«Эстетика» (грек. Aisthetes – сезінуші, сезім қызметіне қатысты) – көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем шығармашылықтың жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым. Эстетика ұғымы қолданысқа сұлулық, сезім жөніндегі ғылымды белгілеу мақсатымен тұңғыш рет неміс философы 1750 жылы А. Баумгартеннің ұсынысымен енгізілген.
Эстетика өнердің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материалдық және эстетикалық көзқарасын зерттейді. Эстетика көркем шығармашылық эстетикалық бағасын әлеуметтік, саяси бағасымен біріктіре алып қарайтын көркем сынмен тығыз байланысты.
Көркем өнердің адамдардың сезіміне, жан-дүниесіне әсер ету мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып отырған шетелдік мәдениет құралдарының алпауыт иелері оны табыс көзіне айналдырып, құнсыз материалдармен жастар және балаларды санасыздық, ойсыздық селкілдеп бекер уақыт өткізу секілді жат істерге жетелеуде. Келе жатқан процеске қарсы Отанымызда «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өткеннен қалған мәдениет, әдебиет, өнер туындыларын тарихи құндылықтар ретінде жинақтап, сақтау және жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану көзделсе, «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» жастардың рухани-эстетикалық тәрбиесіне көңіл бөлу проблемалары көтерілген. Тұлға мәдениетінің негізгі және қажетті құрамды буыны – оның эстетикалық мәдениетінің болуы.
Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат пен адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалатын эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау және қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Эстетикалық мәдениеттің құрамына: эстетикалық қажеттілік; эстетикалық қызығушылық; эстетикалық талғам; эстетикалық әрекет; кәсіби біліктіліктер кіреді. Сондықтан жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін осы айтылған құрамдас компоненттердің әрқайсысының студенттің бойында болуын міндетті түрде ескеру және оларды қалыптастыру қажет деп есептейміз. Демек, эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты – тұлға бойында эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсінуін, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу болып табылуы тиіс.
Қарым-қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қарым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады.
Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді. Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық қағидалары. Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.
Эстетикалық тәрбие мен эстетикалық мәдениет теориясы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық тәжірибелерде де бейнелеу өнері пәні негізін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өзекті алғы шарттарының бірі ретінде қарастырылып келді. Бұл салада еңбек етіп, үлес қосып жатқандардың арасында өнердің жастар тәрбиесіндегі педагогикалық, психологиялық факторларын ғылыми тәжірибе арқылы зерттеп, құнды тұжырым жасаған педагог-ғалымдар аз болған жоқ.
Эстетикалық тәрбие беруде кескіндеме, музыка, бейнелеу өнерінің алғы шарттарын теориялық тұрғыдан қарастырумен шектеп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие өнермен айналысу, жалпы адамдардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем айғақтар мен құбылыстарды тек қана эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім. Оқушылардың эстетикалық шығармашылық дарындарын дамыту шынайы сөз арқылы, көру-көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің көмегі арқылы ұсына отырып, олардың икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру көзделген жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай эстетикалық тәрбиенің диалектикалық аспектілерін қарастыра отырып, эстетикалық цикл пәндерін оқытудың мақсаты әрекетсіз теория көмегімен ғана мүмкін болмайды деп тұжырымдай аламыз.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай тығыз байланысты, өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Әсемдік – материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ, әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімдік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері т.б. табиғи өлшемдерін эстетикалық түсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сырқтқы әсемдігі оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ізгілік пен жылылықтан алыс әсемдік кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. Өмір мен өнерді әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады.
Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Адамның сұлу тұлға мұратына ұмтылуына қай халық өмірінде болмасын үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, қазақтар киелі әйел құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесімен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.
Ендігі бір тоқтала кететін категориямыздың бірі – эстетикалық мұрат. Эстетикалық мұрат – белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басылымдылық, доминанты. Эстетикалық мұрат дегеніміз адамзат ұрпағының өз дәуіріне сай армандау, шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым түсінігінің жиынтығы. Эстетикалық мұратты идеалды болу, жүзеге асуға тиістілік деп қарастырса да жөн. Өйткені, ол қашан да болашаққа меңзейді, жанжақты жетілген мүлтіксіз сұлулыққа жетелейді.
Эстетикалық сезім шындық өмір құбылыстарын немемсе өнер шығармаларын эстетикалық тұрғыдан қабылдау процесінде болатын көңіл-күй сезімі. Эстетикалық сезім осы қабылдау туғызатын өзіндік ерекшелігі бар күйзеліс болып табылады және әсемдік немесе асқақ, трагедиялық немесе комедиялық сезім ретінде көрінеді.
Өнер шығармалары эстетикалық сезімді көркем образдар арқылы көрсетіп, идеялық ғана емес, сондай-ақ көңіл-күй тәрбиесін берудің пәрменді құралы болып табылады, олар адамдар үшін қуаныш пен шабыт көзі болуға тиіс. Эстетикалық талғам әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары бағаланатын талғамды эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұлулыққа немқұрайлы етеді, ол кейде адамның сұрықсыз не нәрселерден ләззат алуына апарып соғады. Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып білумен сипатталады. Ол дамыған эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.
Эстетика ілімінің атқаратын көптеген қызметтерінің ішіндегі эстетикалық дүниетанымды тәрбиелеу қызметіне тоқталатын болсақ, онда эстетикалық тәрбиенің мәні оның шығармашылыққа тәнті жасампаз тұлға тәрбиелеуінде болып тұр. Эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оның тұлғаға тікелей емес, жанама түрде әсер етуінде. Мысалы, егер адамгершілік тәрбиесінде тікелей тәлімдік басым ғой, ал эстетикалық тәрбиеде тұлға көркемөнер туындыларынан ой түйіп, солардан алған эстетикалық әсер нәтижесінде таза өзінің қалауымен жол таңдайды.
Эстетикалық тәрбие жастардың эстетикалық талғамын, эстетикалық мұратын, эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру нәтижесінде эстетикалық сананы сомдайды. Эстетикалық сананың сомдалуы қоғам үшін болсын, тұлғанын өзі үшін болсын үйлесімді дамыған белсенді тұлғаны қоғамдық өмірге даярлауымен бағалы. Эстетикалық тәрбие алған адам өзінің адамсүйгіштігмен, бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің, мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай білуінің жоғары әсемдік талғамға сай келуімен танылады.
Эстетикалы тәрбиелі жан қалай болса солай жүріп тұрмайды, не болса соны киіп шықпайды, жөнді жосықсыз әрекеттерге бармайды. Эстетикалық тәрбиелі жастар бойына талғампаздық қасиетін дарытады. Мұндағы талғампаздықтың мәні адамның сұлулық пен ұсқынсыздықты, асқақтық пен мешеулікті, шынай әсемдікпен жалған көзбояушылықты ажырата біледі.
Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.
Эстетикалық тәрбие мен эстетикалық мәдениет теориясы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық тәжірибелерде де бейнелеу өнері пәні негізін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өзекті алғы шарттарының бірі ретінде қарастырылып келді. Бұл салада еңбек етіп, үлес қосып жатқандардың арасында өнердің жастар тәрбиесіндегі педагогикалық, психологиялық факторларын ғылыми тәжірибе арқылы зерттеп, құнды тұжырым жасаған педагог-ғалымдар аз болған жоқ.
Эстетикалық тәрбие – адамгершілік тәрбиесі мен еңбек тәрбиесі арқылы ұштастырылған нәтиже. Адамгершілік тәрбиесі адам бойына қажетті ізгі қасиеттерді сіңірумен айналысса, еңбек тәрбиесі сол адамға қажетті іс-әрекеттерге дағдыландырады. Адамзаттың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізі эстетикалық тәрбие беруден бастау алады.
Эстетикалық тәрбие беруде кескіндеме, музыка, бейнелеу өнерінің алғы шарттарын теориялық тұрғыдан қарастырумен шектеп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тәрбие өнермен айналысу, жалпы адамдардың қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркем айғақтар мен құбылыстарды тек қана эстетикалық цикл пәндерін зерттеу процесінде ғана игеру мен сезіну жеткілікті болмайтындығы баршаға мәлім. Оқушылардың эстетикалық шығармашылық дарындарын дамыту шынайы сөз арқылы, көру-көрнекілік және дыбыстық бейнелеудің көмегі арқылы ұсына отырып, олардың икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру көзделген жағдайда ғана мүмкін болады. Тек осылай эстетикалық тәрбиенің диалектикалық аспектілерін қарастыра отырып, эстетикалық цикл пәндерін оқытудың мақсаты әрекетсіз теория көмегімен ғана мүмкін болмайды деп тұжырымдай аламыз.
Тұлға мәдениетінің негізгі және қажетті құрамды буыны – оның эстетикалық мәдениетінің болуы. Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат пен адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалатын эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау және қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады. Жеке тұлғаның мәдениетіұғымының мәнін адамның мәнді күштерінің дамуының жоғары деңгейі мен оларды материалдық және рухани құндылықтарды жасау мен тұтыну бойынша жүзеге асыру тәсілдері» делінген анықтамасын негізге ала отырып, бұл адамның қолынан келетін және игеруге тиісті адамзаттың ғасырлар бойы жасаған ең жақсыларына тәрбие арқылы қол жеткізуінің, оларды бойға сіңірудегі адами жетілуінің дәрежесі деп түсінеміз.
Жеке тұлғаның адами жетілу дәрежесінің қалыптасуы (білімі, іскерлігі, дағдылары) әр түрлі салаларда жүзеге асырылады. Осыған сәйкес оның мәдениеті сөйлеу мәдениеті, құқық мәдениеті, эстетикалық мәдениет және т.б. болып бөлінуі мүмкін. Өйткені жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті оның өмір мен өнер құбылыстарындағы сұлулықты немесе көріксіздікті, асқақты яки төменді, мұңды немесе қуанышты эмоционалдық тұрғыдан қабылдаудағы, ұғыну мен бағалаудағы, қоршаған ортаны «сұлулық заңымен» қайта өзгертудегі қабілеттері мен іскерліктерін көрсетеді. Соның негізінде біздің пайымдауымызша жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетінің негізгі құрамды бөліктеріболып эстетикалық сана, эстетикалық іс-әрекет, эстетикалық тәрбие мен даму деңгейі табылады. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру – оның бойына халықтың объективті эстетикалық құндылықтарын сіңіре отырып, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу үрдісі.