Жыраулық дәуірдің тарихилық тұстарын топтастыру:
1. Қазақ ауыз әдебиетінің жыраулық дәуірі рулық бірліктердің, ұлыстардың, тарихи маңызды оқиғалардың жырға арқау болған сәттері мен мезгілі.
2. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жыраулық дәстүрді шыққан дәуіріне қарай кезеңдермен үңдестіре жіктеу. Жанрлық белгілерін, түрлерін қоғамдық-экономикалық дамумен тұтастықта алып хронологиялық, хронометрлік тізбесін жасау (мәселен көне түркі, оғыз - қыпшақ, ноғайлы дәуірі);
3. Жыраулық дәстүр жанр түріңде қай жылдардан бері дербес жанр болып «шаңырақ» құрды.
4. Жырлардағы арнаулар мен толғауларда кездесетін оқиғаларды, кісі, жер - су аттарын, көне сөздерді, тұрмыс - салт көріністерін арнайы тарихи деректер тұрғысында тану (когнитив).
Ноғайлы дәуірі: эпикалық тұжырымдамасы, тұтастануы.
Ноғайлы дәуірі - қазақ жырауларының толғауларында ең көп тараған, халық санасынан берік орын алған айырықша бір заман.
Шоқанның айтуынша, ноғайлар жеке бір ру емес, ол көптеген рулардың бас қосқан одағы. «Аңыз, шежіре, толғау, эпостық жырлардағы «ноғайлы жұрты», «ноғайлы ұлысы», «он сан ноғай», «тоқсан баулы ноғай» деген сөздерге қарағанда, тарихта ғана емес, халық санасында да бұл бір әке, бір шешенің балаларындай тату тұрған, туыс рулардың бірлікте болған дәуірі. Қаптаған жауға өресін алдырмай, қаһарлы елдермен терезесі тең тұрған шақ бұл. Жырлар, толғаулар бірлікті мұрат (идеал) тұтады. Қазақтардың жырларындағы сарындары ноғайлармен көрші отырған кездері алтын заман болғаны туралы айтылады.
Ноғайлы дәуірінің тарихтағы мезгіліне қарағанда, толғаулардағы мерзімнің ұзаққа созылғандығы байқалады. Тарихи деректерге қарағанда, ноғайлы ұлыстың тарих арнасына шыққан мерзімі XV-XIV ғасырларда Алтын Орда құлағаннан кейін бұрынғы рулар мен ұлыстар ұсақ хандықтарға бөлініп кеткеңдігі белгілі. Олардың ішіңдегі ең әрісі Ноғайлы ордасы мен Өзбек хаңдығы болды [55].
Бұлармен қатар Қазақ, Қазан, Қырым хандықтары да өз алдына бөлініп шықты. Ноғай Ордасының Алтын Орда хандығымен іргесін алшақтата бастаған кезеңі XIII ғасырдың соңы. Бұл тұста XIV ғасырда Алтын Орда Ақ Орда бөлініп шыққан тұста да әрі қарай жалғасты. Ал Ноғай ордасының айналаға кең таныла басталуы - XV-XVI ғасырлар.
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының бірлік құруы жайлы Ш. Уәлиханов: «Жәнібек билік құрғанда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп қонғаңда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп қонған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп аталады» [56].
Ноғайлы Ордасы Алтын Орда мен Ақ Ордадан бөлініп шыққан көшпелілердің куатты хаңдығы болды. Ал Өзбек хаңдығынан XV ғасырда Жәнібек Керей іргесін бөліп алған. Қазақ хандығының құрылуынан көшпелілік пен отаршылдықтың жіктелуін байқауға болады.
Шоқанның пікірінше, қалада тұратын туыстары өзбек, ноғайлардан (татарлар) көшпенділер өздерін жоғары санаған, ерекшеліктің символы қазақ деген атты мақтаныш тұтқан.
Әуелбек Қоңыратбаев: «Ноғайлар төрт түрлі: «1) Сары ноғай. Бұлар 1380 жылдан соң ислам діні асты басына келіп, Қазан, Қырым, Қасимов (Еділ) хандықтарын жасайды.
1. Кара ноғай. XVI ғасырда бұлар он сан ноғай хандығын орнатқан. Ноғай, қазақ бүгіңде, оны оң ханы Орманбетті қазақтар өлтірген (1560 ж.). Олардың елі - барабы татарлары.
Маңғыт ноғайлары. Бұлар Маңғыстау жерінде тұрып, көп заман казақтармен жерлес, тілдес болған. Едіге, Орақ, Қарасай, Қазы маңғыттан шыққан Әз-Жәнібек тұсында Ноғай ұлысы жауласады (XVI ғасыр) Қоныс Маңғыстау, батыста Дағыстан, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Ұлыс, Өзбек ханы Әбілхайырдан (1428 - 1468 ж.) кейін туған.
Аталған нысана жоғары оқу орны мен жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары мен ұстаздарына модель ретінде, тарихи ұстаным сапасында ұсынылды.
Жыраулық дәстүрге ғылыми тұжырым:
- Халқымыздың тарихи өмір жолын анықтауға септігін тигізеді;
- Ел басқарған хандар мен билердің ұстанған саяси-әлеуметтік бағытын, көзқарасын, бағдарын жіктеуге мүмкіндік береді;
- қазақ болып қалыптасқанға дейінгі кеңістік пен уақыт аралығында мекендеген өлкелер мен аймақтардың қалалары мен елді жерлері жайлы мағлұмат жиюға ынталандырады;
- Ресей империясының өмір бастауымен салыстырғаңда, Ресейдің бөлшектік жүйесімен (Иван ІІІ-ге дейін), ал Түркі тұқымдас елдердің (ғұн, сәнби, жужан, оғыз, қыпшақ, сақ) өмір бастауы тұтастық шеңберден бөлшектік дәстүрге айналуы жайлы ой-пікір қалыптастыруын түрткі жасайды;
- халқымыздың дәстүрлі түсінігін, дүние-танымын, оның даму жолдарын анықтауға ықыластандырады;
- ұлттық психология, парапсихология, ойлау, бағымдау, пайымдау, барлау жүйесінің қыр-сырын, типтік ерекшеліктерін ажыратуға көмектеседі;
- көркемдік, шыншыл, пәлсапалық, саяси-әлеуметтік, мәдени ойлаудың даму сатылары, уақыт пен кеңістік ұғымдарының түрлі сипаты толып жатқан жанрлардың қалыптасу, өсу жолдарын да таныта алады;
- әдебиет пен өнерді ырғақ (такт) айналым (цикл), бейнелеу (ассоциация) тәсілдері де уақыт пен кеңістік туралы түсініктердің тарихымен сабақтастығын ажыратуға жетелейді;
- ауызша сөз өнері мен жазбаша әдебиеттің ара қатысы да осы ұғымдар арқылы ажыратылады.
Уақыт пен кеңістік ұғымдарын жіктеу үш салаға бөлінеді:
- шыншылдық (биосоц), ақиқаттық (реалды), нышандық (объективті) уақыт пен кеңістік;
- тұғырнамалық (концептуалдық) уақыт пен кеңістік-табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің санамызда жинақталған ұғымдар. Бұл тек іс жүзінде нышандық уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі (моделі) болып табылады. Ондай үлгілер жұртшылыққа таныс, көпшілік қабылдаған болуы шарт.
Бұған, мәселен, әр халықтың өз өзінше қолданатын ай, күнтізбесін, мүшел жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін атасақ та жеткілікті.
Перцептуалды (перцептивческое восприятие) уақыт пен кеңістікке келетін болсақ, бұл ұғым адамдардың сезім-түсініктерінің психологиялық қабылдау әдістерінің белгілі жағдайлар (Sit) мен сәттерге сәйкес үндесіп өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы.
Аталған уақыт пен кеңістіктің үш түрлі өлшемі тұрғысынан көркем шығарманы алып көрелік. Нышанды, шыншыл, ақиқатты уақыт (реалды) пен кеңістікке материалдық (қағаз, не дыбыс түріндегі, не бейне сипатында) нысана (объект), немесе ойдан шығарылған іс-әрекеттердің жинақталған үлгісі, үшіншісінде бейнелердің, кейіпкерлердің, қаһармандардың жиынтығы [57].
Бүкіл адамзат қоғамының уақыт пен кеңістік туралы ұғымдарын, оның тарихын соңғы екеуінен іздесек болғандай. Себебі нақтылы бір көркем шығарманың ішіндегі субъективті уақыт пен кеңістіктен бастап ұлттық ойлау жүйесіне дейінгі сан-саналы түсініктердің көрінісі (отражение), мәнісі (значимость), маңызы (сущность) міне осыларда жатыр.
Тұғырнамалық және перцептуалды уақыт пен кеңістік категорияларының субъективті сипатта екені даусыз. Себебі олардың негізгі заңдылықтары мен қағидалары өмірден алынғанымен, тұжырым-түйіндері, қабылдау әдістері ішкі санада болатын үрдістер.
Ал С.Ю.Неклюдов [58] ауыз әдебиетіңдегі уақыт пен кеңістік қағидатына арнайы тоқтала келіп, оны екі түрлі арнайы қарастыруды ұсынады. Бірі - тарихи-генетикалық бағыттағы ізденулер. Бұл ауыз әдебиетінің белгілі шығармаларының пайда болған мезгілі, мекені, жырлар мен толғауды тудырған орта, тарихи шындық пен көркем шығарманың арақатысы, тарихи оқиғалардың көрінісі, қоғамдық ортаның мән-маңызын анықтау болып табылады. Екіншісі – шығарманың өз ішіңдегі өрілетін каһармаңды, оқиғаны белгілі бір мекенде және белгілі бір мезгіл аралығында бейнелейтін, көркемдік-поэтикалық қызмет атқаратын ауыз әдебиетіне лайықты уақыт пен кеңістіктің өзгешеліктерін арнайы қарастыру.
Көркем шығарманың біріне лайық өзара байланысқа түсіп, көркемдік қызмет атқаратын уақыт пен кеңістіктің бірлігін М. Бахтин хронотоп деп атаған (термин жаратылыстану ғылымынан алынған). Ғалым оған мынандай сипаттама береді: «Әдеби-көркем шығармадағы хронотоп дегеніміз - уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бүгіннің табиғатына лайық бірлікте көрінуі. Мұнда уақыт қоюланады, сығылысады, сөйтіп көркемділігімен көзге түсетіндей дәрежеге жетеді; ал кеңістік болса шоғырланады, тарихтың, оқиғаның, уақыттың қозғалысына бағындырылады. Уақыттың белгілері кеңістікте алынса, кеңістік уақытпен өлшеніп, уақыт арқылы ұғылады» [59].
1.3 г. Шал ақын шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Шал ақынның эпикалық өлеңдері пәлсапалық, психологиялық, таіімдік деңгейде өрнектеледі:
Пайдасы жоққа жалынсаң,
Семіз бір жемқор малмен тең.
Жақсы қатын алсаңыз,
Алланың жауған нұрымен тең.
Жаман қатын алсаңыз,
Маңдайға біткен сормен тең.
Уайымшыл жігіттің,
Кең дүниесі тармен тең.
Жетесі жаман жігіттер,
Тоқсандағы шалмен тең.
Жаманнан көрген қорлығың
Көкірекке біткен шермен тең.
Бұқар жыраудың «Тілегіндей» ПІал ақын да әлеуметіне ризық, несібе, құт, дәулет, береке, ырыс, баянды бақ тіледі:
Құдая, жаманыңмен теңді қылма,
Құрбымнан өзім теңді кемді қылма.
Жаратқан барша жанды пәруардігер,
Өзімдей пенделерге пеңде қылма.
Мың сайтан, жүз пәлекет қамаса да,
Бір тәңірі қағып шығар сақтарында.
Дария сия болса қамыс қалам,
Жер жүзі қағаз болса рахаттанам.
Шал ақын зауал деген ұғымды түсінген. Жеті атаның бір буынында жамандық іс-әрекет басқаларға зауалын (карма) тигізеді. Сондықтан көптеген адам «Менің Аллаға жазған жазығым жоқ» - деп кейбірісі Аллаға сенуден қалады. Бұл адамдардың надандығы Мәшһүр Жүсіптің «Мүйізі жоқ демесең, өгіздер мен сиырлар...» деген ой-түйінмен үндестігі осында. Бұл - терең пәлсапалық топшылау. Сол себепті бақыт нұры адамның бір мезетте өз-өзінен құлдырамауы, әрі кетпеуі үшін адам үнемі ғибадат етіп отыруы керектігін аңғартады.
Бақ көшсе ақылына қарамайды,
Жақсыны жаман адам табалайды.
«Адам басы Алланың добы» деген
Қайда айдаса сол жаққа домалайды.
Күні толық болған соң түні қайтсін,
Жеңі шолақ болған соң қолы қайтсін.
Өзі жаман болайын деген бар ма,
Білімі, өнері жоқ, оны қайтсін.
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң,
Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң.
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.
Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз,
Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз, Даму бағдары
Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алған,
Біздерге жала-жаза жоқ демеңіз...
Мекке менен Медине жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі
Ата менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші.
Ханнан тақыт таярда
Қарашы жұртпен қас болар,
Байдан бақыт таярда
Дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда
Аңдығаны ас болар.
Жетесіз туған жігіттер Ізгілік пішіні
Жиырма бесте жас болар.
Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең...
Уайымшыл адамның
Алды тұйық жармен тең.
Жетесі жаман бозбала
Тоқсандағы шалмен тең.
Тотемдік рәсімдерге назар аударған. Оны «Әкесі Құлеке өлгенде айтқаны» мен «Біреудің баласы өлгенде айтқан жұбату» деген өлеңдерінен аңғарамыз:
Құлеке жиырмада арқар еді, Метафора
Отызда би, қырқыңда дарқан еді,
Кешегі дулап өткен Құлекенің
Алдынан орыс, қазақ тарқап еді...
Бәрі де туған жанның өлмей тұрса,
Бұрынғы батыр қайда ту көтерген?
Бұл өлім қайда жоқ?
Жарқыраған Айда жоқ,
Күркіреген Күнде жоқ. Диалектика, пәлсапа
Өтері өтіп кеткен соң,
Мың теңгелік қайғыдан
Бір теңгелік пайда жоқ.
«Жылау жылау шақырады» деген пікірден жыламау қажеттігін түсінген. Бұл ырымды биоинформацияға, ішкі ойға түсіп кеткен қара сызат, міне, осы сызат адамның өмірге, болашаққа құлшынысын жояды деген ғылыми тұжырымдарды ақын білген.
Шал ақынның жыраулық дәстүрден тағы бір ерекшелігі - айтыскерлігі. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Сұрау-жауап» айтыстары да бар.
Ақындықтың шебер үлгісін Шал ақын шығармашылығынан толық бағамдай аламыз.
Америка Құрама Штаттарының атақты физиолог-терапевт дәрігері Поль С. Брэгг өзінің «Чудо голодание» деген ғылыми еңбегінде жүйке жүйесінің дімкәс болуы, дерттің ұлғая түсуі, адамның күйгелектік деңгейге жетуі оның мінез-құлқындағы көлеңкелі жайттар екеніне мән береді. Атап айтқаңда, уайым, қайғы, қорқу - жаман дағдылар. Бұл күйзелістік кез-келген адамның алғы өміріне жұмсауға арналған қордағы қуатын бағыттайды. Жүйкенің ауруға шалдығуы ашу мен ұрыс, жанжалдан, іштарлықтан болатыны белгілі. Барлық рухани, тән, ішкі қуат деңгейліктерінің ең төменге түсуі - жаман мінез-құлықтың қосындысы. Міне, осыдан адам бей-жай күй кешіп, барша нәрселерге салғырт тартпақ.
Сөйтіп, Брэгг қорқудың 6 түрін атап өтеді: кедейліктен қорқу, аурудан қорқу, кәріліктен қорқу, өзін қоршаған адамдардың пікірінен қорқу, махаббатын жоғалтудан қорқу, өлімнен қорқу. Ол өзінің осы ғылыми еңбегінде діннің ғылыми тағлымы тек адамның пессимистік көңілін емдеуге, дуалауға қарсы ілім деп дәлелдеген.
Адамның ішкі ойы өзен секілді, ол өзен тек уайымнан тұрса, болашақ өмір жоқ.
Сөйтіп, Шекспирден ой-түйінін келтіріп өтеді:
Трусы умирают много раз до смерти,
Доблестный умирает только раз,
Ибо смерть - необходимый конец
Придет тогда, когда придет...
Жастық-кәрілікке көпір.
Міне, Шекспир мен американдық ғалымның ой-тұжырымдары ІПал ақын өлеңдеріндегі пікірлермен рухтас. Адамның мінез-құлқына денсаулығы байланысты. Оған жоғарыдағы ақын өлеңдерінен келтірілген мысалдар дәйекті дәлел.
Аталған ойды Шал ақынның өлеңімен аяқтаған орыңды деп білеміз:
Қорқақ емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі.
Мың жылқылы байлардан несі кейін,
Оразасын үйінен ашқан кісі.
Дүния деген шолақ депті,
Жан кеудеге қонақ депті.
Ақырет деген бір киім,
Алып қайтар сол-ақ депті.
Дүние деген осы
Ешкімнің емес досы,
Болар еді досы,
Аумаса егер қосы.
Дүниеге қызығамыз несін біліп,
Аз күнгі қызығына есерленіп,
Жалаңаш кеп, жалаңаш қайтамыз ғой,
Мойынымызға төрт қары бөз тесіп іліп.
Шал ақын Шекспир болмағанымен, өз заманының үлкен ақыны. Әр тұлғаның өз өрісі, өз деңгейі, өз болмысы бар. Шал ақынның заманының өзіне ілесе шыққан біраз ақындардан даралық қасиеті - өкінішті жайды еске алмауы, өкпені көңілге түймеуі, қайғылы болған жүректі берік ұстап, пессимизм сарынын бойдан куып, өршіл сезімін бойына дарытуы дер едік. Бұл - дидактиканың пәлсапалық негізі.
Конференцияға қатысу арқылы қандай құндылықтарды руханият деңгейінде топтастыруға болады? Міне, осы іс-қимылдың үлгісін беруді артық көрмедім. Оқыту болған соң мұның да өзінше заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды мысал ретіңде ұсынылуды жөн көрмедім.
1999 жылдың қарашасының 25-де Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып етті.
Конференцияны ашқан Шал Құлекеұлының ұрпағы, ҚР ҒМ Ғылым академиясының вице-президенті, академик Аманжол Қошанұлы.
Кіріспе сөздің негізгі сарыны төмендегідей: «Шал Құлекеұлы - Үйсін Төле бидің жиені. Әкесі Құлеке хан Абылайдың адал батыры, Қытаймен арадағы қарым-қатынасты дипломатиялық деңгейде оңтайлы шешіп, қиыншылық сәттерден озық парасат, байымымен шебер шығып отырған.
Шал Құлекеұлы рулардың шығу тегі жайлы ішкі жүйелерді этикалық шығармаға арқау етіп, эпос құрастырған жыршы. Бұл шығармасынан тек біраз ғана жолдар бізге жеткен. Жыр толығымен дерек жоқ болып кеткен.
Шал Құлекеұлының ақыңдық өнерін, шығармашылық жолын тұңғыш зерттеген Шоқан Уәлиханов. Бертінгі зерттеушілер - Мұқтар Мағауин, Өтеген Күмісбаев.
Ақын өзінің өлеңдерімен жыраулық дәстүрден қайнаған тұрмыстық қарым-катынас заңдылықтарын дидактикалық танымда тануға бейімдеуші болған. Шал ақын - Дулат, ПІортанбай, Мұрат секілді көп қырлы, синкретті, киелі өнер иелерінің бастауы.
Аталған ақындар өмірдің сан түрлі сауалдарына көркемдік жауап айтып келген, өз ортасындағы өмір ағымына жамағатшылық көзқараспен ерекшеленген...».
Конференцияда бірінші хабарламашы Ш. Ыбыраев, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докгоры, профессор.
Ш. Ыбыраев: «Уақыт пен кеңістіктің талап-мүддесіне орай Шал Құлекеұлы - сыртқы ой-тұжырым, толғаулардан ірі тұрмыстық заңдылықтарды өз өлендеріне арқау еткен шебер тактик.
Шал ақын - жыраулық дәстүрді жаңа өлшемге өзгертті.
Өз заманының тыңдаушылары тұрғысынан келсек, өткен заманның ұрымтал сәттерінен зілсіз қалжың, әжуаға ойысуды аңғарамыз. Алғаш әдемі сатиралық сарынды Шал ақыннан байқаймыз. Ақын өлеңдеріңдегі кәріліктің сипаты шебер, шыншыл бейнеленген.
Ақын өлеңдеріндегі күлу өзгеге күлу емес, өзіне күлу.
Шығармаларындағы бір аңғарарлық түйін - шектен асып кететін қалжыңға қарсылық.
Ия, ақын тек өз заманының жүгін арқалап өтті. Жаңа дәуір поэзиясы сыртқы жаусыз тұрмысқа тиесілі жағдайларды сипаттауға түбірімен бетбұрыс жасады...» - деп мағлұмнама берді.
Хабарламашы Р.Ғ. Сыздықова - А. Байтұрсынов атыңдағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, ҚР ҒА корреспондент мүшесі. Рабиға Ғалиқызы: «Ауыз әдебиетіне екінші тақырып келді. Ақындар біршама жерге түсті. Дерексіздіктен деректілікке ыңғайлану аңғарылды. Бұхар жыраудың жырларыңда жалпы балау, теңеулер кездессе:
Кәрілік шіркін не қылмас:
Апта бойынды бас алмай,
Келін-бала келгеңде,...
Жайнап тұрған қызыл шоқ
Су құйылып өшкен соң...
Шал Құлекеұлының өлендерінде кәрілік сипаты нақтылана түседі:
Кәрілік елден бұрын тісіңді алар,
Ойыңнан түк қалдырмай есіңді алар,
Құлақ кетіп, аузыңнан сөзіңді алар.
Белден медет, тізеден қуат кетіп,
Ең соңында аңқайтып өзіңді алар.
Әдеби-көріктеу, психологиялық егіздеу азайып, символдық өрнектер нақты заттар тұрғысында көрінеді. Жаңа бейнелеуіш жолдар пайда бола бастады. Әр сөз өз орнында, тура мағынасында келіп, өзі, әкесі, жақсы, жаман, қатын сияқты күнделікті өмір тынысына қатысты адамдардың мінез-құлықтары шыншылдық нақышпен, тіпті қажетті жерде дөрекі тіркестермен де сипатталады. Өлеңдерінде әлеуметтік-мешкейлік бейне - бүкіл қазақ халқының хал-ахуалын типтендіру.
Хабарламашы Мұқтар Мағауин - жазушы-зерттеуші ғалым:
«Шежірені жырмен өрнектеген Шал ақын Алаштың шығу тегін ашқан. Бұл эпос жоқ болып кетті.
Шал Құлекеұлының шығармаларын Қыздар Қазбеков, Мәриям Хакімжанова, Айқын Нұрқатов, Ғаббас Елеусіз секілді адамдар жинастырған. Негізінде көпшілігі баспаға әзірлеген - Қошан Жантілеуов ақсақал. Мен Алқағаш деген елде тұратын ақсақалдан өлеңдерін жазып алдым.
Ақын Ғалым Малдыбаевтан біраз өлендерін «Алдаспан» жинағына енгіздім.
1964 жылы Шал ақын шығармаларын зерттеуге кірістім. Ақын өлеңдері сыршылдық, жекешілдік сарында. Өлеңдері шалқымалы, эротикаға толы. 70-ші жылдары баспасөзде эротикаға қатысты өлеңдерді жіберу қиынның-қиыны еді. Сөйтіп, кітабымыз кәмпескеге түсті. Жалпы халықтық мұраға қарсы өктем үкімет өктемдік күш көрсетті. Монография орысша жазылып, талай тексеріс елегінен өтті. «Бес ғасыр жырлайды» жинағы созылып-созылып әзер дегенде кейін жарық көрді».
Хабарламашы Герольд Бельгер - жазушы:
«Елуінші жылдары Шал Құлекеұлының атын, өлеңдерін елімізде тұратын Ғалым Малдыбаевтан бірінші рет естідім. Ол кезде жас неміс баласының шақшадай басына мұңдай ақпараттар сия бермейтін. Дегенмен, Шал ақын сол бала, бал дәуренде миға орнығып қалды.
Сонау Асан, Бұқар, Ақтамберді, Дулаттардан жұққан менде де жершілдік патриотизм сезімі бар. ПІал ақынға жерлес болғаным үшін мақтана аламын. Бала кезімнің өзінде біздің де елде атақты адамдар бар деп масаттанып жүрдім.
Жуырда мектеп дәптерлерімнің ішінен әбден сарғайып қалған бір бет қағазға жазылған Шал ақынның 40 жол өлеңін тауып алдым. Бұны мен 1967 жылы Ғалымның қайын атасы, елдің белді, беделді ақсақалдарының бірі Ерғалидан жазып алған едім».
Келесі сөз ақын Шал Құлекеұлының жерлесі Есләм Зікібаевқа берілді. Ол өзінің өлеңін оқымас бұрын:
«Еліміз алыстау, өзіміз орыстау, - деп бастап, кешегі тоталитарлық режимнің Солтүстік Қазақстан облысына батырған тісінің жарасы бүгінге дейін жазылмай келе жатқанына ерекше токталды. Соның бір айғағы мұрты бұзылмай тұрған жер аттары: Сергеевка, Афанасьевка, Ново-Покровка, Явленко т.б. Міне, империялық саясат өзінің алпауыш күшін, табын елімізге батпандап енгізгені жайлы өлең өрнегімен сипаттап берді. Бұны баспасөзден оқырсыздар».
Хабарламашы Қ. Жарықбаев - Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы:
«Әдебиетті адамтану ғылымы дейміз. Осыдан 250 жыл бұрын Шал ақын қазақ халқының психологиясын ашып берген. Қыздардың, жігіттердің, қатындар мен шалдардың, жақсы мен жаманның, адалдық пен пасықтықтың ішкі-сыртқы әрекет-тұрпаттары арқылы адамның психологиялық болмысын жан-жақты бейнелеген. Бұл сипатқа бірде бір халықтың психологиялық болмысын қатар қоюға болмайды. Бұл білім-ғылым әлі де болсын бағы жанбаған. Себебі республика көлемінде 2-3 қана этнопсихологиядан гылыми атағы бар адам бар. Осыдан халықтық тағлымда психология қырларының зерттелмеуін байқаймыз».
Хабарламашы Ө. Айтбаев - А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі:
«Шал ақын өлеңдеріндегі ұғымдар қатталып-қатталып келеді. Тіл мақамы, бояуы өзінше реңкті танытады, қайталаушылық жоқ. Өзінше дара тұлға. Ақыл мен парасатты, сенім мен арды, ел басқару жүйесін, адамдардың өзара байланысын, өмір сүрудің пәлсапалық қағидаларын тіл өрнегімен дәл, математикалық есеппен жеткізеді. Өлеңдерінде тіл қуаты - қозғаушы күш».
Хабарламашы Ө. Күмісбаев- филология ғылымдарының докторы:
«Шал Қүлекеұлы айтыс жанрына үлкен үлес қосты. Айтыс өрнегіңде бұрынғы мақам, бүгінгі мақам өзара бірлікте жымдасып бірін-бірі толықтыра түседі».
Хабарламашы Нағима Сағындықова - ҚР ҒМ - ҒА қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі академик-хатшысының орынбасары, филология ғылымдарының докторы:
«Поэты Казахстана» деген жинақ 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан. Бұл басылымда орысшаға аударылған ақын-бабаның 14 өлеңі жүр. 9 өлеңін Всеволод Рождественский аударған, ал бесеуін - Владимир Цыбин. Өкінішке орай бұл кітаптағы басылып шыккан орысшаға аударылған өлеңдерден сіздер Шал Құлекеұлының шығармаларын іздеп таба алмайсыздар. Мысал үшін мынандай жолдарды Владимир Цыбиннің аудармасы деп оқиық:
«Наш старик» когда-нибудь
прозовет тебя такое
Никогда любви не будет у тебя, мой
друг, с такою...
О, верблюдица моя белая, забыть нельзя,
Как не оставляя без заботы, без ухода...
Да и мужа туда же потянет она за собой
Даже див побоялся бы встречи с такой албасты...
Ең бір таңқаларлық жағдай аудармада түпнұсқаның жұрнақтары да қалмаған, анда-санда бір, мағынасынан тұспалдап, дәуде болса осы өлеңнің аудармасы шығар деген ой келеді...»
Ең соңында Аютас өңірінен (бүгінде Сергеевка) Уап Латанұлы сөз алып, оңда былай деді: «Құрметті жәмиғат, халықтар мен бірлік жылы біздің бабамыздың тойын ұйымдастырумен дәл тоғысып келді. Бұның өзі ырымға жақсы. Бүкіл Шал ақын ұрпағының жүрек жарды қуанышын әкеліп тұрмыз. Зерттеушілер бабамыздың шығармашылығын кеңестік дәуірде де бастаған, жеріне жеткізе, тиянақты, түбегейлі ғылыми еңбектеріне біздер қатты ризамыз.
Әсіресе, Алланың нұры жауғыр Мұқтар Мағауинге Шал ақынның бірде-бір өлеңін (табиғатын) шашау шығармай, уытты суреттеген жолдарына жауапкершілікпен қарағаны үшін, ел ішіндегі көнекөз қариялардың аузынан қажеттісін екшеп ала алғаны үшін дән ризамыз, рахметімізді айтамыз.
