұл поэмада автордың сол оқиғаға көзқарасы, танымы, пәлсапалық пайымы аңғарылады.

Алдымен ақын не үшін «Еңлік-Кебек» жырын жазғанын баян етеді».

«Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы, -

Аларсың көп ғибрат байқағаның.
Қыз, қызық, батыр жазар кезім емес,

Жастарды қызықтырған сезім емес,

Ертегі емес, ертеде болған бір іс,

Ойдан жазған, шығарған сөзім емес ...

Ғаділ - заман, шафқатлы - мейрімсіз,

Соларды айыра алмай, қапы қалма ...

Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде

Өлмес, өшпес зәулетім осы қағаз!

Ел басындағы соғысқа мән бермей, олардың басынан өткізген әлеуметтік-тарихи жағдай мен елдің елдік салтын, әдет-ғұрпын елемей, екі жастың ойланбай бас қосуы - нәтижесіз іс. Жеңіліске аяқталған оқиғадан басқа ешбір ізгілікті із қалдырмайды. Жамандықтан, зұлымдықтан адамдар арасында бақытты өмір кешу мүмкін емес. Ортамен жеке адамдар санасуы керек. Көпшіліктің шығынға ұрынбасы үшін нәпсіні тия білетін жастардың болуын тілеп тұрған автор ойы. Міне, біздер осыңдай қорытынды жасай отырып, бұрынғы қалыптасып қалған түсінік Еңлік-Кебек қазасына Кеңгірбай би кінәлі десек, Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмасында Матай елі демекпіз. Ал Кебекке ғашық болған Енліктің басты себебі - ұрын келген күйеуінің тексіздігі. «Оны есіктегі күңді ажыратпай, тәжім жасауы» деген тұжырымнан аңғарамыз.

Бір сюжетке құрылған «Еңлік-Кебек» аңызын әр автор өзінің дүниетаным өресінде сипаттап, оның ғибрат аларлық тұстарын өздерінің өнер биігіне өрнектейді. Жаратылыс пен оның бейбіт тіршілігін бұзушы жұртшылықтың әрекеттерінен кейінгі өз-өзіне келе алмай жүрген қазақ жұртының ауыр тұрмысына пәлсапалық пайым жасау жетімсіз деген ойды ақын ашық айтып тұр. Бұдан біз әдебиеттің искусство биігіне көтеріліп, көп нұсқалы дәрежеде дамығанының куәсі екенімізді мойындаймыз. Ақылбайдың «Еңлік-Кебегі» мен Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасынан басқа реңкте жазылғанына ешкімнің дауы жоқ.

Ақиқаттық, философиялық тұжырым жасау арқылы өз өнерімен ерекше қолтаңба қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қодардың өлімі» атты айдармен жазылған поэмасы - қоғамдағы шындық оқиғаға құрылған еңбек. Бұл поэманы жоғарыда берілген нұсқамен талдап өтелік.

Шегініс:


«Ой қозғайды, оңаша таудың басы,

Өткеннен ойға түсіп тамашасы.

Қолтығына (метонимия) қабағын түйіп қарап (кейіптеу),

Әне тұр Қодар өлген құз - жартасы».


Міне, бұңда да жартас.

Оқиғаның болып кеткені оқушыға түсінікті болып тұр. Бұл сөз басынан кейін автор бірден болған оқиғаның дәлелін өрнектейді:

«Тастан тайып өлген жоқ, құздан құлап,

Оны өлтірген ағайын қарындасы;

Ел бұзатын ерсі істі өршітпеске

Дарға асып, таспен атқан өз ағасы».

Дәлелден кейін оның кім екенін анық әңгімелейді.

«Ол Қожар барымташы ердің басы,

Жыртылмасын деп жүрген ел жағасы.

Ар сүймейтін бір істі қылғаннан соң,

Аямаған Олжабайдың кәрі-жасы».

Оның себебін Шәкәрім мынадай қорытыңдымен береді:

«Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ай,

Бұл ұзамай құрды - сөздің расы.

Некалайдың иісі осы елде тұр.

Оңдыра ма сәулесіз өңкей масы».

Ел ішіне бүлдіргі енгені, тыныштық бұзылғаны - басқа жұрттың қазақ елінің маңдайына жат жаман қылықтардың «үлгі - өнеге» болуы. Мұндай пайым шығарманың сарынынан шынайы туындап тұр.

Бұл поэмада да Шәкәрім Құдайбердіұлы өз руының туыстық генезисін түбірлеп, жіліктеп жіктейді. (Қожардың кімнен тарағаны жайлы).

«Арғы атамыз Олжабайдан үш ұл болар:

Айдос, Қайдос, Жігітек. - Міне, осылар.

Қайдостың бір баласы Борсақ деген.

Соның бір тұқымы еді батыр Қодар».

Қодардың ерсі қылығын автор ашық әшкерелейді. «Бар еді сол кісінің бір жақсы ұлы. Қаза жетіп өліпті сол бір жылы. Жесір қалған келінін қылған құдай құлы».

Нәпсінің құлы болған атаның құдай кешірмес күнәсінің ауырлығы оқырманға әсер етпей қоймайды. Бұл - ащы шындық. Біздің Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы кездестірген Қодарымызда бұл құбылыс, «Мен көк ит болсам, сендер көп итсің» деген жұмбақ тізбектеп нәзік ишарамен суреттеледі. Ал оны кез келген оқырман «суыртпақтап шығарып», шеше алмайды.

Құдайсызды әрекетке барған Қодарын автор шынайы сипаттайды:

- Баламды алсаң, мен де алдым келінімді;

- Тобықтыны билейтін Құнекеңнің

- Бетіне басты осыны төре Барақ;

- Құнекең білмеуші еді Қодар жайын;

- Өз еліне келе сала сұрастырды;

Олжабайдың бас адамын жиып алып,

Осы Хан өзенінде кеңес құрды;

- Сүйіңдік - басты адамы Бөкеншінің;

Мынау іс бола берер бетке салық.

Кейінге жұқтырмай кеселдерін,

Екеуінің көзін де жоғалталық!;

- «Молдадан бәтуа сұрап ел жіберді», -

Дегенге нанды Қодар қара басып;

- Құрым іліп би үйін жеті айналса,

Оған неке қиюға мүмкін десті;

- Қажы айтты: «Бұлар сөйтіп қаза таппақ. –

Жиылып осы қауым таспен атпақ.

Зинақордың жолы осы шариғатта,

Жаназасыз солайша шіріп жатпақ.

- Борсақтың басты адамы батыр Қиял болмайды: «Таспен атпай, дарға асам!» деп;

- Анау жартасқа апарды елден таса,

Терең құз Хан өзенге қойған аша.

Қатын соңда Қиялға жалыныпты: «Қодарды бір сүйгіз», - деп тым болмаса...»

Оқиғаның шешуі:

«Ауызға сөйлеме деп қойып қалды,

Екеуінің мойнына арқан салды.

Арысқа артып атанды тұрғызғанда

Жиырылып, бірсозылып көп қиналды; ...

Әбден өліп болған соң отын әкеп,

Екеуінің сүйегін отқа жақты».

Бұл поэманы автор баяндау тәсілімен жазған. Бірақ, өткен өмір құбылысын оқырман көзінің алдына әкеліп, Құнанбай мен Барақ, Құнанбай мен Сүйіндік, Керей Жұмабай секілді адамдардың диалогы беріледі. Ал монолог жоқ. Негізгі автордың мақсатынан қажы Құнанбайдың мойныңда халық көзімен «күнә кетпесін» деген ой байқалады. Оған қажының ешбір күнәсінің жоқтығына ақиқатты дәлелдермен көз жеткізеді. Бабалар дәстүрінде жоқ ел құлағына шалынбаған нәпсінің құлы болған, баласының аруағынан қаймықпаған, тас жүрек, ары лас, арам ойдың құралы болған Қодарды өлімнен аяудың өзі де азғыңдықтың куәсі болар еді. Бұл - шариғат ісі, ізгілік жолы. Автордың ойы - осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет