№18 Бақылау: Көгершінді бақылау.
Мақсаты: Балаларға көгершінің немен қоректенетіні, қайда мекендейтіні , тұмсығы дене пішіні түсі, қалай дыбыстайтынын үйретіп , оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Еңбек:Ауладағы құстарға жем беру.
Мақсаты: . Табиғатты аялай білуге , құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа!
Мақсаты:Балаларға тақпақ жаттата отырып , есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік туғызу.
Ойын: «Шымшық доп». Мақсаты: Допты қатты тебуге, оны ұстап алуға үйрету.Ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Қимылдық ойын: «Ұстаушы, лентаны ал». Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа , тапқырлыққа , жылдам шешім қабылдауға үйрету.
Ойын барысы: Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады, ұстаушыны таңдап алады.Ұстаушыдан басқасы түсті матаның немесе лентаның қиындысын алады да, оны мойынынан айқара айналдыра байлайды.
Ұстаушы шеңбердің ортасында тұрады.Тәрбиешінің «Жүгір» деген сигналы бойынша балалар бет-бетімен алаңға кетеді.Ұстаушы ойнаушылардың соңынан жүгіріп, біреуінің лентасын суырып алуға тырысады.Лентасынан айрылғандар уақытша бір жаққа шығып тұрады.Тәрбиешінің: «Бір, екі, үш, тездете шеңберге жүгір!» деген сигналы бойынша балалар шеңбер құрып тұрады. Ұстаушышы алынған ленталардың санын есептеп, оны балаларға қайтып береді.Ойывн жаңадан ұстаушы тағайындаудан басталып , қайталанады.