Шал ақын өлеңдерін Қошан ағамыз, Ахметжан Нұртазин, өзінің жамағаттары, ел адамдары жатқа айтып жүрді. Ол кезде халықтық мұраға мұқияттықпен қарау болмады.
Ең өкініштісі - Шал бабамыздың бейіті Есіл өзенінен жасанды теңіз жасау науқанына қатысты теңіздің астында қалды. Мен ол кезде жауапты қызметте болғаныма қарамастан, біраз ынталылық танытып, әрекет жасадым. Бірақ бұл күйкі тірліктен еш нәтиже шықпады, ешкім мені тыңдамады. Осы бір оқыс қылықтарымызға біз кінәлі болмасақ та, Алладан кешірім сұрап, ғибадат етеміз.
Шал ақынның рухы тек өлеңдерімен ғана жоғары емес, ол өзінің әкесі Құлкенің Түркістан кесенесіне мәйітін қою жайлы соңғы өтінішіне де ыктиятпен, ықыласпен қараған асыл азамат. Сонау алмағайым шақта мені сайлау тәртібі, рәсімі біздің кейінгі ұрпақтарымызға өшпес үлгі болмақ.
Мен бүгінгі осындай салихалы, салмақты, халықаралық өреде өтіп жатқан конференцияны ұйымдастырушы інім, академик, Шал ақынның немересі Аманжол Қошанұлына шын алғысымды ел атынан, өзімнің атымнан білдіремін! Осыңдай ұрпағы бар бабамның рухы да Нұрлы әлемде болары сөзсіз».
1.3 д. Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Бүгінгі ғылым парадигма талабымен бағаланады. Тәуелсіздік биігіне ие болған еліміздің басынан өткен бұрынғы тарихының белестері дидактиканың пәлсапалық негіздерін құрды. «Тығырықсыз жайланыс, қысымсыз кеңдік» жоқ демекші, кешегі отарлау саясатының құрбаны болған тұтас халқымыздың бостандық таңына оңай кезікпейтінін кезінде нық пайымдаған данышпан Абай Құнанбайұлының еңбектеріңдегі дидактиканың пәлсапалық негіздеріне тоқталмай кету мүмкін емес. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының 1995 жылы Абай Құнанбайұлының әлемдік мерейтойында жасаған баяндамасын [60] бағамдай отырып, дидактиканың пәлсапалық негізіне ойыспақпыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы күллі қазақстандықтардың атынан ЮНЕСКО ұйымына рахметін айта отырып, Абай Құнанбайұлын әлем жұртшылығына былай таньпты: «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бұл жолғы тойдың төріне сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат Адамзат Ардағы, Адамзат Ақыны, Адамзат Ақылшысы болып көтеріліп отыр. Бұл жолғы салтанаттың Алматы мен Семейден, Қарауыл мен Жидебайдан басталмай, Батыс пен Шығыстың іргелі елдерінен, Еуропа мен Азияның ең беделді мемлекеттерінен, Мәскеу мен Стамбул, Париж бен Пекин сияқты әлеуметтік астаналардан басталғаны да осының айғағы. Бұл - бүкіл планетамыздың мәдени-рухани тынысын жүйелеп отырған аса беделді халықаралық ұйым - ЮНЕСКО-ның біздің жеке өтінішімізді ыстық ықыласпен қабылдап, ... оны дүниежүзілік деңгейде өткізуді өзінің биік құзырына алуға шешім қабылдағанының арқасы» [61]. Бұған Абай Құнанбайұлының тек қазақ ақыны емес, дүниежүзілік деңгейдегі салихалы философ, данышпан ақын екенін тағы бір есімізге аламыз.
Мұнда Абай шығармаларындағы еңбекке қатысты айтылған пәлсапалық топшылаулар мен тұжырымдардың халықтың әлеуметтік ахуалы мен экономикалық, саяси бағытының дамуына тигізер ықыласының молдығына әкелген ой-түйіндер сарапталған. Бұл айтылған парадигманы толық түсіну үшін Ел Президентінің өз үніне үңіліп көрейік:
- ... рухани бедерімізді айқындай түсетін Абайдай беліміз барлығына шүкірлік етеміз;
- ... беліміздің атын аспандата ұлықтай алатын еліміз барына да шүкірлік; ...
- ... ақын табылмай тұрып, ештеңе табылмайды;
- ... ар-намыс (онсыз) шындалмайды;
- онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл;
- ... дағдарыстан шығар жолды тарих пен табиғаттың айрықша лейілі түскен періште ниет, пайғамбар тектес перезенттері ғана сілтеп бере алады;
- Абай да дәл сондай балағат заманда ғаламат тәуекелге бара алған ерекше парасат пен ерекше рух иесі;
- отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасып, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рүхани қайсарлығын атымен жаңа қасиеттермен байытқандығы; ...
- Абай да ақыл айтпас бұрын қилы заманның бар қиқар қысын өз басынан өткеріп көрді. Оның сол кездегі еуропалық саяхатшылардың аузынан «дала Цицероны» деген атақ алған, ІІІонжар әкесі ескі мен жаңаға бірдей жорға болды. Ел жақсылары мен патша әкмішілігіне сөзін бірдей өткізе білді;...
Қалған жиырма жыл ғұмырын тек қана оқып білуге, тек қана шығармашылыққа жұмсады. Ол еңбегі, енді міне, адамзат ақыл-ойының асқаралы тұлғасына айналып отыр;...
- Сырт сипаттау, сырт дәріптеуді қойып, адамның ішкі жанына үңілетін, болмыстың тұңғиық қалтарыстарын ашатын аса мәнді философиялық-әлуметтік лирика туғызды;..
- Халқына қамқор, ұлтына жанашыр болам деп жүріп, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтерілді. Кісі мен кісінің де, халық пен халықтың да арасында бола беретін кикілжіңдердің бәрінен жоғары тұра білді. Ұлықтарды ұнатпағанымен, көрші орыс халқына, басқа да халықтарға зор ілтипатпен қарады. Патшалық билікті мансұқтанғанмен, ұлы орыс мәдениетінен тәлім алды. Аз халықты да, көп халықты да байланыстыратын рухани ықпалдастық деп түсінді. Адамға адам баласының бәрін дос санады. Оны батысқа, шығысқа, алысқа, жақынға бөлмей, біртұтас құбылыс ретінде қарастырды;..
- Абайға айтқызсаңыз: әуелі мал тап - дейді. Әйтпесе «Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?»... Мал тапса, қарын тояды. Оңда сан білім, өнер керек екен ..;
- Өнер - білімді қайдан іздеген жөн?
Абайға айтқызсаңыз: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да- бәрі орыста зор... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі» ...
Ұлық жалбыр тымақты түз адамын кемсіте беруді көздейді. Абай тезірек тең етуге асығады... Сонда бұдан шығатын қорытынды: кемсінгеннен мәдениетін меңгеріп, қомсынғаннан білімінді асырып қана есе қайтарасың;..
- Азияның шет қақпай түкпірінде туып өскен түз ақынына мұндай рухани рационализм, адамгершіл максимализм қайдан бітіп тұр?.. Далиған даланың қай қырынан да көзге ұрып тұрған - мелшиген мешеулік еді. Соны ұғып болмаған аңғал жұрт еді...
- ... біздің түп дәстүріміз - рухани самарқаулық емес, рухани максимализм.
- Жауабын тапты: өзгелер не істеп жатса, соны істеу керек, «басқалармен қатар тұру керек!»
- Тапқан түйіні: Құдайдың (Алланың) өзі де рас, сөзі де рас; ол ешкімге арам бол, қанішер бол, масыл бол деген емес; құлқың түзелмей тұрып, құлқын арам ішкенін қоймайды; адалға жүрмей, адам түзелмей, қоғам түзелмейді, халық түзелу үшін әркім жеке-жеке өзін-өзі түзеуі керек...
