Балалардың өз бетімен ойынын ұйымдастыру: 1.Жарысу. 2.Төбешікке секіру. №13 Бақылау: Шықты бақылау.
Мақсаты: Күз ерекшеліктерін көрсете түсіндіру, шықтың пайда болу жолы.
Еңбек:Ағаш бұтақтарын жинау.
Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу, бастаған істерін аяғына дейін тыңғылықты жасауға үйрету.
Жеке жұмыс: «Менің Отаным» өлеңін жаттату. Отан –менің ата-анам,
Отан-досым , бауырым.
Отан-өлкем, астанам,
Отан-туған ауылым.
Мақсаты: Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.
Ойын:«Қояндар секіреді».
Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын: «Қаздар мен бақташы».
Ойын барысы: Ойыншылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдап алады.Басқа балалар болады.Ортадан бір сызық созылады.Ол-қаздардың үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.
Бақташы: Қаздар, қаздар!?
Қаздар: га,га,га
Бақташы:тамақ жейсіңдер ме?
Қаздар: иә, иә, иә.
Бақташы: Ендеше ұшыңдар.
Қаздар:жоқ , аш қасқыр бар
Жібермейді ол жолда
Бақташы: тез ұшыңдар қалайда !
Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып бақташыға қарай жүгіреді.
Қасқыр ұстағандарын жинап қояды. Екі рет оянғандарында ауысып басқа балаларға кезек береді.
Еркін ойындар.