Балалардың өз бетімен ойнауы: 1.Орта доп
2.Әткеншек тебу
3.Қуаласпақ
Тренинг: «Бір шаңырақ астында».
№9 Бақылау: Алтын күзді бақылау.
Мақсаты: Күзгі алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Қимылдық ойын: «Жылғадан қарғып өтеміз», «Қоян мен қасқыр».
Мақсаты:Ептілікке, жылдамдыққа бірлесіп ойнауға үйрету.
Еңбек: «Таза алаң»
Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.
Жеке жұмыс: «Отбасы мүшелері» Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Қимылдық ойын: «Көрші».
Мақсаты:Балалардың ептілікке , сезімталдық,кеңістікті бағдарлай білуге үйрете отырып, батылдық сияқты қабілеттерін одан әрі дамыту.Шапшаң қимылдап, жылдам жүгіруге үйрету.
Ойын барысы:Балалар екі-екіден қол ұстасып , бірінің артына бірі тұрады.Олардың алдынан 3- 8 метр жерден сызық жүргізіледі.Ол сызықтың бойында торуылшы бір бала тұрады.Тәрбиешінің белгісімен ең артында тұрған бала, балалар тобының екі жағымен жүгірген бойы сызықтан өтіп қайтадан қол ұстасуы керек. Егер ұстап алса , қолынан жетектеп әкеліп , топтың алдына келіп тұрады.Ал қалған біреуі торуылшы болып, сызықтың үстінде қалады.
Балалар жүгіріп келе жатқанда торуылшы оларға арқасын беріп , теріс қарап тұрады.Ортасында тұрған қасқыр қуып береді.Қолға түскен балалар ойыннан шығып қалып, келесі ойынға кіреді.Қасқырларды ұсталып қалған балалардың арасынан сайлайды.