Міне, бұл тізбелерден Абай Құнанбайұлының шығармашылығындағы дидактикасының пәлсапалық негізінің құнды бөлімдері әлемдік деңгейде көрінді. Абайдың өзі айтқандай «имани гүл» былай сипаттайды: Тек қайта өрлеу дәуірінен кейінгі батыс еуропалық протестантизм ойшылдары ғана дәулет жиып, мал табуды адамға бостандық әперетін ізгілікті іс деп зерттей бастаған. Күллі шығыста осыған жуық қағиданы тек Канфуцийшілер тілге тиек ете алған. Ендеше «ағайындас болса, ауызға тиеді», - деген қауымдық мінез-құлықпен отырған қазақ даласында өткен ғасырдың өзінде сәулетті адал еңбекпен келетін игілік санап, бай болуды адамгершілік мұрат санатына әспеттеу Абай үшін нағыз жүрек жұтқан батырлық еді.
XXI ғасырдың қарсаңында Абайға «рационалист» деген бағаның берілуі, оның ойлау парасатының өзі бүкіл әлемдік құндылықтарды бағамдаудың қорғанысы екенін түсінгендік. Сөзіміз дәлелді болу үшін «рационализация» деген ұғымның нендей мағынасы бар деген эаңды сауалға сөздік арқылы жауап беріп көрелік:
«Рационализация - қорғаныс механизмі. Сыртқы көзге аса түсініксіз. Мәнділігі - астарлы тереңдігінде. Субьектінің ішкі ойының, сезімнің мәртебесіне үндестігі. Өзін сыйлайтындығының куәсі. «Менінің» үздік мұраттылығы» [62].
Кез-келген шығармашыл субьекті парадигма, яғни жаңа философиялық көзқарасқа ие бола бермейді. Көбінесе дарынды, өнерлі, данышпан адамдар болғанымен, олардың шығармашылық нысаналары өзінен кейінгі ұрпаққа классикалық үлгіде өміршендік келбетпен мәңгілікке қалмайды. Ал мәңгілікке қалатын шығармашыл нысаналар уақыт пен кеңістіктің өзгерістігіне орай құбылып, бірақ өзінің өзегінен, негізгі өрісінен айырылмай, бақилық мәңде қызмет етеді. Талдау мен жинақтау, жалқылау мен жалпылау, жүйелеу, негізгісін басқа негізгі тұжырымдармен салыстыру, феномендігін табу, жиған ойларын біріктіріп, когнитив пен суггестивке салу т.б жекелеген әдістердің қосыңдысының технологиясын, былайша айтқанда, амалын табу сияқты іс-қимыл нәтиже береді. Егер әр шығармашылық нысананы осындай ізденісті -зерттеу елегінен өткізсе, ой-тұжырым дәйекті, дәлелді, құндылығы сырттай мақтаумен емес, нақтылы сапалық көрсеткіштердің жиынтығында қабылдаймыз.
Біздер Абай Құнанбайұлының палсапалық ой-тұжырымдарын дидактика негізінде қарастырып, оның бөліктерін сараптап, байқасақ, көптеген ғалымдардың зерттеулерінен бізге қажетті ұғымдарды табамыз. Өкінішке орай «пәлсапалық ой - дидактиканың негізі» деген айдармен зерттеуді кездестіру, әрине жоқтың қасы. Бірақ, оның бөліктерін жинақтауымызға болады. Алдымен Абай шығармашылығын эпопея жазу мақсатында тереңінен зерделеген, сараптан өткізген М.Әуезовтың ой-тұжырымарына құлақ асып көрелік:
«Отыз жетінші сөзі. Мұны Абайдың афоризмі деп қарауға болар еді. Бұл мәтел-мақал емес. Афоризмінде даулық жақтары бар.. [63].
Тәрбие қауымды түзейтіндігіне Абай сенеді;
Осы қара сөзден зерттеуші бірден қырық бірінші сөзге ойысады. Отыз сегізінші сөз талданбаған. Қара сөздерін зерттеуші сырғыма талдау әдісімен тізбелеген.
Абай өлеңіңде кездесетін мұң мен зар болса, ол бұрынғы зардың сарқыты емес, өз жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың сарыны. Бұл да Абай өлеңдеріндегі жаңа түрдің бірі...
Абайдан басталған сол реализмнің сарыны қазақ әдебиетінде осы күнге шейін жол болып келе жатыр. Рас, бұл жолда кейде бір ағым күшейіп, кейде жалпақ жарысқа ұқсап, бытырандылық күшейіп жүрген мезгілдер бар. Бірақ негізгі сарынға келгенде қазақ өмірінде тез боламын деген әдіске, айласына келгенде, қазақ әдебиеті Абай салған жолдан көп ұзап кете қойған жоқ [64].
Бүгінгі көзқарас пен М.Әуезов айтқан тұжырым екеуі-екі ұдай. Мұқаңның 1927 жылы жарық көрген еңбегінде Абайдың қара сөздеріндегі пәлсапалық ой-түйіндерге арқасын кең салып талдау жасамауының сыры - М.Әуезовтың кеңестік үкіметтің тегеуірінен тасалануы. Олай болса, М.Әуезов тек жұмбақтау әдісімен Абайдың негізгі данышпандық ой-түйіндерін әдеби қисынның әдістерінің көрінісінде сипаттап тұр. Біздер осы бір терең жұмбақтың бетін ашып, оқырман қауымға М.Әуезов айта алмай кеткен рационалды ой-түйіндерін адақтап беруіміздің өзі ұрпақ алдындағы жауапты міндетіміз.
Бұл ойды филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметов өз еңбектерінде терең ашып, талдап, жіліктеп береді. Соның дәлелі ретінде мына бір пікірге көңіл қойсақ: «Әдебиетке жаңа бағытты алып келген Абай шығармаларының өзекті арқауы болған шығармашылық әдісі қалай болды деген аса күрделі теориялық сұрауға М. Әуезов дер кезінде ғылыми дұрыс байлам жасай білді. Отызыншы жылдардың басыңда-ақ Абай шығармаларының қол артқан жемісі сыншыл реализмде жатқанын ғылыми тұрғыда тани отырып:
«Абай өлеңіңдегі беттеген бағыт, құлаққа естілген сарын ненің сарыны екені байқалады... Ғалымның бұл жаңа тылсымына тірек болған нәрсе, әрине Абайдың бүкіл саналы өмірі отаршылардың қазақ еліндегі ел билеу жүйесіне өздерінің таптық мүддесі тұрғысынан ендірген «Жаңа низам» ережесінен территориялық принципке негізделген саясатты үстемдік еткен кезде өтіп, оның әлуметтік зардаптарды ұғына алуында жатты» [65].
М.Мырзахметов М.Әуезовтың 70-жылдардағы Абай шығармашылығына берген бағасына жаңа көзқарас танытқан. Ал бұл көзкарастың өзі де соңғы еместігін Ел Президентінің баяндамасынан байқадық. Аңғарғанымыз: Абай Құнанбайұлы шығармашылығы өзгермейді, ал көзқарастар уақыт пен кеңістік талабына сай құбылып отырады.
