Тренинг: « Құс болып ұшайық» №19 Бақылау: Күзгі көріністі бақылау.
Мақсаты: Күз ерекшеліктерін айыра ьілуге ; күннің салқындауы, жаңбырдың жиі жаууы, жапырақтардың сарғаюы, адамдардың жылы киінуі туралы түсінік қалыптастыру.
Еңбек: Ойын алаңы. Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбексүйгіштікке баулу. Өз алаңдарын таза ұстауға үйрету.
Жеке жұмыс: «Күз» өлеңі.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін айтып, тақпақ жаттатқызып, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрінеді шалғайдан,
Бел-белестер сарғайған.
Сары жапырақтар төгілген,
Тоғайды да көрдім мен.
Қимылдық ойын: «Қашпа, доп». Мақсаты:Ойын шартын сақтай отырып, топ болып ойнауға, қимыл-қозғалысын дамытуға , ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.
Қимылдық ойын: «Жүгіріп өтуге үлгер».
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа , батылдыққа тәрбиелеу, тез секіруге үйрету.
Ойын барысы: Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (ұзындығы 3-4м.) ұстап, оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады.Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет.
Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады.Ол әрбір жүргізушіге:
«Жүгір!» деген сигнал береді.Әрі қарай жіптің өтуге тырысулары қажет. Дербес ойындар:
Қуаласпақ
Қояндар секіреді.
Тренинг: «Қолшатыр».
№20 Бақылау: Күз мезгіліндегі адамдардың киім киісін бақылау.
Мақсаты: Адамдардың неліктен күз мезгілінде жылырақ киінетіндігін балаларға айтып түсіндіру.
Еңбек: Біздің ауламыз. Мақсаты: Ауладағы түскен жапырақтарды жинауға балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Жеке жұмыс: «Күзгі киім».
Мақсаты: Күзгі киім атауларын үш тілде үйрету. Қимылдық ойын: « Күн мен түн».
Мақсаты: Балаларды әр түрлі қимыл-қозғалсын дамыту, шапшаңдыққа, ептілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қимылдық ойын: « Ортасына дейін кім бұрын жетеді?».
Мақсаты: Балалардың қимыл- қозғалысын дамыту, шапшаңдыққа , ептілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын барысы: Екі қысқа жұмыр таяқ алынады. Ұзындығы 8 м жіпті екі шынан байлайды.Оның қақ ортасына лентемен байлап белгілейді. Балалар таяқтарды алады да, бір-бірінен алшақтап, екі жаққа қарай жіпті таяққа орап, екі қолдарымен таяқты айналдыра бастайды да , алға қарай жылжиды. Жіпті лентаға дейін кім бұрын ораса , сол жеңген болып есептеледі.
Тренинг:«Бір шаңырақ астында».
Күз мезгілінің картотекасы