Қимылдық ойын: «Айгөлек-ау, айгөлек».
Мақсаты:Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Қимылдық ойын: «Фигура жасап шық» Ойын барысы: Ойнаушылардың арасынан бастаушы таңдалынып алынады.Ол шеткірек тұрады. Балалардың қалғандары жүгіреді , бір аяғымен екінші аяғын шалыс баса ( ирек жүріспен) алаң бойы секіреді. Тәрбиешінің сигналынан, дабыл қағу немесе «тоқта» деген сөзден кейін барлығын орындарына барып қозғалмай тұрады.Басқарушы барлық «фигураларды» айналып шығып , ең ұнайтынын таңдап алады. Енді басқарушы бала беруші болып саналады да, ал алдыңғы басқарушы қалған балаларға қосылады да , ойын қайталанады.