Абай шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі деген тұжырымнан зерттеу еңек жоқтың қасы десек те, оның маңына жақындаған ғалымдар баршылық. Соның бірі ретіңде тағы да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М. Мырзахметовтың құнды ой-тұжырымын бағамдап көрейік;
«Абай ойының өзекті желісі - «толық адам». Абай қазақ даласына жүректің культін көтеріп мадақтағанда ол ұғымға өз тарапынан айрықша гуманистік астар беріп, адамзат баласының бойында ұялаған ең асыл қасиеттері: мейрім, рахым, әділет, шариғат, ар-ұят атаулының қайнар көзі, құтты мекені ретінде қарауымен дараланады /255 б/.
Абай 38-сөзінде жәуанмәртлікке байланысты әлуметтік топтарды жіктеуі ақын поэзиясында да белгі берді /256 б/.
Осы әлеуметтік топтардың жәуанмәртлікке тән үш сипаты (ақыл, әділет, рахым) танып білуде белгілі мағына бар... Абай өзінің гуманистік дүниетанымында өзекті орын алған толық адам жайлы басты ойлы өлеңдері мен қарасөздерінде желілі түрде мадақталатын жүректің культі жайлы танымдарымен бірлікте беріп отырған. Осы ойларындағы адамшылық желісінің құяр арнасы 38-сөзде молынан әңгімеленетін жалпы мораль философиясына соғып толық түрде баяндалады десе болғандай» [66].
Абай Құнанбайұлы адам жайлы түсінік қана емес, мұнда тән, тән емес жан, тән, жан, сезім және тән, жан, сезім, мағына жайлы ой толғаған. Дидактика тәрбие мен меңгерудің нақты нысанасы десек, аталған тұжырым - кешегі пайғамбарымыз Мұхаммедтің ғылыми қондырмасы. Олай болса, Абай Құнанбайұлының шығармаларының өзі - адам болмысын дамытарлық жүйе. Бұл жүйе - өлендері мен қара сөздерінің қосындысы. Жүйе тек тұтастай қабылдануға тиісті.
Осындай талап-мүддені ескеріп, Абай шығармашылығын алгоритмдеп, педагогикалық технология қағидасымен тұтастық үрдісте талдады. Оның үлгісі (Е.Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999. Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының Баспа Кабинеті, 48-76 бет) жарық көрген еңбекте берілген.
Берілген алгоритм Абай Құнанбайұлының пәлсапалық танымын айқындайды. Бұл пәлсапалық танымның барар жері не? Ол - ғылым жиюдың әдіс-амалдары. Нысанасы. Міне, бұны біз Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі демекпіз. Дана да ақылман ақынның дидактикасының пәлсапалық негізін 38 қара сөзінен жан-жақты байқаймыз. Ол үшін 38 қара сөзіне талдау жасайық. Кеңестік дәуірде Абайды Аллаға жуықтатудан кез-келген зерттеуші бойын аулақ салды. Осы дағды әлі де болсын белең алуда. Табиғаттың өзін, оның билеуші құдіретін шартты тұрғыда орыс ғалымдары «Бог», «Вселенная Сила» деп алса, біздер «Құдай», «Алла» деп атаймыз. Міне, осы танымды Абайдың 38 қара сөзінен аңғарамыз. Бұл сөздегі басым рөлдегі Құдірет-Алла. Оны автор тайсалмай ашық жазады:
- Жақсы сезім, махаббат, ықылас, адамдық, ақыл, ғылым аспан әлемінен күш-қуат алуға тетік ашады;
- Бала бірден ғылымға-білімге үйір емес, алдаумен үйір қылу керек,... өзі іздегенге дейін, махаббатпен көксерлік;..
- Сонан соң Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, табыс тауып, қызығушылық..;
- Ол үшін баланы қиянатшыл қылма;
- Қиянатшыл болса талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, иманға да қиянат келтіреді;
- Бұл қиянатшылдар - жарым адам, жарым мұсылман;
- Алланың сөзі-хақиқат жолы (Қожа Ахмет Иасауимен үндес); - Хақиқат, растық-қиянаттың дұшпаны;
- Ғылым-Алланың бірсипаты, ал хақиқат оған ғашықтық, өзі де хақлық һәм адамдық дүр;
- Мал, мақтан, ғиззат- хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды, һәм көрініс болады;
- Сен иман келтірмесең де Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін иман келтірсең, иә имандық пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады;
- Пайданы қалайша алуды білмек керек;
- Алланың құлы ретінде өзіңді ұста, өз пиғылыңды соған өз халінше ұқсатуға шарт қыл;
- Ол үшін Алла тағаланың сипаттарын: Хаят (тірі болу), Ғылым, Құдірет (күш), Басар (көру) Сәмиг (есту), Ирада (есту), Кәлам (сөйлеу), Тәкин (болдыру) қабыл ал, меңгер;.
- Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі;
- Біз Алла тағала «бір» дейміз, «бар» демеклік те-ғақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демеклік те Алла тағалаға лайықты келмейді... Ол «бір» деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде.
- Ықтиярсыздық Алла тағалаға лайықты емес;
- Алла тағалада болған құдірет- ғылым һәм рақымет;
- Алла тағаланың сегіз сипатының ішіндегі рахман (жарылқаушы), рахим (мейрімді) ғафур (кешіруші), уадуд (сүюші), хафиз (қорғаушы), сәттар (айыпты жабушы), разақ (қызық беруші);
- Алла адамды хайуаннан гөрі сүйкімді қылып, махаббатпен жаратқан; (гузәл сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып, өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, исін алып ләззаттанғаңдай қылып ауыз үстіне мұрынды қойып ...) [67];
- Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе?
- Табиғаттың адамзат үшін байлығы;
- Алланың пеңделеріне салған жолы: жақсылық-жәрдем, пайғамбардың ізгі сөзі, егер сен Алланы сүйсең, о да сені сүйеді;
- Ынсап, ұят, әділеттен шығады;
- Әділет, шапағаттан босанбаңдар;
- Ғылым, рақым, әділеттің шарты- ыжаһат, талап;
- Жәуапмәрттік (жақсы адам) үш сипаттан тұрады: сиддық (шындық), кәрім (ізгілік), ғадит (даналық);
- Бұның өзі адамның шамасына орай болады;
- Шын ниетімен бәрін реттеп отыруы керек;
- Үш хасләттің иелері алдымен пайғамбарлар, әулиелер, хакимдер, кәміл мұсылмандар;
Пеңделіктің кәмәләті әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа (дін жолы) кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда, малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан казыналарын кім іздейді?
- Ғұмыр өзі-хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, оңда кәмалат жоқ;
- Әулиелердің бәрі тәркі дүние емес еді (безген емес);
- Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз;
- Дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртебеде қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақ бірлән ләззаттанады;
- Әрбір ғалым хаким емес - әрбір хаким-ғалым;
- Адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де дінің хақ мағрифатына (77) жете алмағандар;
- Бұл заманның моллалары хаким атына дұшпан болады, бұлары білімсіздік, бәлки бұзық фиғыл;
- Олардың шәкірттерінің көбі біраз арап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-бүрлі зарарлар хасил қылады. Мақтанменен хауымды адастырып бітіреді;
- Бұлар тіршілік дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады да, харакетке лайығы жоқ болған соң, адам алдауға, адам аулауға салынды;
- Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз... Өнер- өзі де мал, өнерді үйренбек-өзі де ихсан.. бұл замананың ишандарына бек сақ болыңдар. Олар - фитнә (бүліншілік) ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды... Өздері хүкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады... Бұлардың сүйенгені надандар, сөйлегені жалған, дәлелдері тасбиығы менен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ;
- Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма құйыла берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі болса да, я дүниенңен, я ақылыңнан, не малыңнан ғадылат, шапағат секілді біреулерге тигізбек мақсатың болса, ол жол - құдайдың жолы. Ол нихаһаятсыз (шек, шама) жолға аяғыңды ниһаятсыз құдайға тақырып хасил (жақындық табу) болып хас (нағыз) езгу құлдарынан болмақ үміті бар, өзге жолда не үміт бар?;
- Өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. Сыртқа қасиет бітпейді, Алла тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямасыз ықыласыңа қасиет береді;
- Өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі әрбір жаманшылықтан бойын жимактық, бұл адамға нұр болады. Екінші өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшіншісі - қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады һәм өзгеше боламын демектің түбі мақтан;
- Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі надаңдық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі- залымдық.
