Күні:
11-сынып
17-сабақ Химиялық термодинамика мен химиялық кинетика.
Сабақтың мақсаты: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер арқылы химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері әрекеттесетін реагенттердің зат мөлшеріне пропорционал болатынына көз жеткізу.
Әдістемелік нұсқау: Химиялық реакцияның жылу эффектісі температураға, заттардың күйіне байланысты.
Қысым тұрақты болған кездегі химиялық реакцияның жылу эффектісін энтальпия деп атайды ΔН (дельта аш) деп белгілейді. Әр түрлі химиялық реакциялардың жылу эффектілерін салыстыру үшін олардың белгілі бір жағдайдағы (қысым температура) мәндерін есептеу керек. Халықаралық келісім бойынша ондай стандарттық күй үшін температура мен қысымның мына мәндері алынған.
Т=298,15К және 101,325 кПа
Энтальпияның стандарттық күйдегі мәні ΔН0 298 немесе жай ғана ΔН0 деп белгіленеді. Термодинамикалық әдіс бойынша жылу эффектісі реакция теңдеуінен кейін бөлек жазылады. Егер, реакция кезіндегі жылу бөлінетін болса, онда термодинамикалық жүйенің жылу қоры азаяды экзотермиялық реакцияның жылу эффектісі минус (-) таңбасымен жазылады.
ΔН0298 = -184,6 КДж/моль
Егер, термодинамикалық жүйе сыртқы ортадан жылу сіңіретін болса, онда термодинамикалық жүйенің жылу қоры көбейеді.
Экзотермиялық реакцияның жылу эффектісі плюс (+) таңбасымен жазылады.
ΔН0298 = 90,4 КДж/моль
Термохимиялық есептеулер Гесс заңына (1840ж) негізделген химиялық реакцияның жылу эффектісі жүйенің тек бастапқы және соңғы күйіне ғана тәуелді.
Гесс заңы:
Егер белгілі бір зат түзілгенде қанша жылу бөлінсе, онда ол затты ыдырату үшін сонша жылу жұмсау керек. Ал керісінше,
Лавуазье – Лаплас (1780ж)
Егер белгілі бір зат түзілгенде қанша жылу сіңірсе, онда ол зат ыдырағанда сонша жылу бөлінеді.
Егер екі түрлі бастапқы күйден бір күйге әкелетін екі химиялық реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы бастапқы бір күйден екінші күйге ауысқанда байқалатын жылу эффектісіне тең болады.
Химиялық реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің түзілу жылуларының қосындысы мен реагенттердің түзілу жылуларының қосындысының айырмасына тең.
ΔН0 х.р=(∑ΔР0m) өнім – (∑ΔР0m) реагент
Реакцияның әр мүшесінің түзілу энтальпиясының мәні олардың әрқайсының алдындағы стехиометриялық коэффициентке көбейтіліп алынады.
Түзілу жылуы ΔН0m деп белгілі жағдайда жай заттардан берілген заттың 1 моль мөлшері түзілгенде байқалатын жылу эффектісін айтады.
Жай заттардың түзілу энтальпияларының мәндері келісім бойынша нольге (0) тең. Ал көптеген заттар үшін арнайы химиялық анықтамаларда берілген.
Химиялық реакцияның жылу эффекті реагенттердің жану жылуларының қосындысы мен өнімдерінің жану жылуларының қосындысының айырымына тең.
ΔН0 х.р = (∑ΔН0жану) реагент – (∑ΔН0жану/өнім)
Жану жылуы деп берілген заттың 1 молі жоғарғы оксидтерін түзе жанғанда байқалатын жылу эффектін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |