Тақырыптық – күнтізбелік жоспар .Барлығы- 34 сағат. Аптасына – 1 сағат.
Р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
сағат саны
|
күні
|
|
І-тарау. Химиялық формулалар бойынша есептеулер.
|
3
|
|
1-2
|
Газ заңдары
|
2
|
|
3
|
Кристаллогидраттар
|
1
|
|
|
ІІ- тарау. Белгісіз заттың формуласын табуға арналған есептеулер.
|
4
|
|
4-5
|
Белгісіз заттың формуласын табу әдістері.
Жану өнімдері бойынша заттың формуласын табу.
|
2
|
|
6-5
|
Заттың химиялық формуласын электр-бейтараптық принципі бойынша табу
|
2
|
|
|
ІІІ- тарау.Ерітінділердің қонцентрацияларын есептеу
|
6
|
|
6-7
|
Ерітінділер, оның концентрациясы
|
2
|
|
8-9
|
Ерітінділерді сұйылтуға, қоюлатуға арналған есептер
|
2
|
|
10-11
|
Ерігіштік
|
2
|
|
|
IV- тарау. Химиялық реакцияның теңдеулері бойынша есептеулер.
|
5
|
|
12-13
|
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер
|
2
|
|
14-15
|
Химиялық реакцияның жылдамдығы
|
2
|
|
16
|
Металл және ерітінді арасында жүретін орын басу реакциялары бойынша есептеулер
|
1
|
|
|
V- тарау. Химиялық термодинамика мен химиялық кинетика.
|
8
|
|
17-18
|
Химиялық термодинамика мен кинетика
|
2
|
|
19
|
Химиялық тепе-теңдік Ле-Шателье принципі
|
1
|
|
20
|
Электролит ерітінділері
|
1
|
|
21-22
|
Заттардың жеке қасиеттері бойынша күрделенген есептерді шешу жолдары
|
2
|
|
23-24
|
Заттардың жеке қасиеттері бойынша күрделенген есептерді шешу жолдары
|
2
|
|
|
VI-Тотығу- тотықсыздану реакциялары.
|
4
|
|
25-26
|
Электролиз
|
2
|
|
27-28
|
Тотығу-тотықсыздану
|
2
|
|
|
VII-тарау. Эквивалент ұғымының осы күнгі мағынасы.
|
6
|
|
29-30
|
Эквиваленттер заңы
Күрделі заттардың эквиваленті
|
2
|
|
31
|
Изотоптар
|
1
|
|
32-33
|
Сапалық анализге арналған тәжірибелік есептерді шешу
|
2
|
|
34
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
Күні:_Сыныбы:_11_1-сабақ_Газ_заңдары,_газдың_мольдік_көлемі.__Сабақтың_мақсаты.'>Күні:
Сыныбы: 11
1-сабақ Газ заңдары, газдың мольдік көлемі.
Сабақтың мақсаты.
8 сыныпта қарастырылған Авогадро заңын пайдаланып, газдардың зат мөлшерін, көлемін, бір газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығын есептей білуге үйрету.
Әдістемелік нұсқау.
Авогадро заңының анықтамасын еске түсіру.
Бірдей жағдайда (температура мен қысымда) әр түрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны да бірдей болады. Авогадро заңынан екі салдар шығады :
1. Бірдей жағдайда кез-келген газдың 1 моль мөлшері белгілі бір көлем алады.
2. Бірдей жағдайда бір газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы (D) олардың молярлық (салыстырмалы молекулалық) массаларының қатынасына тең болады.
Егер берілген жағдайда газдың 1 литрінің массасы белгілі болса, оның молярлық көлемін есептеп табуға болады. Мысалы, қ.ж. , яғни Т=273,13 К=0°С 101,325 кПА (1 атм) қысымда 1л сутек газының массасы 0,09г ал, оның мольдік массасы М(Н2)=2г/моль. Олай болса, 1моль сутек газының алатын көлемін былай табуға болады. Егер 1л сутек газының массасы 0,09г болса, оның мольдік көлемінің массасы 2г.
Демек
Мольдік көлем ( ) деп газ көлемінің ( ) зат мөлшеріне қатынасын айтады.
Физикада
Егер заттың 1 молін қатыстырсақ
ал әр газ үшін
Авогадро заңы бойынша :
Олай болса, (салыстырмалы тығыздық деп аталады)
Газдардың салыстырмалы тығыздығын сутек газы ауа ауа бойынша есептейді.
Есептер шығару.
1.Массасы 2г сутек газының, зат мөлшері 0,2моль оттек газының және азот газының 1025 молекулаларының (қ.ж.) алатын көлемін анықтау.
Шешуі : а) m (H2)= υ(H2)· M(H2)
υ(H2)= υ(H2) · =1моль · 22,4л/моль=22,4л
б) (О2) = υ(О2) · = 0,2моль· 22,4л/моль=4,48л
в) N(N2)=
2. Қалыпты жағдайда алынған 2,35моль оттек, 0,65моль азот, 1,31моль көміртек (VI) оксиді және 0,69моль күкірт(VI) оксиді газдары қоспасының жалпы көлемі қандай?
Шешуі
Авогадро заңынан шығатын салдар бойынша кез-келген газдың бірдей жағдайда алатын көлемдері де бірдей. Олай болса, алдымен газдар қоспасының жалпы зат мөлшерін табу керек.
Газ қоспасының (қ.ж) алатын көлемі:
3. Қалыпты жағдайда газ қоспасы 2,24л оттек пен 3,36л күкірт (VI) оксидінен тұрады.Қоспаның массасын табу керек.
Шешуі: Алдымен әр газдың зат мөлшерін табамыз.
Зат мөлшері бойынша қоспадағы әр газдың зат мөлшерін табамыз.
Қоспаның жалпы массасы:
m = m(O2) + m(SO2) = 3,2г+9,6г=12,8г
4. Гелийдің (қ.ж) тығыздығы
Гелийдің мольдік массасын табу.
Шешуі: Заттың массасын көлемін, тығыздығын байланыстыратын формуласын газ үшін жазсақ:
Оқушылар үшін.
Қоспадағы газдардың көлемдік үлесі сутек 20%, азот 45%, аргон 35%. Қоспаның сутек бойынша тығыздығын анықтау. Жауабы: 13,5.
Бірдей көлемде сутек пен гелийден тұратын газ қоспасының сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын есепте. Жауабы: 3.
Күні:
Сыныбы:11
2-сабақ. Газ заңдары, газдың мольдік көлемі.
Сабақтың мақсаты.
Достарыңызбен бөлісу: |