Надандық - білім, ғылымның жоқтығы.. білімсіздік- хайуаңдық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны;
- Белгілі, Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады...
- Иман... тағат жоқ болса күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі бар деген;
- Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?
- һәм көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін, бұл пәктіктің үстіне Аллаға дұға (намаздың аты салауат, салауат дұға мағаныналарда) айтамын деп әзірленесіз;
- .... Яғни Алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз, ол дұға қазынасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәламәттілік тілеп һәм рақымет тілеп бітірсіз.
Алгоритмге салынған Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзіндегі пәлсапалық пайымдар-дидактиканың негізі. Бұл әр субьектінің филология ілімінен өзіне қажетті құндылықтарды саралап алуына толық мүмкіңдігі барын аңғартады. Бұрынғы түсінігімізде білім беру үрдісі тек ұстаздың үлесі деп қарайтын едік. Бүгінгі нарықтық қоғам талабымен бағамдасақ, білім беру де, оны меңгеру де тұтас жүйесімен кез-келген субьектінің харакеті болып отыр. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тіршілік болмысында тән менен жанын және рухын үнемі дамыта алу үдесінен шығуы үшін көзге көріне бермейтін ишараларды жасауға дағдыланып, ғарышпен байланыс арқылы өзінің кем-кетігі мен қуатын еселеп отыру дағдысы ұштала түсуі көзделеді. Міне, бұл амал- Алланың хақиқат жолы. Аллаға иман келтіру Абай тілімен айтсақ, ішкі ойдың пәктігі, іңкәрлігі, тазалығы. Ол тазалық намаз ишарасымен, яғни зікір салу рәсімімен кемелденіп отырмақ. Аңғарғанымыз, мұсылман дінін дәріптеу емес, осы мұсылман дінінің ішкі мазмұн-құрылымындағы ғылымның заңдылықтарын бернелеуге талпынғандық әрекетті түсінеміз. Міне, біз осы еңбегіміз арқылы Абай Құнанбайұлының 38- қара сөзіндегі Адамның күш-қуатының таусылмас көзі - өзінің мақсат-мүддесіне жету жолындағы сенімнің жүрекке ұялауының мәністерін тізбелеп, сипаттайтын тұстарына технологиялық талдаулар жасадық. Философ ақынның адамзаттың бойындағы ашылуға тиісті тетіктердің кәмалаттық, мағрифаттық, пайғамбарлық дәрежеге дейін даму үрдістерін айқындап беру шеберлігін қызықтап қою деңгейінде қалмай, ол қағидаларды әр адамның өзіне меншіктей алу мүмкіндігі барлығына мойынсынуына ниет етуі көзделеді.
«Алла» деген ұғымды талдаудың қажеті жоқ. Оның барлығын сараптауға Абай тілімен айтсақ, адамзаттың танымы шектеулі. Бірақ, тіршілікті физика заңдылығымен байқасақ, тепе-теңдікте ұстап тұрған бір құдіреттің барлығына ешкім шүбә келтірмесе керек. Міне, осы құдірет әр адамның өз көшірмесі іспетті. Әр адам өзінің іс-қимылын компьютерге жазылып отырғандай сезгенде, адалдықтың жылы лебінен нұр шапағаты төгілері сөзсіз. «Нұр» деген ұғым - әр адамның хайуаннан дараланар сипатының бастауы осы адалдық жолға түсіп, сенімін ұяты мен арына бағындырады. Ойымыздың түйіні Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзімен түйіскенде ғана шындық кемесіне мінеріміз хақ. Тәннің сұранымын кішірейтіп, нәпсіні тыйып, жан мен рухқа ғарыштан қуат жия білгенде, Адам «Адам» деген асыл атаққа лайықты өмір сүрмек.
Абай - діндегі барлық шарттарды сол қалпында ала салып, насихаттау әрекетінен бойын аулақ ұстаған данышпан. Керек десеңіз, оларға сынмен қарап, дүмше молдалардың білімі мен ғылымының саяздығы мен мұсылман дінінің мәртебесіне нұсқан келтіргендігіне мән беруін назарға ұстаған абзал. Сол себепті надан мен толыққанды адамның пішіндерін, қайшылықты синтез ретінде қосақтап, салыстыру амалы арқылы сипаттап отырады.
Жоғарыда сипатталған қорытынды пайымдарымыздың ең негізгісі не? Ол «Жалаң дидактиканың негізгі пәлсапалық ой-тұжырымдарынсыз бірден әдістердің, педагогикалық технологиялардың құрылым-жүйесін меңгердім» деген сенім, бұндай сенім ешбір нәтижеге бағдарлауы мүмкін емес. Иә, адамның бірнеше әдістерді де, амалдарды (технологияларды) да занды тұрғыда меңгеріп, оны шебер білуі ықтимал. Бірақ, құр сыртқы жүйені игеру әрекетімен түпкілікті мақсат-мұратқа түбегейлі, тыңғылықты жету қиын-ақ. Сол себепті оқыту қисынында, әсіресе филология аспектісінде «Кімнің шығармашылығы?», «Онда қандай дидактиканың пәлсапалық негізі бар?» «Тыңдарманға бұл қажет пе?», «Қажет болса, оны ол қалай қабылдар екен?», «Мүмкіндігіне қарай қабылдау әдістерін қалай жеткізсем?» т.б. толып жатқан сауалдарға жауапты сол нысана мен автордың жанрлық сарынына үндестікте сұрыптап алу іскерлігі - бәрінен бірінші мәселе.
1.3 е. Мәшһү-Жүсіп шығармоларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында адамның кемелденуі, толысуы, дамуы мұсылман дінінің ғылыми тұжырым шариғаттарына бағынышты екені анық аңғарылады.
Абай Құнанбайұлының мұраттарын одан әрі дамытып, өзінің алдындағы ғұламалар іліміне қосыларлық жаңалықтар ашқан, данышпандық дәстүрді жалғастырған Мәшһүр-Жүсіп бірнеше жанрлар ауқымында Адам жайлы салихалы ой-тұжырымдар жасайды. Мәшһүр-Жүсіп Абай Құнанбайұлы сияқты ақын ғана емес, ақындықты өзінің данышпандық ой-түйіндерінің құралы ретінде пайдаланған. Сондықтан лиризмдерінде көркемдік қуаты суггестивке реңктерге толы болғанымен, адамның қоғамдағы рөлі мен өзін-өзі үздіксіз дамыта алу тыныс-тіршілігі мен болмыс-бітіміне пәлсапалық сипаттама беріп отырған. Аталған дидактиканың пәлсапалық негізі ретінде адамды екіге бөліп қарастыру қисыны кездеседі. Бірі-ізгілік жолын қуған адам, Екіншісі - нәпсісін тізгіннен шығарып, өзін нәпсіге иектетіп алған адам. Міне, осындай ой-тұжырым төңірегінде шығармаларының тақырыптарын талдап, оған лайықты құрылым-жүйе берген.
Достарыңызбен бөлісу: |